Металдың микроқұрылымы - металдың микроскоп арқылы көрінетін құрылымы.Микроскоппен металлқұрылымын алғаш рет зерттеген орыс ғалымы П. П. Апосов.
Әдебиет: [1] [2] [3] [4] [5] [6] [7]
Мақсаты: Металлдарды қыздырып өңдеуге үйрену.
Қыздырып өңдеудің негізгі әдістері. Машина бөлшектерінің жұмыс істеу қабілеттілігін арттыру үшін түрлі әдістер қолданылады. Олардың ішінде болаттан жасалған бөлшектерді термикалық және химия-термикалық өңдеу кең тараған. Бұлардың ішінде бөлшектерді механикалық шынықтыру әдістері де бар.
Термикалық өңдеу – материалдың құрылымы мен механикалық қасиетін өзгерту үшін қолданылатын әдіс: керекті температураға дейін қыздыру, сол температурада ұстап тұру, тиісті жылдамдықпен суыту(майда, суда, ауада).
Термикалық және химия-термикалық өңдеу металдың беріктілік қасиетін түзейді. Бірақ оның серпімділік модулін айтарлықтай өзгертпейді, яғни, бөлшектердің қаттылығын арттырмайды. Қыздырып өңдеудің мынандай негізгі түрлері бар:
Қыздыру (отжиг) – қаттылықты төмендетеді, өңдеуді жақсартады, металдың құрылымын жөңдейді; құйғаннан немесе қысым арқылы өңдегеннен кейін қалған ішкі күштенуді азайтады. Ол кезекті қыздырып өңдеу операциясына даярлау үшін де керек.
Әдебиет: [1] [2] [3] [4] [5] [6] [7]