Мəдениет жəне өнер институты



Pdf көрінісі
бет49/95
Дата26.12.2022
өлшемі0,81 Mb.
#164551
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   95
Байланысты:
Кітапханалық маркетинг

Проспектілер. Каталогтар 
Проспектілер деген - беті көп брошюралы жақсы безендірілген 
басылым. Оларды ірі əмбебап жəне арнаулы кітапханалар шығарады. 
Мазмұны мен безендірілуі бойынша оның буклеттен айырмашылығы 
шамалы. 
Оның лексикасы көркемдік мəнерден гөрі қасаңдау. 
Проспектілер кітапхана жұмысының жан - жақты көрсетудің айрықша 
мүмкіндігіне ие. Проспектілерде кітапхана құрылуына қатысы бар көрнекті 
мəдениет қайраткерлерінің портреттері, сирек кітаптар бөлімінен ескі 
жəдігерлер, жазушылар қолтаңбасы, кітапхана мекен - жайы беріледі. 
Проспектінің мазмұнын ашарда оның ұзақ мерзімдік пайдалануға 
жасалатыны ескерілуі кажет. Проспект жазылуы жарнамаға жақын, ол 
жоғары сапалы қағазға басылады. 
Жарнамалық каталогтарды өз қорында өнер шығармалары мен бірегей 
кітаптар жинақталған ірі кітапханалар шығарады. 
Жарнамалық каталог шығарылады, оның мұқабасына кітапхана 
логотипі, баспа белгісі, көрме белгісі қойылады. 
Дəріс№15 
Тақырып: Жарнамалық хабарламаларды көркемдеу əдістері 
Кітапханалық көрме - сыртқы жарнама түрі 
Дəріс мазмұны
:
Қабырғалық материалдарды дайындау мен безендіруге қойылатын талаптар 
Кітапхана ісіндегі қабырғалық тұсау кесу рəсімдері 
Кітапхана ісіндегі қабырғалық тұсау кесу рəсімдері
 
Конференция 
материалдарын 
ауызша 
дəстүрлі 
баяндамаға 
альтернатива ретінде қабырғалық көрмеге қою «қабырғалық тұсау кесу 
рəсімі деп аталады». Қабырғалық тұсау кесу рəсімінің мақсаты - кəсіби 
тақырып пікірталас пайдасы үшін ресми бөлікті қысқарту болып табылады. 
Қабырғалық экспозия авторлары қарым - қатынас құралы ретінде 
оларды барынша мол пайдалануға тырысады. Кітапханашылар біртұтас 
элементтерден тұратын қабырғалық көрмелер жасай алады. Бұл тұста, олар 
ақпараттық түпнұсқаларды халықаралық стандарттауға белгілі бір үлес қоса 
алады. Бұл, соңдай -ақ, қабырғалық материалдарды сақтау мен толықтыруда 
кітапханалар жұмысын жеңілдетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет