Мәдениет адамның еркіндік, бостандық саласы, өйткені мәдениет адамды өзін қоршаған басқа адамдарға конформистік еліктеу шаблоны мен стереотиптерінен босатады, өз бетінше әрекет етуге кепіл болады, оның тұлғасын егеменді етеді. Мәдениет адамның өз ісінің шебері болуына, кәсіби кызметтің ең биік деңгейіне дейін көтерілуіне мүмкіндік береді. Ол адамның саяси қызметінің бостандығын қамтамасыз етеді — саяси партиялар мен қозғалыстардың көп түрлі бағдарламалары мен платформаларын талдап түсіну қабілетін қалыптастырады.