басқару жүйесі жəне оның құрылымы мен қызметтері;
жоспарлау,
ұйымдастыру, бақылау, реттеу. Бұл мəселе əлі толығымен анықталмаған,
сондықтан оның ең анық элементтеріне тоқтала кетейік
Маркетинг үрдістерін жəне оны ұйымдастыруды іске асыратын керекті
саладағы мамандар бөлімдер мен қызметтерге маркетингті басқару жүйесін
құрастырудың негізінде алынған принциптерге жəне кітапхананың
ерекшеліктеріне байланысты бөлінеді.
Маркетингті басқаруды функционалды ұйымдастыру мағынасы
мынадай: Маркетингтің жеке элементтерін іске асыратын бөлімдері
(қызметтеді)
мамандар басқарады, ал барлық жұмысты толығынан
басқару
жəне бөлімдердің жұмыстарын үйлестіру кітапхананың маркетинг-
директорына (вице президент дəрежесі) тапсырылады. Маркетингті
басқарудың функционалдық сызық жобасы келтірілген.
Кітапхана
бөлімдері
мен
кітапханашылардың
құрылымдық
бөлімдерінің жұмыс барысында өте берік өзара байланыс орнығады. Олар
ақпараттық, басқарушылық,
технологиялық, еңбек жəне қаржылық сипатта
болады. Жалпылай олар ұйымдастырылған тұтас бірлескен қоғам
технологиялық жəне адамдық бірыңғай жүйеге бағытталады.
„Ұйымдастыру басқару құрылымы тəртіпке келтірілген өзара
байланысты элементтердің (бөлімдердің, қызметкерлердің) бір-бірінен
шыдамды
қатынаста, яғни кітапханалардың жүйеленіп, əрі қарай дамуын
қамтамасыз етеді”.
Басқару құрылымында ақпарат қозғалысы жəне басқару шешімдерін
қабылдау,
қатысушылардың
арасында басқару
функциялары
мен
тапсырмалары бөліну, содан кейін құқығымен жауапкершілігін орындау
процестері жүреді. Осыдан басқару құрылымы бөліну жəне басқару
қызметінің кооперациясының формасы ретінде қаралады.
Басқару құрылымы басқару жүйесінің өзінше тірегі ретінде оны
ұйымдастыру міндеттері зерттеушілер мен басқарушылардың əр уақытта
назарында болды.
Ұйымдастыру теориясының белгілі орыс оқымысты ғалымы Б.З.
Мильнер құрылымның негізгі сапалы мынадай факторларын атап көрсетеді:
1)
адамдар мен олардың жұмысының арасындағы қалыптасатын өзара
нақты байланыс. (бұл ұйымдастыру құрылымы мен міндеті қызметтер
схемасында көрсетеді).
2)
Адам мінезіне əсер ететін басқару саясаты
3)
əр түрлі (төмен, орташа, жоғары) басқару деңгейіндегі
қызметкерлердің өкілеті мен функциялары.
Басқарудың ұйымдастыру құрылмы төмендегідей қасиеттерін сипаттайды:
а) басқару қызметтерінің нақты технологиясын, бөлім үрдістері
мен еңбек
кооперациясын бейнелейді;
б) басқару функцияларын тығыз байланысты;
в) əр түрлі бағыттағы еңбек бөліністерінің жүзеге асыралады.
Бұл процесте бөліну жəне даму қасиеттері орнықты болса, ол сапалы
болады. Басқару құрылымдарының мазмұны жан-жақты болса, ол оның
қалыптасу міндерінің көп бағытта анықталады.
Ұйымдастыру құрылымы кітапхананың
міндеттері мен мақсаттарын
көрсетеді. Басқару құрылымы əлеуметтік мəдени ортаға сəйкес келуі керек.
Сондықтан кітапхананың кейбір мысалы, облыстық, жоғары оқу
орындарының, орталықтандырылған кітапханалық жүйелерінің типтік
құрылымдарын жасау кітапхана қызметтерінің əр түрлі
шарттарының
маңызы зор.
Кітапхананы басқару құрылымы XX ғасырдың басында басқару
міндеттеріне байланысты құрылды. Осыдан кейін бөлімдер мен
секторлардың, қызметкерлердің, бөлімшелердің қызметтерін қатал түрде
бақылауына басты назар аударылады.
Достарыңызбен бөлісу: