Симуля́кр (лат.simulo, «сыңай байқату, сылтаурату») — түпнұсқасы жоқ көшірменің көшірмесі..Басқа сөзбен айтқанда, семиотикалық, нақты өмірдегі маңызы жоқ объектінің белгісі. Бұл термин атақты философ Жан Бодрийяр еңбектерінде кездеседі. Ерте кезде бұл термин тек бейне, сурет деген мағынада болды. Мысалы, фотосурет – нақты ондағы бейнеленген бейненің ғана симулякры, тағы нақты болған оқиғаны өз сөзімен баяндау да – міне осының барлығы симулякрға жатады.
Қазіргі кезде симулякр ұғымын Бодрийярдың айтып кеткені бойынша түсінеді: симулякр – бұл түпнұсқасы жоқ сурет, нақты өмірде жоқ нәрсенің репрезентациясы. Мысалы, симулякр деп бір нәрсенің сандық фотосуреті сияқты көрінетін суретті айтуға болады, бірақ оның бейнелеп тұрған бейнесі мүлдем жоқ және болмағанда.
«Симулякрлар » деп тағы жоғарыда келтірілгендей нақты анықтамаға сүйенбейтін ,одан да ауқымды объектілерді айтуға болады. Мысалы, Бодрийяр симулякр деп 1991 жылы Парсы шығанағындағы соғысты айтқан,. Өйткені, осы соғысты БАҚ арқылы бақылап отырғандар үшін ол жерде не болып жатқанын білу мүмкіндігі болмады, бәлкім ол теледидардағы репортаждардың жай ойдан шығарғаныболды ма? Осыдан шығатыны кез-келген ойдан шығарулар, өтіріктер – симулякр деуге болады. Бірақ бұл дұрыс емес. Тек нақты өмірдің иммитация және симуляция кезінде ғана симулякр шығады.
Жан Бодрийяр симулякрлардың келесідей ретін көрсетіп кетті:
1-ші реті — имитациялар, көшірмелер, боямалар.
2-ші реті — функционалды аналогтар, топтамалар.
3-ші реті — нақтылық(ақша, мода, ДНҚ, модель, қоғамдық қөзқарас).