Мәдениет және өнер” институты “Көркем қолданбалы өнер және кәсіби білім” кафедрасы 5В01200 «Кәсіптік оқыту»



бет29/96
Дата05.02.2022
өлшемі1,82 Mb.
#12494
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   96
Мыс Cu, - Менделеевтің периодты системасының І тобындағы химиялық элемент; рет номері 29, атом массасы 63,546. Табиғи мыстың екі тұрақты изотапы Cu (69,1%), Cu (30,9%) бар. Мыстың қорытпалары – жез, қола ерте заманның өзінде әр түрлі құрал саймандар жасау үшін қолданылған. Табиғатта ол бос күйінде сирек, негізінен қосылыстар, көбіне күкіртті қосылыстар түрінде кездеседі. Жер қыртысындағы мөлшері 0,003%. Мыс кендерінің маңыздылары: мыс жылтыры, мыс колчеданы, малахит тағы басқалар. Қазақстанда мыс Жезқазған, Қоңырат,Бозшакөл сияқты кен орындарында өндіріледі.
Мыс қызғылт сары түсті, созылғыш, соғылғыш, жұмсақ металл; балқу температурасы 1083°С, қайнау температурасы 2600°С. Жылуды және электр тогын жақсы өткізеді. Хлормен бір валентті мыс хлориді, күкіртпен мыс жылтырын металдармен қорытпалар түзеді.
Мыс сульфидтері мыстың күкіртпен қосылыстар. Табиғатта мыс халькозин минералы түрінде кездеседі, күңгірт күлгін түсті. Табиғатта мыс ковеллин минералы түрінде кездеседі. Көкшіл қара кристалл, тығыздығы 4,68 г/см. Ауада қыздырғанда CuO дейін тотығады. Мыс тұздарының ерітіндісінде күкіртті сутек әсерінен қара тұнба түзіледі, ол суда ерімейді. Халькозин де, ковеллин де 3 валентті темір тұздарында, хлорлы мыстың ерітіндісінде, сілтілік цианидтерде ериді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет