Жан Бодрийяр симулякрлардың келесідей ретін көрсетіп кетті:
1-ші реті — имитациялар, көшірмелер, боямалар.
2-ші реті — функционалды аналогтар, топтамалар.
3-ші реті — нақтылық(ақша, мода, ДНҚ, модель, қоғамдық қөзқарас).
Әлеуметтік-мәдени динамика
Әлеуметтік-мәдени динамика
П.А. Сорокин әлеуметтанудың ірі тұжырымдамасын жасап, дүние жүзіндегі өзгерістердің болашағын түсіндірді. Оның бұл жөнінде екі тұжырымдамасы болды. Олардың біріншісі, әлеуметтік-мәдени динамика, екіншісі – қоғамның тұтастық (яғни, біріктіруші - И.А.) тұрпаты. Бірінші тұжырымдамасына қандай да бір тарихи өзгеріс болмасын, оны мәдени типтердің дамуы ретінде қарады. Ал, мұндаға әрбір мәдени тип бір бүтін ерекше құбылыс ретінде көрінеді. П. Сорокиннің пікірінше, осындай негігі топтардың үш түрі болады. Олар: сезімдік, ақыл-парасаттылық (рациональный), идеалистік. Біріншісінде нақты дүниені тікелей сезімдер арқылы қабылдау, екіншісінде ақыл – парасатқа, ақылға жеңдіру арқылы, үшіншісінде – интуицияның (яғни, жорам-алдап сезінудің) басым болуы арқылы іске асырылады. Осылай мәдени типтің әрқайсысы дамып отырады және олар қоғамның ілгері дамуының әрбір кезеңіне тән.