Мəдениет жəне өнер институты



Pdf көрінісі
бет63/95
Дата26.12.2022
өлшемі0,81 Mb.
#164551
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   95
Байланысты:
Кітапханалық маркетинг

 
Дəріс №27
Тақырыбы:
Кітапхананың маркетингтік ортасы 
Дəрістің мазмұны:
Жүйенің мақсатын белгілеу
Жүйенің күрделілігі
Ақпараттық - кітапханалық жүйені ұйымдастыру
Ақпараттық-кітапханалық жүйенің мақсаты


Бір-бірімен тығыз байланыста жəне өзара қатынаста тіршілік ететін 
элементтерден 
(кітапханалық 
бөлімдерден) 
тұратын 
тұтас 
бірлік 
кітапханалық –ақпараттық жүйе деп танылады. 
Кітапханалық – ақпараттық жүйеде материальдық жəне ақпараттық 
басқарудың үрдістер (процестер) жүйе тіршілігі мен кітапханалық-
ақпараттық басқарудың негізі. Сонымен, кітапханалық-ақпараттық жүйесі 
басқару жүйесінсіз тіршілік ете алмайды, ал басқару жүйесі бірімен-бірі 
байланысты екі бөлімнен тұрады: басқарушы ішкі жүйе немесе басқару 
обьектісі, яғни кітапхананың өзі. Кітапханалық – ақпараттық жүйелері 
мақсатты, динамикалы, сатылы жүйелер тобына жатады.
Жүйенің мақсатын белгілеу (тағайындау) кейбір проблемаларды 
тұжырымдауға жəне оларды шешетін амалдар мен жоспарларды белгілеуге 
мүмкіндік туғызады. Жүйеге қойылатын маңызды талаптардың бірі оны сол 
мақсатқа сəйкес етіп ұйымдастыру болады.
Жүйенің күрделілігі деп – ондағы элементтер мен қатынастардың көп 
жақтылығын, осы көп жақтылықты бағалаудың күрделілігін түсіну қажет. 
Күрделі жүйелердің негізгі ерешеліктері элементтер санының, элементтер 
арасындағы 
байланыстардың 
көпшілігінен, 
элементтердің 
өзінің 
күрделілігінен көрінеді.
Кітапханалық жүйелердің экономикалық факторлары бүгінгі таңда 
түбегейлі өзгеруде, ал бұл ұйымдастыру жəне басқару тұрғысынан сəйкес 
өзгерістерді талап етеді. Айтылған өзгерістер кітапханалық жүйелердің 
шаруашылық дербестік алуында. Мұнсыз принципті түрде нарыққа көшу 
мүмкін емес.
Көп жылдар бойы біздің кітапхана ісінде социализмнің негізгі заңы 
уағыздаған қоғамдық мақсаты мен тікелей пайдаланушылар мақсаттарының 
арасында елеулі айырмашылық жоқ деген жалған түсінік арнайы 
қиыстырушы элементтердің керек еместігіне сендіріп келді. Сұранысты, 
талаптарды тұжырымдайтын жоспардың өзі қиыстырушы элемент болады-
мыс жəне оны себепті жоспарды орындау кітапхананың мақсаты делінген еді.
Іс жүзінде кітапхананың тыныс-тіршілігі жиі-жиі өзіндік мақсатқа 
ауытқып отырады. Сол жоспарлар қажеттіліктердің күрделі жəне 
қайшылықты жиынтығын ешуақытта тұжырымды қамти алмағандығына 
жəне осы жоспар орындалған уақытта да қажеттіліктер толығымен 
қанағаттандырылмағандығына бүгін кімнің болса да көзі жетті.
Ақпаратқа қажеттілік болғанда ғана кітапханада ұйымдастырылады. 
Ақпараттық - кітапханалық қызметті екі түрлі мақсатта өндірістік жүйе деп 
қарауға болады. Нақтылы бір сұранысты, қажеттілікті қанағаттандыру жəне 
мүмкіндігінше өзінің потенционалдарын артықша пайдалану ең жоғары 
нəтиже алғанмен тең болады. Яғни кітапхананың мақсаты – ең тəуір нəтиже 
алу. Оның тірегі кітапхананың əр түрлі ресурстары, бұлардың жиынтығы 
оның өндірістік қуатын айқындайды. Əрине сұранысты қанағаттандыру 
нəтижесі қолдағы потенциалдық сипаттамаларына жəне оны пайдалану 
үрдісін орындауға тəуелді. Осы тұста нарық-жүйенің потенциалына сырттан 


талап қоюшы жəне оның тыныс-тіршілігінің нəтижесін оң көзқараспен 
қабылдаушы орта болып табылады. 
Жүйенің ұйымдастырымдылығы оның қалыптасқан потенциалы 
арқасында белгілі уақыт мерзіміндегі даму барысында тікелей тіршілік 
параметрлерімен жəне потенцалдық ең жоғары тиімділік көрсеткіштерімен 
анықталады. Əрине, мұндай ең маңызды параметр деп тыныс-тіршіліктің 
нəтижесін білу қажет, ал нəтиже ретінде, бір жағынан кітапхана шығарған 
тұтыну құнын, екінші жағынан өнімді өткізуден түскен кірісті немесе 
пайданы түсінген жөн. 
Ақпараттық - кітапханалық жүйені ұйымдастыру тыныс-тіршіліктің 
механизміне айналып жəне нақтылы экономикалық мазмұнмен таныса 
отырып, кітапхана қызметіне тура əсер етеді. Бұл жүйенің əлеуметтік жүйе 
екенін де баса айтқан жөн. Өйткені оның ең маңызды элементі-адамдар: 
кітапханашылар, оқырмандар. Олардан жүйеге деген қатынасы, жүйенің 
оларға қатысы-нəтижелі істің өте мəнді факторы. Яғни өзінше дамудың, өзін-
өзі басқарудың, өзін қамтамасыз етудің бостандығы дегеніміз-дербестік.
Ақпараттық-кітапханалық қызмет қуатын құрушы кітапхананың 
ресурстары-адам (еңбек), сондай-ақ негізгі жəне айналымды қорды 
ресурстардан тұрады. Кітапхананың қуатын пайдалану оның қорларының 
айналасын қаржыландару ресурсынсыз іске аспақ емес. Кітапхананың жəне 
басқарушылық ісінің маңызды элементі – ақпараттық ресурстар. Оларға 
термологиялық ресурстардыда қоса айтуға болады. Нарықтық қатынастан 
бөлінгісіз шаруашылық дербестік істі əжептəуір жақсартады. Бір жағынан 
еңбекке ақы төлеудің тиімді əдістері жəне əділеттілік мүмкіндіктерді 
кітапханашылардың еңбек құралдары мен өніміне көзқарасын өзгертеді. 
Басқа жағынан, еңбек нарығының болуы кітапханашылардың өзінің 
кітапханасындағы жəне қоғамдағы орны үшін жауапкершілікке итермелейді. 
Ал кітапхана өз жағынан келгенде, кітапханашылардың тиімді еңбек етуі 
үшін барлық мүмкіндікті жасауға мəжбүр.Өйткені кітапханашылар нарыққа 
сай ақпараттық қызмет көрсетіп жəне бұл əрбір кітапханашының, тұтас 
кітапхананың жақсы хал-ахуалының жалғыз көзі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет