Мәдениет туралы түсініктің тарихи дамуы


Орта ғасырлық Европа мәдениеті



бет3/4
Дата16.06.2020
өлшемі18,5 Kb.
#73563
1   2   3   4
Байланысты:
Мәдениет

Орта ғасырлық Европа мәдениеті:

Европа қоғамының бүкіл мәдени өмірінің негізі христиандықпен, атап айтсақ католик шіркеуімен анықталды. Христиан ілім-сенімінң негізі Христостың тіріліп келуі, Қасиетті үштікке сену болды. Қасиетті үштік ұғымы құдай барлық үш тұлғасы бойынша біртұтас деп түсіндірді, яғни Әке-құдай, дүниені жаратушы, Бала-құдай, күнәдан арылтушы және Қасиетті Рух, олар шексіз бірге және мәңгілік. Христиан ілімі, адам табиғатынан әлсіз-күнәһәр болып табылады және шіркеудің көмегінсіз өзін құтқара алмайды, деп үйреткен. Батыс және Шығыс шіркеулерінің арасында бұрыннан да болған қарама-қайшылықтар уақыт өте тереңдей берді. Мысалы, ІХ ғ. ортасында Қасиетті Рух тек Әке-құдайдан (Шығыс шіркеуі) немесе Әке және Бала-құдайдан (Батыс шіркеуі) шыққан деген дау болған. 1054 жылы Батыс және Шығыс шіркеулері бір-бірінен толық тәуелсіздігін ашық түрде жариялады. Осыдан кейін екі шіркеу Әлемдік шіркеу рөліне таласты.

Ерте орта ғғ. еретиктік (грек тілінен аударғанда – ерекше ілім, сенім) қозғалыстар пайда болды. Мысалы несториандар Иисус Христостың құдайлық негізін мойындамады. Несториандар Иисус Христос пен Дева Мария адам болған және ешқашан да қайта тіріліп, аспанға ұшпаған деп айтқан. Монофизиттер, керісінше, Иисус тек қана құдай болған, ол ешқашанда адам болмаған деп түсіндірген, яғни Исаның бойында адам табиғатының болғандығынан бас тартқан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет