Маркетингтік қызмет бөлімдерінің жалпы
қажеттіктері маркетингтік
зерттеулерді үзбей бақылау мен деректер жинауды қамтитын маркетингтік
ақпараттық тарап арқылы қанағаттандырылады.
Маркетингтік
зерттеулер
зерттелетін
проблемаларды
шешуге
жеткілікті ақпарат береді.
Үзбей бақылау – бұл айналаны қоршаған ортаны ретті талдауға
арналған тəсілдеме. Ол мыналардан тұрады: іскерлік жəне салалық
басылымдарға жазылу,
жаңалықтар бюллетенімен танысу, қызметтерден
жəне пайдаланылушы (оқырмандардан) ретті түрде ақпарат алып тұру, басқа
кітапханалардың əрекеттерімен қимыл-қулықтарын бақылау.
Деректерді сақтау – бұл барлық маңызды деген ішкі кітапханалық
ақпараттың, осы секілді маркетингтік зерттеу жəне үзбей бақылау арқылы
алынған ақпараттардың қорын жию.
Маркетингтік ақпараттың қолда барлығы бəсекелестік күресте үстемдік
алуға,
қаржылық қауіп-қатерді, оқырмандардың көңілін анықтауға, сыртқы
ортаны бақылауға, жарнамаға деген сенімді, тиімділікті арттыруға мүмкіндік
береді.
Маркетингтік зерттеу үрдісі төмендегі кезеңдерден тұрады:
проблемаларды зерттеу мақсаттарын анықтау,
қолдағы ақпаратты талдау
проблемаларды əрі қарай талдап-білудің қажеттілігін бағалау, ақпарат
жинаудың əдістері мен мүмкін деген көздерін жəне қаржылық,
еңбектік
ресурстарды бағалау, ақпарат жинау, нəтижелерді талдау; зерттеу нəтижелері
туралы баяндама дайындау жəне менеджерге (директор) тапсыру.
Зерттеулерді жіктеу түрлері зерттеу мақсаттарына, ақпараттық
көздеріне, зерттеудің объектісіне жəне көлеміне байланысты аталынады.
Зерттеудің мақсаты əдетте кітапхананың менеджері (директор) шешуге
тиіс проблемаларға сəйкес келеді. Бəрінен бұрын зерттеудің түрін
анықтайтын ең басты үш проблемаға назар аударылады. Бұлар менеджердің
көңілі шаруашылық жəне нарық конъюктурасының дамуына түскенде,
конъюктураны зерттеу. Мұның мақсаты – сұранысы бар ақпараттарға қай
уақытта жаңа қаржылар салуды бағалау. Нарықты
зерттеу кітапханасына
қорының көп болғанын, түрлі жəне оны сақтау, белгілі бір рынокта сатуға
болатын жағдайда жүргізіледі. Мұның мақсаты
осы нарықтық маркетингтік
қоршамына қандай факторлар бар жəне олар қалай əсер ететінін анықтау.
Кітапхана ақпараттың белгілі бір көлемін өткізуді, нарықтық үлесін
айқындауда, оны нарыққа енгізуді, сервистік, бағалық жəне
жарнамалық
саясатын жетілдіруді өзіне мақсат етіп қойған жағдайларда маркетинг
үрдісінің элементтері зерттеледі.
Достарыңызбен бөлісу: