Беттің жоғарғы оң жағына орналасқан жарнамалық материалдар
төменгі сол жаққа жарнамаға қарағанда тез көзге түседі. Бетті ашқанда оң
жақ бағанда тұрған жарияланым сол жақтағынан тез аңғарылады.
Егер кітапхананың газеттерге жарнамалық хабарлар мен шақырулар
жариялау мүмкіндігі болмаса, оларды үнемі түрақты бір орында беру керек.
Бұл оқырмандардың материалдарды іздестіруіне жəне оны есте сақтауларына
көмектеседі. Мұндай хабарландырулардың жарнамалық маңыздылығын
«Ақпараттық технологиялар», "Мəдениет жəне қоғам" жəне т.б. айдарлар
топтама материалдармен күшейтеді.
Барлық мөселелер мақаланың басында жəне аяғында орналасуы тиіс.
Газетке берілетін сандар мақала үшін жұмыс істеуі керек жəне оқырманға
динамиканы анықтауға, бағыттарды қадағалап отыруға көмектесуі керек.
Егер материалдың мазмұны жүйелі болып жəне белгілі бір көлемді
талап етсе, оңда барлығын бір нөмерде жариялауға болады, онда міндетті
түрде қосалқы тақырыпшалар ендіру керек, ол оқырман ізденісін
жеңілдетеді, уақытгы үнемдейді. Кітапхананың кажеттілік тақырыбы кез-
келген хабарламада болуы керек.
Хабарландыруларды берудің кезеңділігі кажет. Редакциямен белгілі бір
тұрақты бағанды алып тұратын келісім болса, тіпті жақсы.
Жақсы ойластырылған стратегия кітапхананың сүйкімді имиджін
жасақтай алады. Кітапханалық материалдар жергілікті газеттерде баған
немесе подвал түрінде берілуі мүмкін кейде екінші беттің екі бағанына
берілуі ықтимал. Баған - кітапхана мəнерін жарнамалауға көмектеседі, оның
фирмалық белгісі мен логотипін насихаттайды, хабарды одан əрі дамуына
ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: