Мəдениет жəне өнер институты


Тақырыптарды талдау жəне жазу



Pdf көрінісі
бет55/95
Дата26.12.2022
өлшемі0,81 Mb.
#164551
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   95
Байланысты:
Кітапханалық маркетинг

Тақырыптарды талдау жəне жазу 
Жарнама тақырыбы жалпы кітапханаға ортақ тауар мен қызметтерге 
жəне тұтынушыларға бөлінеді. Тауар мен қызметке бағытталған тақырыптар 
пайдаланушыларға жəне олардың сын-сипаттарына баса назар аудару керек. 
Пайдаланушыларға бағытталған тақырыптар алдымен тауар мен қызметтің
пайдаланушыға пайдалылығын баяндауға тиіс. 
Жарнама құралдарын таңдау 
Қазіргі таңда жарнама құралдарына кеңінен таңдау жасауға мүмкіндік 
бар. Бұл жерде төмендегідей факторларды ескеру қажет: а) құны (шығын); б) 
пайдасыз аудиторияның барлығы; в) қамту ауқымы; г) жиілігі; д) шығарудың 
тұрақтылығы; е) ықпалының деңгейі; ж) толтырылымы жəне көрсерудің 
мерзімі: 
Жарнаманың құнын екі тұрғыдан бағалайды: біріншіден құралдар 
бойынша жалпы шығын, екіншеден бір оқырманға немесе көрерменге 
шыққан шығын. Газетпен салыстырғанда журналдың қолдан қолға өтуі өте 
жоғары екен. Əртүрлі құралдарды қолдану жиілігі де əртүрлі. Газет, радио, 
теледидарда жиілік өте жоғары, себебі бұларда жарнамалық хабарлар күнде 
шығуы мүмкін жəне жарнама стратегиясын оңай өзгертуге болады. 
Шығарудың тұрақтылығы жарнамалық хабарлардың қандай жиілікпен 
көзге түсетінін жəне қай уақытта олардың есте қалатынын сипаттайды. 
Көптеген адамдар сыртқы жарнамаларды, жолдағы хабарландыруды көргіш 
келеді. Ал журналдар болса пайдаланушылар үйінде көп сақталады.
Ақпарат құралдарына жарнаманы шығаруға қажетті кезең ол 
газеттерде өте аз, ал журналдарда көбірек, телефондық анықтамаларда да өте 
көп болады. Кітапхана өзінің жарнамалық науқанын алты ай немесе бұданда 
көп жəне қате басылулардан сақтану керек.
 
Жарнамалық хабарландыруды дайындау
 
Бұл кезең негізінен төрт шешіммен байланысты. Алдымен хабарландырудың 
мазмұны айқындалу керек, екіншіден əрбір хабарландырудың жəне 
бастамасы өте қызғылықты болуы жөн, үшіншіден мазмұны туралы шешім, 
түсі жəне бейнелеу таңдауды қамтиды, ең соңында жұмыс кестесі анықталуы 
керек. Мəтін мен бейнелеуді дайындауға керек уақытты ескеру ауадай қажет 
. Хабарландырудың көрсету бағдарламасындағы немесе басылымдағы орны 
өте маңызды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет