21 кредит саны
№ 17 дәріс
Тақырып: Ағаш материалдары.
Дәрістің мазмұны:
Ағаш жоңқалы тақта
Мақсаты: Ағаштан жасалатын материалдар түрлері .
Ағаш жоңқалы тақта – ұсатылған ағаш жоңқалары мен синтет. Смоланы ыстықтай престеу жолымен алынатын жасанды материал. Өңі бір тектес келеді, көлденеңі 1,8 м. Ұзындығы 3,6 м, қалыңдығы 6-дан 75 мм-ге дейін болады. Ағаш жоңқалы тақта жеңіл (көлемдік салмағы 250-400 кг/м ), ауырлау (400-800 кг/м ) және ауыр (800-1200 кг/м ) болып бөлінеді. Өндірісте көбінесе көлемдік салмағы 650-850 кг/м тақта шығарылады. Ол бір қабатты да, көп қабатты да болып келеді. Бір қабатты ағаш жоңқалы тақта біркелкі жоңқадан жасалады. Көп қабатты ағаш жоңқалы тақтаның сыртқы қабаты арнаулы жұқа жоңқалардан, ішкі қабаттары сұрыпталмаған ірі жоңқалардан тұрады. Тақтаның сыртқы беті өңді болу үшін шпонмен, қағаз пластикамен, полимер пленкакмен т.б. қапталады. Ағаш материалдарына қарағанда Ағаш жоңқалы тақта тиімді, жасалуы оңай және өндірістік шығыны аз, өңдеуге көнімді. Оны жасауға керекті шикізаттар: өңделген ағаш қалдықтары, шаруашылыққа жарамсыз ағаштар, қамыс және түрлі сабандар. Байластырғыш материал ретінде термореактивті смола пайдаланылады. Ағаш жоңқалы тақта мебель өндірісінде, құрылыста, кеме және вагон жасауда, сондай-ақ үйдің ішкі қабырғасын қаптау үшін, еден астына төсейтін акустикалық материал үшін, еден үшін т.б. өндірістік қажеттерге қолданылады.
Әдебиет: [1] [2] [3] [4] [5] [6] [7]
Достарыңызбен бөлісу: |