Әдебиет: [1] [2] [3] [4] [5] [6] [7]
3 кредит саны
№ 3 дәріс
Тақырып: Түсті металл материалдары
Дәрістің мазмұны:
Жеңіл металл материалдар
Ауыр металл материалдар
Мақсаты: Түсті металлдарды қолдану аясын анықтау.
Түсті металлдарды механикада пайдалану
Алюминий Аl - Д.И. Менделеевтің периодты системасының III тобындағы химиялық элемент, рет нөметі 13, атом массасы 26,9815. Алюминий атомының сыртқы электрондық қабатында 3 электрон болады. Алюминий деген ат ашудастардың латын тілінде «alumen» деп аталуынан шыққан. Ол күміс түсті ақ металл, жылуды және электр тогын жақсы өткізеді, созуға, жаюға, соғуға икемді, коррозияға берік, қалыпты температурада тұрақты, себебі оның бетін алюминий тотығынан тұратын жұқа қабыршақ қаптайды, ол алюминийді одан әрі тотығудан қорғайды. Алюминий амфотерлік элемент, ол қышқылдармен де, сілтемелермен де әрекеттеседі, сутек бөледі.Ауадағы оттекпен қалыпты температураның өзінде ақ қосылады. Алюминий металдардың ішіндегі практикалық маңызы өте зор металдардың бірі. Ол негізінде жеңіл құймалар өндіру үшін жұмсалады. Алюминий құймалары авио, авто, кеме, темір жол және химиялық аппарттар жасауда тағы басқа көп салаларда қолданылады. Алюминий таза металл түрінде электротехникада ток өткішгіш сымдар, химиялық аппаратура, сондай ақ күнделікті тұрмыста шаруашылыққа қажетті бұйымдарды дайындау үшін, басқа металлдарды ауа коррозиясынан қорғау үшін қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |