«Мәдениет және өнер» институтының директоры м а



бет1/4
Дата28.06.2017
өлшемі1,52 Mb.
#20238
  1   2   3   4




М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

«Бекітемін»

«Мәдениет және өнер»

институтының директоры м.а.

_____Нагимова М.

«__»__________ 2011 ж.

«Көркем қолданбалы өнер және кәсіптік білім» кафедрасы




Дизайн


мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын

студенттерге арналған


«Дизайн негіздері»

ПӘНІНІҢ - ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Курс – 1

Семестр – 2

Кредит саны – 2

Дәріс – 15 сағат

Студиялық сабақ – 15 сағат

Оқытушының жетекшілігімен

студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) – 30 сағат

СӨЖ – 30 сағат

Барлығы – 90 сағат



Орал - 2011
Пәннің оқу әдістемелік кешені жоғары оқу орындарының пәндеріне сай және Қазақстан Республикасы білім беру мемлекеттік стандартына - Алматы, 2002 - типтік бағдарлама /4.08.03. Бұйрық №528/ негізінде жасалынды, яғни ГОСО РК 3.001-2000.
Құрастырған: «Көркем қолданбалы өнер және кәсіби білім» кафедрасының оқытушысы Б.А.Молдашева.

«Көркем қолданбалы өнер және кәсіби білім» кафедрасының отырысында қарастырылды.

«____» __________________2011ж. №___ хаттама
Кафедра меңгерушісі ________________ А.Г.Сейтимов.

Инстутттың оқу-әдістемелік

кеңесінің төрағасы ___________________ И.Ө.Өтегенов

1. Қазақстан Республикасы білім беру мемлекеттік стандартына - Алматы, 2002 - типтік бағдарлама /4.08.03. Бұйрық №528/ негізінде жасалынды, яғни ГОСО РК 3.001-2000.



2. ПӘН БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ – SYLLABUS

Оқытушы туралы мәлімет

Молдашева Бақытгүл Әбділқайырқызы

М.Өтемісов атындағы БҚМУ оқытушысы



Офис: «Көркем қолданбалы өнер және кәсіптік білім беру» кафедрасы

Толық мекен жайы: Орал қаласы, Студенттер көшесі, 2

Жұмыс телефоны: 505346
Пән туралы мәлімет

Дизайн негіздері.

Семестр 15 оқу аптадан және 2 апта сессиядан тұрады.

Бір аптада 2 кредит сағат, әр кредит-сағат бір байланыс сағаттан (дәріс немесе практика) және екі сағат оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ), студенттің өзіндік жұмысынан (СӨЖ) тұрады.



Кредиттің аптаға бөліну кестесі :


Сабақтар

Өткізу уақыты

Сабақтар

Өткізу уақыты

Байланыс сағаты 1

(дәріс 1)



50 мин.


ОЖСӨЖ, СӨЖ

50 мин.

Байланыс сағаты 2

(студиялық жұмыс 2)



50 мин.

ОЖСӨЖ, СӨЖ

50 мин.

Кредит саны – 2

Өту орны: № 7 оқу ғимараты, сабақ кестесі бойынша




Курс

Семестр

Кредит саны

Дәрістер

Студиялық сабақ

ОЖСӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау

түрі


2

4

2

15

15

30

30

90

Емтихан

Оқу жоспарынан көшірме :
Кіріспе

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Дизайн негізі курсының студенттерге алдына қойған мақсатты көру арқылы зерттеп дамыту және қойылған құрылымды жан – жақты ізденіп зерттеу, сурет пен графика негіздерін болашақта игеру, сонымен қатар кәсіби деңгейіне қалыптастырып кәсіби – педагогикалық жолмен болашақ суретші педагогты даярлау.

Болашақ дизайнер өнерінің негізінің жобалау графика жолымен қалыптастыруда, берілген көріністің дизайынын көлемді – кеңістікті түрде құрастыру, композицияның тұтастығын ұстай отыра көркем – мәнерлі орындау. Болашақ педагогикалық жолда, студенттердің ой өрісін қалыптастырып дамытуда, қоршаған орта мен кеңістікті біртұтас ойластыру, сәулет өнерінің әдістерімен танысу және осының бәрін жинақтап графикалық дизайн тұрғысында практикалық жұмыс орындау.

Дизайн маманы бірнеше мамандықтарды кәсіби деңгейде оқу процесі барысында қалыптастыра алады. Ол жергілікті жердің, ұлттық дәстүрін ескере отыра көркем безендірілген дизайнынына құру, дизайнерлік ойдың өркендеу тарихын жақсы білу, үйдің ішкі – сыртқы құрылымын жақсы меңгеріп игеру қажет.



Курстың мақсаты:

Пәннің негізгі мақсаты - әсемдік көркем композициясының ерекшелігін ашып көрсету, жалпы және керекті композициялық сауаттылықпен қамтамасыз ету.

Дизайнер жобаны практика жүзінде жасап білу қажет және макетті жасап үйрену, жобаның эскизін басынан аяғына дейін бірнеше көріністе жасап көрсете білу, жаңа әдістерді, жаңа материал түрлерін білу оны дұрыс қолдану қажет. «Дизайн негізі» пәнінің мазмұны осы жайлы мағлұмат береді.

Курстың міндеттері:

- Студенттерді біліммен қаруландыру:

- графикалық жобаны үйренуді қалыптастыру;

- жоба ісінің негізгі әдістерін игеру;

- дизайнерлік жобаның ерекшелігімен танысу;

- сәулет өнерінің композициялық ережелерімен және негізгі заңдылық принциптерін меңгеру;

- Студенттерді бейнелеудің әдіс – тәсілдерімен қаруландыру:

- көріністің кеңістікте композициялық біртұтастығын құрастыруды пратикада дамыту;

- дизайнерлік кәсіби тұрғындағы графикалық материалдың техникалық әдістерін игеру;

- түстік, реңдік ерекшеліктерді байланыстыруда, көлемнің рең арқылы көрінісін сызық немесе даққа

дейін жеткізіп көрсету;

- түстерді қолдана отыра сәнді қолданбалы арнайы композициялық әдістерді игеру;

- жобаның макетін жасауды игеру.

Пререквизиттер: осы пәнді игеруде мына пәндерді білу қажет: «Композиция», «Сурет», «Кескіндеме».

Постреквизиттер: дипломдық жұмысты жақсы орындап шығу үшін «Дизайн негізі» пәнін игеру қажет.

Оқыту әдістемесі:

Оқыту негізінде архитектура композициясымен, графика, макет жасау мен жобалау негіздерін игереді. Композициялық құрылымға көніп бөле отыра графикалық тұрғыда шешу. Сонымен қатар студенттер қоршаған ортамен байланыстыра отыра құрылыстың көрінісін көрсетуді үйренеді.

Студенттердің алған білімдері үй тапсырмасын тексерумен, дәрісханалардағы көрмелер, жекелеген семестрлік тапсырмалармен бақылауға алынады.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет