Ұлы Қазан төңкерісіне дейін қазақ елі патшалық Ресейдің артта қалған отары болып келді. Ол кезде қазақ арасында сауатты адамдар бірен-саран ғана табылатын еді. Театр, клуб деген болмады, қазақ тілінде кітап та шықпады, яғни бұдан халқымыздың мәдениеті мен өнерінің емін еркін өмір сүріп дамуына тосқауыл жасалынды.
Кеңес үкіметінің орнауы, қазақ халқының көзін ашып, бірқатар маңызды істер атқарылды. Атап айтсақ қысқа мерзім ішінде сауатсыздық жойылды, білім беру жүйесінің негізі қаланды, мәдени ағарту мекемелері мен бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысы іске қосылды. Алайда Кеңес үкіметінің біржақты саясаты одақтас Республика халқының дәстүрлі мәдениетін, тілі мен өнерін дамытуды жоспарламады. Әсіресе қазақ халқының ана тілі мен діні, салты ауыр жапа шекті. Халықтың кәсіби мәдениеті мен дәстүрлі өнері дамымай, ұмытыла бастады.