а) əр түрлі деңгейдегі басшылардың жеке бас үлгісі;
ө) алдағы жұмыстардың стратегиясы мен тактикасы бірлесіп (коллегиалды)
талқылау;
б) қызметкерлерді əріптестерінің озық төжірибесімен тікелей таныстыру;
в) менеджерлердің (басты атқарушылармең) жеке əнгімесі;
г) еңбек ұжымына қоғамдық пікір лидерлері арқылы тікелей ықпал ету.
Сонымен ішкі маркетинг кез келген кітапханаға қажет, ол маркетингтік
концепцияның өмірде іске асырылуынын алғы-шарты болып табылады.
Рыноктық бəсекелес тұрғысында ішкі маркетинг нақты кітапхана ұжымының
болашақ сəттілік негізі болып табылады.
Ал енді сандық маркетингке келер болсақ, бұл қордың санды болуы əрі
кітапханада «жақын саланы» құруын негіздеу, қойылған мақсаттар мен
оқырмандарға сапалы қызмет көрсетуі кітапхана мекемесі имиджін көтереді.
Егер түсініктерге жүгінер болсақ, саңдық
маркетинг - бұл актуальды
сұраныстарға байланысты ресурстарды ішкі бөлуге негізделген, экстенсивті
мақсаттарды ұстанған басқару концепциясы.
Сапалы маркетинг - өз кезегінде сапа деңгейінің алдыңғы кезендерінен
жоғары тұтынушылар сұранымдарын қанағаттандыратын
интенсивті
(белсеңді) даму мақсаттарына бағдарланған басқару концепциясы.
Маркетинг - бұл кітапхананы пайдаланушы адамның басты назарда
болатындығын білдіреді. Азаматтар кітапхана тек олардың талаптарын
қанағатгаңдыратын жағдайда ғана қызметіне жүгіне алады.
Кітапхана
маркетингі келушілер тұрғысынан өз жұмысын қайта ойластыруды қажет
етеді. Маркетинг кітапхананы қажет жағдайда ішкі технологиялық процестер
мен ұйымдастыру құрылымын ұдайы өзгертуге итермелейді. Кітапхана
маркетингі бұл кітапхананы басқарудың жалпы концепциясы.
Достарыңызбен бөлісу: