тұтынушысын бірден табатын. Əрине, бұл ішкі нарықтағы жағдай, ал,
сыртқы саудада отандық өнімдердің əлемнің басқа елдерімен бəсекеге түсе
алуының барлық жақтары қарастырылумен болды. Дегенмен, дамыған
елдермен салыстырғанда Қазақстандағы жарнама өнімдерінің деңгейі төменгі
сатыға жатқызылады.
Сапалы жарнама жасауға екі мəселе себепкер болады. Бірншіден, соңғы
үлгідегі технология жетістіктерімен жабдықталу, екіншіден жоғары дəрежелі
қызметкерлердің болуын қамтамасыз етеді. Əр саланың алға қарай жақсы
көрсеткіштермен, нəтиже табыстармен өзіндік
дамуында жарнаманың сан
түрлі формалары қолданылады. Сол сияқты, жарнаманы керек қылатын
мəдени мекемелердің бірі - кітапхана.
Оқырмандар талабын қанағаттандыратын кітапханалық құқықты іске
асыра беретін ұйымдық - басшылықтың əр мүмкіндігі - маркетинг болып
табылады.
Америкалық
маркетинг
ассоциациясы
(АМА)
арқылы
төмендегідей анықтама қабылдаған: «Маркетинг
жекелеген тұлғалар мен
ұйымдардың
мақсатын
қанағаттандыратын
тауарлар
мен
қызмет
көрсетулерді алмасу идеяларды іске асыру, баға құрылымын, ойға алған
нəрсені іске асыру мен жоспарлау процесі болып табылады».
Кітапханалық маркетингтің мақсаты - кітапханалық қызмет көрсетулер
арқылы оқырмандар тілегін қанағаттандыру үшін қолайлы жағдайлар жасау.
Кітапхана оқырманға басқа жағдайдан гөрі көбірек ұнайтын жағдайды жасап,
қызметтер көрсетуі керек. Маркетингтік мына міндеттері табыстың келуіне
көмектеседі: өздігінен икемділгін арттыру, тұтынушы қажетіне сəйкес өнім
ассортиментін тез өзгерту өндірісіне жаңа технология мен техниканы жедел
ендіру.
Маркетнг құрамының əр бөлігі - жарнама болып табылады. «Жарнама»
-
коммерциялық ақпарат, нарықтар, тауардың өтімділігін
қамтамасыз ететін
маркетинг бөлігі. Тауарлар мен қызмет көрсетулер туралы ақпараттандыру
тетігі ретінде жарнама əр түрлі құралды пайдаланады:
жекелеген
басылымдар (жобалар, каталогтар, бетшелер), мерзімді басылым (мақалалар,
хабарландырулар, салма қосымша театр,
кино, теледидар, радио, жарнама
жəне т.б.) - сөздікте осындай анықтама берілген.
Көптеген кітапханалардың мүмкіндігі шектеулі. Жарнама – көптеген
кітапханалардың табысқа жету кілті. Барлық
мекемелердің артықшылығы
мен кемшілектері бар. Кітапханалардың ең үлкен кемшілігі олардың нашар
икемдігі. Бұл - маркетингтің бір мəселесі болып табылады. Барлық жетекші
фирмалар өз өнімдерін жарнамалауға
айырықша көңіл бөледі. Дұрыс
ұйымдастырылған кəсіби жасалған жарнама көп
ретте кітапхана тағдырын
шешеді. Егер кітапхана өмір сүргісі келсе, ол болып жатқан өзгерістерге оң
қарауы керек.
Табысқа жететін қызмет көрсетулер арқылы ғана кітапхана беделін
нығайтады. Пайдаланушы мен нарықты назарға алу кітапхананың əртүрлі
қызметтерін ақпараттандыруды талап етеді. Ол – қазіргі замандық,
интерьерлермен жабдықтаған бастамаларға ашық мекеме болуы керек.
Жарнамалық материалдарға да (плакаттар, проспектілер жəне т. б.)
уақыт ағымын
аулау аса маңызды. Кітапханаларды ұстау қаржы қорын
бөлетін басшыларға көпшілік кітапханалар қызметінен түсетін əлеуметтік
пайданы түсіндіріп, кітапханаларды ұстауға
жұмсалатын қаржы оның
қызметін пайдаланбаса да ақталатынына көздерін жеткізу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: