Мəдениет жəне өнер институты


Дəріс №13  Тақырып : Жарнамалық хабарламаларды көркемдеу əдістері



Pdf көрінісі
бет46/95
Дата26.12.2022
өлшемі0,81 Mb.
#164551
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   95
Байланысты:
Кітапханалық маркетинг

Дəріс №13 
Тақырып : Жарнамалық хабарламаларды көркемдеу əдістері 
Кітапханалық көрме - сыртқы жарнама түрі 
Дəріс мазмұны: 
Кітапхана белгісі 
Фирмалық қаріп жəне кітапхана логотипі 
Бағандағы жарнама 
Кітапхана белгісі 
Ол коммерциялық фирмалардың тауарлық белгілері бойынша 
жасалады. 
Тауарлық белгіні қолдану мақсаты - қызмет көрсетуі мен өнімді 
идентификациялауды женілдетеді, ол өзінше сапа кепілі болып табылады
нарықты жаулау үрдісін қарапайымдандырады жəне фирманың беделін 
нығайтады.
Кітапхана белгісі мына талаптарға жауап беруге тиісті: 
-
Қарапайым болу (есте тез сақталатын жəне шығаруға жеңіл); 
-
Сапаны жоғарлатпай масштабтың өзгертілуі (мекен – жай алдында 
қолданудан кітапхананың визиттік карточкасына дейін);


-
Ағымдық үлгіден тəуелсіз болу;
-
Негізгі қызмет мазмұнын ашу. 
Фирмалық қаріп жəне кітапхана логотипі 
Олар кітапхана көкейтестілігі мен белгісін қолдауға жəне соған сəйкес 
болуы тиіс. Фирмалық қаріппен терілген кітапхана атауы жақсы оқылуы 
керек, əріптер бір - біріне мінгеспей еркін тұруы жəне бос орынсыз жақсы 
оқылуы керек. 
Графикалық түрде жасалған кітапхананың толық немесе қысқартылған 
атауы логотип деп аталады. 
Кітапхана белгісі мен оның логотипі оқылуына байланысты фирмалық 
блок, оларға құжаттардан белгілі орын беріледі. 
Кітапхананың фирмалық блогы оның барлық баспалық - сувенирлік 
жарнамаларында жəне басқа таратылатын құжаттарында болады (оқырман 
билеті, жобалар, хат бланкілерінде жəне т. б.). 
Кітапхана мен оқырман арасыңдағы негізгі байланыстырушы буын - 
оқырман билеті, сондықтан ол айрықша жарнамалық ролге ие. Фирмалық 
мəнердің үш тұрақты элементінің оқырман билетінде эстетикалық орналасуы 
кітапхана бейнесі мен белгілерінің оқырман санасында жатталуына ықпал 
етеді. 
Соңғы жылдарға Қазақстанның алдыңғы қатарлы кітапханалары өз 
қызметінің фирмалық мəнерін қалыптастырумен белсенді айналысып келеді. 
Мысалы 1999 жылы Пушкин атындағы Оңтүстік Қазақстан ОƏҒК өзіндік 
фирмалық блогын жасады. Фирмалық мəнердің тұрақты элементтері іскер 
хаттар, шақырулар, библиографиялық жəне методикалық басылымдардың 
бланкілерінде болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет