Еуропада Жаңа заман (Ж.з.) уақыты (XVII-XIX ғ.ғ.) мәдениеттің дамуындағы маңызды тарихи кезең болып саналады. Ж.з. – өнеркәсіптік өркениеттің қарыштап алға басып, қоғамның барлық салаларында түбегейлі өзгерістердің белең алған кезеңі. XVII ғ. – Рационализмнің туып, қалыптасу кезеңі болса, XVIII ғ. – Ағартушылық ғасыры, ал XIX ғ. – Классика ғасыры болды.
Жаңа Еуропалық мәдениет жаңа буржуазиялық қарым-қатынастардың негізінде пайда болды. Осы кезде капитализм мен буржуазиялық мәдениеттің туындап, қалыптасуы – дүниежүзілік жаңа тарихи кезеңнің беташары болды. Осы тарихи кезеңде жаңа ұлттық қарым-қатынастар қалыптасып,