Металдық байланыс - жеке металдар атомдарының арасындағы байланыс. Металдар-кристалды заттар, олардың кристалдары оң зарядты иондардан және жеке атомдармен байланысын жоғалтқан, кристалдағы барлық атомдарға ортақ, кристалл бойымен оңай қозғалатын жылжымалы электрондардан тұрады. Металдардың балқу темп-сы,қаттылығы, созылғыштығы металдар, түзуге қатысатын электрон санына байланысты.
Металдың аққыштық шегі - серпімділік шегінен артқан кезде күш шамасының артуынсыз-ақ заттың пластикалық деформациясын тудыратын кернеу. Металдың аққыштық шегі күш әсері тоқтағанда заттың бойында сақталатын белгілі бір қалдық деформация тудыратын кернеумен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |