Шаттық шеңбері.
Балалар бір-бірімздің қолымыздан ұстап, алақан жылуын сезінейік.
Достарды біз қолдаймыз,
Қиын шақта қорғаймыз.
Біздің топтың ұл-қыздары,
Тату-тәтті ойнаймыз.
1. Әңгіме жүргізу.
-Балалар, сендермен біз бүгін жол тәртібі туралы әңгімелесеміз.
Тақтада сендер қандай пішіндерді көріп тұрсыңдар?
Дұрыс айтасыңдар, дөңгелек екен.
Осы пішіндердің түстері бір-біріне ұқсайды ма?
Пішіндердің түстері әртүрлі екен, қане түстерді ажыратайықшы.
-Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп отыр сендер шешесіндер ме№
Жұмбақ
Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақта
Жауабы не екен балалар.
-Ия дұрыс айтасыңдар, жауабы бағдаршам екен
-Балалар бағдаршамды қайдан көрдіңдер?
-Ия бағдаршамды көлік жүретін жолдың шетіннен көреміз
-Бағдаршамның мына көздері не үшін керек деп ойлайсыңдар?
Қызыл көзі жанғанда – тоқтаймыз.
Сары көзі жанғанда – дайындаламыз.
Жасыл көзі жанғанда – жүреміз.
2. Суретпен жұмыс
-Балалар мына суреттерге қарайықшы не көріптұрмыз
-Дұрыс балалар жолдан абайлап өтуміз керек, көліктер өте көп
-Жолдың арғы бетіне өту үшін сақ болу керек. Бұл суретте әкесі мен баласы жолдан өтіп бара жатыр. Жасыл түс жанғанын күтіп тұр.Жолдан өтерде бірінші сол жағыңа, содан соң оң жағыңа қараған жөн
3. Саяхат.
- Балалар қазір біз көшеге саяхатқа шығамыз.
Жол тәртібімен таныстырып кету.
-Қазір қай түс жанып тұр?
-Дұрыс айтасыңдар ол кезде жүрмеуіміз керек.
-Ал енді қай түс жанып тұр?
-Дұрыс айтасыңдар ол кезде дайындалып тұруымыз керек.
-Енді қай түс жанып тұр?
-Дұрыс айтасыңдар ол кезде жүре беруімізге болады.
Осы кезде қызыл көзі жанады. Жолдан Дымбілмес өтпекші болады бірақ көліктер тоқтамайды.
-Сен кімсің жолдан қазір өтуге болмайды.
Дымбілмес: Мен Дымбілмеспін жолдан өтуім керек.
-Тоқта қазір жаыл көзі жанғанда өтесің
-Балалар Дымбілмес қалай жолдан өту керек екенін білмейді екен оған көмектесейік. Көмектсіп жолдан өткізеді.
- Балалар жүріңдер балабақшамызға барайық.
-Балалар сендер бағдаршам туралы тақпақтар білесіңдер ме?
Рамазан:
Қызыл көзі тұр дейді.
Сары көзі дайындал дейді.
Жасыл көзі жүр дейді
Диас:
Үлкен біздің қаламыз,
Есте сақтап аламыз.
Қызыл, жасыл, сары шам
Көшеде тұр бағдаршам
Айсара:
Қалада көлік көп,
Қалада апат көп.
Сақтайтын апаттан,
Тек қана бағдаршам
Ануар:
Бағдаршам біледі,
Бәрінде көреді.
Адам да, көлікте,
Сол шаммен жүреді.
Дымбілмес: Ой қандай күшті тақпақтар білесіңдер, менде жаттап алайыншы
4. Дидактикалық ойын:
«Бағдаршам құрастыру»
Бағдаршамның орысша баламасы – светафор деп айтамыз.
5. Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Біздер жолға шығайық.
Ұзын қысқа жолдарды,
Біліп біздер алайық.
|