Мəдениет жəне өнер институты


Ағылшын Б. Ашервуд мынадай 6 түрді ұсынады



Pdf көрінісі
бет45/95
Дата26.12.2022
өлшемі0,81 Mb.
#164551
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   95
Байланысты:
Кітапханалық маркетинг

Ағылшын Б. Ашервуд мынадай 6 түрді ұсынады: 
1. Əлеуметтік – «əрбір адам - кітапхананы пайдаланушы».
2. Беделді – «Жақсы мен жайсаң кітапхананы пайдаланады».
3. көпшілікке бағытталған - «Бүгінде кітапханасыз ешкім бəсекеге түсе 
алмайды» 
4. əзіл қалжыңды - «Демалуың мен сергуің үшін пайдалан». 
5.
эгоистік – маниакалды «Білім күші»
6. зілді – «Кітапханаға келмесеңіз, достарыңыз сізді мазақ қылады!» 
Жарнаманың ерекшелігі - хабарланатын ақпараттың шыншылдығы. 
Жарнамалық сенімдерге көп адам нанады, бірақ іс жүзінде бар екеніне көз 
жеткізген соң, көпшілік кейінгі хабарламаларына сенбестей болады. 
Егер тұтынушының өнімге деген ықыласын тарту жəне тұрақты ұстап 
тұру үшін жарнама ғана емес, оған қоса тұтас стратегия мен болашақтық
жоспары ұсынылатын болса, жарнама ықпалыарта түседі. Осы
мақсатта 
жарнамалық шаралар кестесі жасалады.
Жарнаманы орналастыруда көз солдан оңға қарай тез жылжитынын 
қадағалау керек, сондықтан, көлбеу жəне тіке түскен сызық басқаша 
көрінеді, тіке түскен сызық ұзындау болып оқылады. Көздің бағытталуын 
қолдану тиімді болады.Жарнама кітапхананы «көрнекті» қылады.
Жақсы жасалған кəсіби құрастырылған жарнама көп ретте кітапхана 
тағдырын шешеді.
Жарнама ашық насихаттау тізім ретінде əртүрлі 
құралдарды пайдалана алады: жекелеген басылымдар (жобалар, каталогтар, 
плакаттар, бетшелер), мерзімді басылым (мақалалар, хабарландырулар, 
салмалар, арнаулы қосымшалар), радио, сыртқы жарнама жəне т. б.
Дəріс №12 
Тақырып:
Жарнамалық хабарламаларды көркемдеу əдістері 
Дəріс мақсаты: Кітапханалық көрме - сыртқы жарнама түрін зерделеу 
Дəріс мазмұны: 
Кітапханалық көрме - сыртқы жарнама түрі 
Кітапханалық - ақпараттық қызмет көрсетулерді пайдалану
Кітапханалық көрмені ұйымдастыру
Кітапхананың фирмалық мəнері
Кітапханалық көрме - сыртқы жарнама түрі 
Кітапханалық - ақпараттық қызмет көрсетулерді пайдалану үшін 
адамдар көпшілік жиналатын жерлерге немесе кітапхана мекен - жайына 
орналасады. Кітапханалық көрме - кітапхананың визиттік картотекасы, ол 
кітапханаға келу ықыласын оятуы керек.
Кітапханалық көрмені ұйымдастыру үшін көркемдік талғам мен ой 
болуы кажет. Барлық жаңа басылымдарды орната отырып, көрменің барлық 


алаңын жүз пайыз қолдануға тырыспау қажет, бұл құрылым түзулігін бұзады 
жəне қараушының назарын тұрақтатпайды. Тақырыпты ашу үшін өте көркем 
мұқабалы көкейтесті кітаптарды алу керек. Көрмелер таяздау болса, желім 
арқылы заттарды бос кеңістікке бекітуге болады, бұл арқылы көрме алаңы 
тиімді пайдаланады, сондай - ақ оның оптикалық мүмкіндігі өседі. Көрменің 
ішіндегі реңдерді таңдау жақындық немесе қарама - қайшылық ұстанымымен 
іске асырылады. «Артқы» - көрменің жалғыз көрінбейтін қабырғасын 
арнаулы сызба бойынша безендіру керек, оның ақ болуы міндетті емес. 
Ашық қорда, көрмелерде кітаптарды «көз сүрінетіндей» қылып 
орналастыру керек. 
Кітапхананың фирмалық мəнері - беделді жарнаманың құрамдас бөлігі. 
Кітапхананың беделді жарнамасы секілді көрнекті жоғарғы кейбір шеберлікті 
серіктес туралы пайдаланушыны ақпараттандыруға бағытталады. 
Фирмалық мəнер мынадай негізгі компоненттерден тұрады: 
- тауарлық немесе фирмалық белгі (қызмет көсетулер белгісі); 
- фирмалық ұран немесе сөз тіркесі; 
- баспа өнімдерінің фирмалық полиграфиялық констаттары (мəтіңдер, 
иллюстрация, форматтарды жəне т. б. орналастыру). 
- барлық жарнамалық хабарландыруларды бірдей музыкалық жолмен 
жолдамалау; 
- жарнамалық материалдарды бірдей түспен безендіру. Кітапханалық - 
библиографиялық жəне ақпараттық өнімдерді тану, қызмет көрсету 
мəдениеті, мекен жайдың сыртқы кітапхананың фирмалық мəнері, сүйкімді 
келбеті оның пайдаланушылар ықпалын арттырады. Фирмалық мəнер оқитын 
жəне оқымайтын көпшіліктің ықыласын оятады, кітапхананың сыртқы ортаға 
əсерін жеңілдетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет