Мәдениет туралы түсініктің тарихи дамуы



бет2/4
Дата16.06.2020
өлшемі18,5 Kb.
#73563
1   2   3   4
Байланысты:
Мәдениет

Ежелгі Шығыс мәдениеті:

Байырғы Шығыс, адамзатты алғашқы қауым мифтерінен тербеп шығарған, ұлы мәдениеттің отаны болғанды. Алайда, Шығыс алғашқы қауымдастықты артқа тастағанымен адамның дүниеге қатынасының мифтік тәсілінен құтыла алмады. Өйткені табиғаттың дүлей күші түгіл, адамдардың ырқынан жоғары тұрған қатал әкімшілдікке негізделген мемлекетке де бас иіп, құдайдай көрді. Мәңгілік табиғаттың көне құдайлары, енді мемлекеттің алғашқы құрылысшылары мен қамқоршылары кейпінде алға шықты, оларды құдай орнатқан жоғарғы тәртіптіліктің жалғасы деп есептеді. Көне шығыстың бұл ерекшелігі көбінесе адамдардың ұжымдық жолмен біріге отырып тірі қалуы, сол дәуірдегі қолайсыз географиялық жағдайдағы бірден бір жол еді. Аман қалудың алғы шарты қатаң, өміршіл мемлекеттің болуыын қажет етсе, ол байырғы адамдардың мәдениеті мен дүние түйсігі арқылы дәлелденіп отырылды. Ежелгі Египет адамзат тарихындағы алғашқы мемлекет және дүниені басып алуға алғаш әрекет жасаған империя. Ежелгі Қосөзеннің тарихы сияқты ертедегі Египеттің тарихы да бір жүйеге келтіріліп, терең зерттеле басталғаны ХІХ ғасыр болды. «Өлімге деген наразылық» сенімінің негізінде Ежелгі Египет патшалық фараондары орасан үлкен тас мазарлар салдырушылар бетінде өз аттарын қалдырды. Себебі адам денесі барынша мықты мазар ішінде сақталуы қажет. Бұлар төрт мыңнан аса жыл өтсе де әлі күнге өзгермеген күйінде дерлік сақталып тұр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет