Кіріспе.
Пəн бойынша мағлұмат:
Бүгінгі экономика өзінің негізгі үш субьектісінің:
өндірушінің,
тұтынушының жəне өкіметтің өзара іс- қимылымен сипатталады. Қандай
болсын кəсіпорын өзінің серіктестерімен нарықтық
қарым - қатынаста іс-
əрекет етеді. Ал, бұл жағдайда тек заманға сай, бəсекелестік қабілеті жоғары
өнім шығаратын кəсіпорын ғана жетістікке жете алады.
Нарық жағдайында шаруашылық субьектілерінің табысты жұмыс істеуі
үшін осы заманғы ғылыми теория мен практиканың əдіс - амалдарын қолдана
білудің
маңызы зор, сондықтан нарықтық экономика пəндерінің ішінде
маркетинг елеулі орын алады.
«Кітапханалық маркетинг» пəнін қазіргі жоғарғы
оқу орындарында оқып
жүрген болашақ мамандар маркетингтің маңызын,
ерекшеліктерін,
саясаттары мен стратегияларын білгендері жөн.
Курстың мақсаты:
-
маркетингті оқыту, мазмұнын іргелі ету, яғни оның ғылыми негіздеріне
көшу;
-
Маркетингті туыстас пəндермен кірістіруге негізделген мамандықтарға
даярлауды дамыту;
-
Маркетингпен байланысты мамандықтар
бойынша студенттерді оқыту
жүйесіне əдістемелік даярлықты енгізу;
-
Студенттерді маркетинг саласында қазақ тілінде даярлауды жетілдіру;
«Кітапханалық маркетинг» курсының негізгі мақсаты
–
Қазақстан
кітапханаларында кітапханалық маркетингтің қалыптасуымен дамуы туралы
болашақ мамандардың арнайы дайындығын қамтамасыз ету.
Курстың міндеті төмендегі мəселелерді оқып - үйрену болып табылады:
-
Кітапханалық маркетинг түсінігі;
-
Қазақстан кітапханалық маркетингтің қазіргі жағдайдағы мəселелері,
тарихы мен дамуы;
-
Кітапханалардағы маркетинг тұжырымдамасы;
-
Кітапханалардағы маркетинг стратегиясы;
-
Сегментация бұл кітапханалық маркетингтің бірден – бір маңызды
құрамы;
-
Кітапханада маркетингтік қызметті жоспарлау
-
Кітапханадағы ақылы қызметтер;
Достарыңызбен бөлісу: