Мәдениет ұғымы бастапқыда жерді өндеу тәсілін білдірді. Мәдениеттің осы тар мағынасы Еуропаның қоғамдық санасында XVII—XVIII ғасырларда кең мағынада қолданыла бастады. Бұл өте маңызды болды, өйткені сол тұстан бастап мәдениет еуропалықтардың өзіндік санасының басты ұғымына айналды. Мәдениеттің орнықты түсіндірмесі ағартушылық дәуірге сай келеді. Осы кезде мәдениет табиғатқа қарама-қарсы ұғымда түсіндірілді. Бұл екі түрлі сипатта көрінді: табиғат — жетілдіруден алыс тұрған, бастапқы қалып, ал мәдениет — осы кемелденуге жетудің жолы, құралы немесе, керісінше, табиғат — үйлесімдіктің идеалы, ал мәдениет — қолдан жасалған бір түзілім болғандықтан бұзушылықты, әр түрлі кемістікті, т.б. өзіне жинақтаған. Осымен байланысты Руссо мен Вольтер арасында талас туғаны мәлім. Руссо мәдениет адамды бұзады, адамның жетілуі тек табиғаттан беріледі, ал одан әрі мәдениеттің араласуы жетілуді баяулатады, адамды езеді, бұрмалайды, қатынастарды әлсіретеді, ең бастысы, оларға екі жүзділік енгізеді дейді. Вольтер, керісінше, адамзат тарихының жабайы күйден басталатынын, адамды адам еткен тек мәдениет екенін дәлелдеп бакты. Мәдениетке деген бұл екі көзқарас қоғамның әлеуметтану нұсқасын жасауда белгілі дәрежеде ықпал етті. Руссоның пайымдауынша, бұл тек адам коғамы.
Англияда XIX ғасырда пайда болды. XX ғасырдың алғашқы он жылдығында орыс және шетел нигилисттері мен авангардистері, кейіннен, 60—70 жылдары Батыс ел жастарының көсемдері және бұқара халық мәдениетті қиратуды қуаттайды, олардың түсінігінде мәдениет ескі дәстүрдің тірегі және адамзат болашағы жолындағы басты кедергі болып табылады. Мәдениеттің ішкі құрылымы бар. Себебі ол адамзат қауымдастығынан тыс өмір сүрмейді, сондықтан оны индивидтің жеке мәдениеті және қауымдастық мәдениеті деп бөледі.
Индивидтің жеке мәдениеті — бұл оның өзіндік тәртіп үлгілерінің, кызмет әдістерінің, сол қызмет нәтижелерінің, оның ойлары мен идеяларының жиынтығы. Индивидтің жеке мәдениетінің қауымдастық мәдениеті шеңберінде өзіндік орны болады, бірақ оған біржола сіңіп кетпейді, белгілі бір дербестігін сақтайды, бұл оның жалпы мойындалған үлгілерден ауытқуынан көрінеді. Қауымдастық мәдениеті — шығармашылық туындылардың, қауымдастық мойындап қабылдаған құндылықтар мен тәртіп тәсілдерінің жиынтығы оның мүшелері үшін маңыздылығы артып, олардың тәртібін анықтап, өмір сүрудің ортақ та міндетті ережелерін белгілейді.
Достарыңызбен бөлісу: |