Мəдениет жəне өнер институты



Pdf көрінісі
бет39/95
Дата26.12.2022
өлшемі0,81 Mb.
#164551
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   95
Байланысты:
Кітапханалық маркетинг

Қолдаушы маркетинг 
– кітапхана ұсыныстары құрылымына сұраныс 
сапасы мен деңгей сəйкестігін сақтау үшін қажет Маркетинг саясаты оңды 
жағдайды сақтауға ықпал етіл, берілген көлемді іске асыруды қамтамасыз 
етеді. 
Белгілі кітапхана-ақпарат қызметіне сұраныс кітапхана ресурстық 
мүмкіндіктерінен бірнеше еселеп артып кетіп, қолданушыларға ыңғайсыз 


жағдай туғызбау үшін (кезекке тұру, төмен сапалы қызмет жəне т.б.) 
демаркетинг қолданылады. Сұранысты төмендету үшін нормадан тыс 
қызметке ақыны көбейту, жарнама науқанын тоқтату. Сонымен қатар, бұл 
сұранысты қанағаттандыру үшін не істеу керектігін ойланып, одан соң 
біртіндеп кері процесс ремаркетингті бастау керек. 
Карсы əрекетті маркетинг 
- бұл өз мəнінде əлеуметтік-этикалық 
маркетингпен үйлеседі, себебі кітапханаға қоғам тұрғысынан қажетсіз 
қызметтер мен өнімдерді азайтады (мысалы, жалаңаш тəнді басылымдар, 
адамзатты жек көру идеясы, ұлтшылдық, күшті пір түту, милитаризм, т.б. 
жолына тосқауыл қою). Кітапханалар басқа ұжымдардың бастамасын қолдап, 
темекі өнімдері, ішімдік, есірткіге қарсы науқандарға бірлесіп маркетинг 
өткізеді. 
Егер кітапхана құрыльшы күрделі ірі мекеме болар болса, онда өзінің 
(ішкі фирмалық) маркетингімен айналыса алады, əрі арнайы «іскер» 
жоспарларды (бизнес жоспарларды) маркетинггің жеке комплекстерін 
өңдейді. Олар кітапхананың жалпы (бірегей) «маркетинг мисс» маркетинггік 
концепциясына кіріп, өткізу, баға қою, нақты өнімдерді жылжыту, жекелеген 
бөлім қызметтерінің ерекшеліктерін мұқият өңдеу мəселесімен айналысады. 
Маркетингтің кейбір ерекше түрлеріне назар аударамыз. Егер 
маркетинг бір ел шеңберінде іске асырылса, оны сөзсіз ұлттық деп, ал егер 
шетінде болса — халықаралық не экспорттық, не импорттық деп атаймыз. 
Біріншісінің болуын көптеген мамандар мойындайды, ал екіншісімен бəрі 
бірауызды емес. Импортты маркетинг өнімді рынокқа өткізудің ерекше 
технологиясымен, сату процесін оңтайластыру жəне т.б. байланысты. 
Біздер импорттық маркетингтен жоғары тиімді сатып алуды 
қамтамасыз ететін зерттеудің ерекше формасын көретіндерге қосыламыз. 
Кітапханаларға бұл түсінік жақын, себебі олар шет елдердегі профильді 
рыноктарды зерттеуге мəжбүр. 
Халықаралық маркетинг синонимі болып табылатын түсініктер: 
мультиұлттық, сыртқы экономикалық, ішкі сауда. Ұлттық, мемлекеттік, əрі 
көптеген облыстық Қазақстанның кітапхана-ақпарат орталықтары сыртқы 
іскерлік байланыстарды белсенді дамытуда, бұл қызмет арқасында 
халықаралық маркетинг принциптерін табысты іске асыруға болады. 
Халықаралықпен тығыз байланыста тікелей инвестициялар маркетингі 
болады. Ал енді глобальды маркетинг мемлекеттік шекаралардың 
«ашықтығы» принципінен шыға отырып қызметтер, жұмыс күші жəне 
материалдық құндылықтардың еркін жүріп-тұруына əсер етеді. Оның іске 
асуының бірінші қадамы біріккен Еуропа жобасының іске асуы болды. 
Қызметтестіктің жалпы еуропалық жоспары кітапхана қызметінің əр түрлі 
формаларын корпорациялау мен үйлестіру. Глобальды маркетингтің 
маңызды аспектісі мен алғышарты сапаның жоғары деңгейлік деңгейіне жету 
үшін бірегей стаңдарттарды қолдану болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет