Мəдениет жəне өнер институты



Pdf көрінісі
бет61/95
Дата26.12.2022
өлшемі0,81 Mb.
#164551
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   95
Байланысты:
Кітапханалық маркетинг

 
Дəріс №25
Тақырыбы:
Кітапханадағы фандрейзинг
Дəрістің мазмұны: 
Фандрейзинг кезеңдері 
Нəтижелі фандрейзингтің негізгі дəрежелері. 
Мəлімдемені толтыру тəсілдері 
Қаржыландыру көздерін табу 
Кітапханалық фандрейзингтің мынадай кезеңдерін қарастырсақ 
болады: 
идентификация (теңесу, ұқсастыру), стратегия, іздену, даму, 
ризашылың білдіру.
Идентификация 
- көмек берудің түрлерін, өз бюджет қорын қалай 
толықтыру керек екендігін, кітапханаға кім көмектесе алатынын анықтайды. 
Стратегия - 
кітапхананы жарнама арқылы көмек беруші көпшілікке 
танымал ету. Оның имиджін көркейту үшін көбінесе -кештер, қоғаммен 
байланысындағы істері жайлы жарнамалар жүргізіліп отыруы керек. Бұл 
процесс əдетінше ұзағырақ болады. Жарнама үшін Интернеттен WED-
парақтары ашылу керек. Бұқара лық ақпараттық құралдарымен қарым- 
қатынасты үзбей отыру керек. Өйткені, оған қызмет көрсете отырып 
өздерінің талқыланып жатқан мəселелерімен пікір таласып, сол туралы 
мақаланың жариялауына ықпал етеді. Ол үшін ең алдымен радио, 
телекомпанияларды, мəдениет, əдебиет айдарларында жұмыс істейтін нақты 
журналистерді таңдау керек. 
Іздену - 
тікелей көмек сұрау жəне оны алу. 
Алдымен донордың «қалтасының» жуан - жұқалығын жетік біліп алу керек, 
өйткені бұл- фандрейзингтің ең шешуші факторы. 
Даму - 
донорлар дайындау жəне олармен жұмыс істеу. Мұнда 
донорлармен тікелей жұмыс істейтін кітапханашылардың аса дайындығы 
керек. Осы тақырыпта оларға тренингтер, видеосабақтар көп жүргізіліп 
отыру керек. 
Үлкен қорлармен жұмыс жасау оңайға түспейді. Жасалынып жатқан 
жобаларға көп көлемді қаржы сұрау да оңай емес. Бұл жерде басты рольде 
кітапхана директоры мен бөлім меңгерушілері тұрады. Олар энтузиазм, 
нақтылық, икемділік қасиеттерін жақсы иемденсе тіпті керемет. Кіммен 
қарым - қатынаста болу керек екендігін біліп алғаннан кейін, донорлармен 
жұмыс басталады. Мұнда өтінудің бірнеше түрлерін қолдануға болады: жеке 
кездесу, почта, телефон, Е-mail арқылы хабарласу. Ең бірінші кездесудегі 
басты қателік - бірден ақша сұрау. Донорлар ақша бермейді емес береді, 


бірақ ол кімге, не үшін? Танысып, кітапхана жайлы көбірек айтып, донордың 
жеке өз басындағы қызығушылықтарын ескергеннің өзінде бірнеше 
кездесулер белгілеу керек. Содан соң өтінішіңізді айтып, ақшалай көмек 
беруін сұрасаңыз болады. 
Ризашылық білдіру - 
демеушілік көрсеткен қорға алғыс білдіру. Əр 
адам өзінің істеген еңбегі үшін оған алғысын білдіргенін қалайды, 
фандрейзингті де бұл кезеңсіз өткізсек онда бола-шақтағы жоспарлардың 
өшкені. Барлық демеуші қорлар өздері берген сыйлықтарын, техника немесе 
əдебиеттердің халықтың игілігіне қолданылып жатқандығының нəтижесін 
көргісі келеді. Үлкен қаржы аударған адамдарға, қорларға алғыс - хаттар 
міндетті түрде жазылуы тиіс. 
Мұндай алғыс білдіру, рахметін айту əр мекеме үшін болашақта да 
қажет болады. Бұл біріншіден, қарым-қатынастағы адамдарды жоғалтпай, 
алдағы толғандырып жүрген мəселелерді тағы да шешіп берудің бірден-бір 
амалы. 
Кейбір күрделі сыйлаушыларға алғыс білдіру ауызша сөздермен ғана 
айтылады. Олар көбінесе өздерінің аттарын экслибристен, мемориал 
тақталарынан көргенге еш қарсы болмайды. 
Гарольд Сеймур өзінің көпшілікке арналған, кеңінен тараған "Фандрейзингті 
жоспарлау" атты кітабында сыйлаушының қозғалыста келе жатқан екі түрлі 
дəлелін келтіреді. Г. Сеймурдың пайымдауы бойынша адамзатқа екі түрлі 
алға ұмтылу тəн. Біріншіден, адам өзінің біреу үшін бағалылығын сезу үшін 
"өзін іздегенін қалайды". Екіншіден, қоғамда немесе ұйымда атқарған қыз-
меттерін мақтанышпен айта алатындай, "өзін белгілі бір ұйым үшін пайдалы 
адам ретінде" көргісі келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет