Орындаған: Сапарова Қамар Тобы: пмно 19-2



Дата16.04.2020
өлшемі20,76 Kb.
#62715
Байланысты:
эссе қазіргі әлемдік үдерістер аясындағы қазақ мәдениеті

Орындаған: Сапарова Қамар

Тобы: ПМНО 19-2

Қабылдаған:Есимова Анаркуль Эльмуратовна

Қазіргі әлемдік үдерістер аясындағы қазақ мәдениеті.


Қазақстан егемендік алуымен байланысты қазақ халқының рухани өмірінде
мәдени жаңа процестер кеңінен өріс алды. Халыққа білім беру, ғылым мен
мәдениет өз дамуының кең жолына шықты. Олар бұрынғы Кеңес Одағы кезеңіндегі
партиялық идеология мен саяси қағидалардың қыспағынан құтылды.
Тәуелсіз Қазақстанның әдебиеті мен ұлттық тілінің мәртебесін
көтеруде бірқатар шаралар іске асырылуда. XX ғ. 30-шы жылдары нәубетке,
жазықсыз жазаға ұшыраған ғалымдарды, жазушыларды, басқа да салалар бойынша
ма-мандарды ақтау жүзеге асты. А. Байтұрсыновтың, М. Жұмабаевтың, М.
Дулатовтың, Ш. Қүдайбердиевтің, Ә. Бөкейхановтың, X. Досмұхамедовтың,Ж.
Аймауытовтың және басқалардың кітаптары жарық көрді. Бұлардың шығармалары
ұмыт болып, мектептерде, арнаулы орта және жоғары оқу орындарында соңғы
кезге дейін оқытылмаса, енді оқу орындарының бағдарламаларына кеңінен
енгізіліп, оқушы-студент жастарға олар жөнінде жан-жақты дәріс беріледі.
Мемлекеттің жаңа кезеңдегі жүргізіп отырған ұлт саясатымен байланысты қазақ
тілін қайта түлету, мейлінше көкейкесті проблемаға айналды. 1989 ж.
қыркүйектегі Тіл туралы Заң және Қазақстан Республикасының Конституциясы
бойынша ол мемлекеттік тіл деп жарияланды. Іс жургізуді қазақ тіліне көшіру
жөнінде жан-жақты шаралар белгіленіп, олар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда,
Қазақстанның барлық жоғары және арнаулы орта оқу орындарында қазақ тілінде
оқыту бөлімдері ашылды. Мұның өзі ауылдан қазақша оқып келген жастардың ана
тілінде тиянақты білім алуына жағдай жасады.
1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан үкіметі тұңғыш рет
идеологиялық өктемдіктен бас тартатынын, мәдени-шығармашылық бостандықты
жариялап, оны қорғау, өнерге қол жеткізуге көмектесетін жағдайлар туғызу,
жариялылықты қамтамасыз ету және шығармашылық қызметкерлерінің жұмысын
халыққа жария ету жөнінде міндеттемелер алды. Міне, осының нәтижесінде
экономикалық қиындықтарға қарамастан, республикада мәдениеттің басты ошағы
болып саналатын мемлекеттік театрлардың бірде-бірі жабылған жоқ. Қайта
жаңадан Көкшетауда қазақтың музыкалық драма театры, Ақтөбеде драма театры,
Ақмолада музыкалық драма театры, Батыс Қазақстан облысында мәдениет
институты және қазақ драма театры, Мәдениет министрлігі жанынан күрделі
мәдениет мәселелері бойынша Ғылыми орталық ашылды.
Өнердегі менеджменттің тиімді үлгісінің өмірге келген жайттары орын алды.
Мәселен, Айман Мұсаходжаева "Солистер академиясы" оркестрін ұйымдастырып,
бүкіл музыкалық білім беруді қайта құру жөнінде ұтымды жүмыс жүргізді.
Соның нәтижесінде 1998 жылы Астана қаласында тұңғыш рет ұлттық музыка
Академиясы құрылды. Жәния Әубәкірова музыкалық мектептің негізінде колледж,
ал жазушы Әбдіжәміл Нүрпейісов "пен-клубын" ашты. Осының бәрі өнер
саласындагы дарынды адамдардың өз идеяларын жүргізу үшін сауатты нысандар
тауып жатқанын көрсетеді. Соңгы жылдары Президент Н. Ә. Назарбаевтың
шығармашылық жастармен кездесуі дәстүрге айналды. Мәдениет және өнер
қайраткерлеріне арналған Елбасының стипендиясы тағайындалды. Ол жыл сайын
беріліп тұрады.
Еліміздің көп ұлтты мәдениетін дамытуда 40-тан астам ұлттық мәдени
орталықтар мен Қазақстан халықтарының біріккен Ассамблеясы бірсыпыра
жұмыстар жүргізуде. Нарықтық экономика талаптарына бейімделе отырып, 1996
жылы 22 жекеменшік киностудия мен 12 жекеменшік галерея мемлекеттің
жәрдемінсіз жұмыс істеді. Соңғы кезде көптеген мәдени шаралар мемлекеттің
қаржылай қолдауынсыз жүргізілуде. Республика мәдениет саясатын нақты жүзеге
асыруда жоғары кәсіби мәдениет кадрлары мен мамандардың атқаратын ролі зор.
Осы жағдайды ескере отырып, мәдениет саласына қажетті кадрларды дайындау
ісі республиканың 5 жоғары 39 орташа арнайы оқу орындарында жүзеге асырылып
келеді. Сонымен қатар шығармашылық жас таланттарды тәрбиелеп өсіруде
жазушылар, композиторлар, суретшілер, театр және кино өнері тағы басқа
шығармашылық одақтардың алатын орны ерекше. Олар тек мемлекет идеологиясын
жүзеге асыру қызметімен шектелмей, шығармашылық жастардың өсіп-жетілуіне
зор ықпал ететін шараларды іске асырып отыр.
Қазақстан мәдениетінің дамып-жетілуіне соңғы кездерде өткізіліп жүрген
республикалық және халықаралық конкурс-фестивальдің маңызы өте зор. Атап
айтқанда, "Азия дауысы", "Жас қанат", "Дәстүрлер жүлдесі", "Шығыс маусымы",
"Үкілі домбыра", "Жігіттің сұлтаны", "Ермек Серкебаев шақырады" классикалық
музыка фестивалі, мемлекеттік "Қазақкино" компаниясының бастауымен шетелдік
кино күндерін өткізу дәстүрге айналды.
Соңғы жылдары еліміздің мәдениеті мен рухани өрлеуіне Президент
Н. Ә. Назарбаевтың 2000 жылды - Мәдениетті қолдау жылы деп жариялауының
үлкен маңызы болды. Бұл жылы мәдениет мекемелерін дамытуға, олардың
материалдық базасын нығайтуға бағытталған едәуір жұмыстар атқарылды. 727
мәдениет мекемелері жаңадан ашылды. Оның қатарында 468 кітапхана, 239 клуб,
5 жаңа театр мен 5 мұражай бар. Театрлар Астанада, Петропавлда, Оралда,
Өскеменде және Түркістан қаласында ашылды. Корей музыкалық комедия театры,
республикалық неміс драма театры, Н. Сац атындағы орыс академиялық балалар
және жасөспірімдер театры жеке ғимараттарға көшті. Мәдениетті қолдау жылы
аясында барлығы 2368 мәдени объекті: 1449 кітапхана, 681 клуб үйі, 49
мұражай, 11 театр, 6 кинотеатр, 2 филармония ғимараттары жөндеуден өтті.
Мәдениетті қолдау жылының шын мәніндегі шарықтау шегі Түркістан қаласының
1500 жылдық тойын тойлаумен сабақтас келді. Бұл үлкен тойды өткізу
барысында Қазақстан мемлекеті Күлтөбе, Отырар сияқты қалалардың, Қожа Ахмет
Иассауидің кесенесін, Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәде-ни қорығын т.
б. нысандарды қайтадан жаңғыртты.
Еліміздің Президенті жарлығымен 1998 жыл - Халық бірлігі мен ұлттық тарих
жылы деп атап өтілді. Тарих жылы тұтастай алғанда 23 ірі-ірі ғылыми
форумдардың өткізілуімен ерекшеленді. Соның ішінде Республика ¥лттық ғылым
академиясы тарихында тұңғыш рет АҚШ, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан,
Түркия, Жапония ғалымдарының қатысуымен отандық тарих проблемаларына
арналған арнайы сессия өткізілді. Сондай-ақ, "Жібек жолы және Қазақстан",
"А. Байтұрсынов - ғалым, ағартушы, қоғам қайраткері", "Құрманғазы және
мыңжылдықтар тоғысындағы дәстүрлі музыка", "Қазақстанмен шекаралас
аумақтардың тас дәуірі" сияқты халықаралық, "Шал Күлекеұлы және ақындық
дәстүр", "Қоғамдық гуманитарлық ғылымдардағы қыпшақтану" және т. б.
республикалық ғылыми конферен-циялар жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
XX ғ. соңғы жылы Қазақстан ғалымдары Мұхамед Хайдар Дулати, Қорқыт ата,
Құрманғазы, Амангелді Иманов сияқты бірегей тұлғалардың, сондай-ақ Аңырақай
шайқасының 270 жылдығы мен Қазақ хандығының 550 жылдығы сияқты айтулы мерей
тойларды өткізуге жан-жақты дайындық жұмыстарын жүргізді. Республиканың
барлық облыстарына, сондай-ақ, көрші елдердің шекаралас аудандарына ірі-ірі
24 ғылыми экспедициялар аттандырылды. Олар кең байтақ республикамыздың 74
ауданын аралады. Қазақ деген халық ғұмыр кешкен жерлерде ең ірі, ең іргелі
этно-мәдени зерттеулер жүргізілді. Сонымен қатар қазақ сахарасының ежелгі
дәуірінен мағлұмат беретін археологиялық зерттеулер жасалды. Археологиялық
экспедициялар, негізінен Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өңірінде, Ордабасы
тарихи-мәдени аймағында, Орталық Қазақстан аумағындағы ортағасырлық
отырықшылық орталықтары және т. б. жерлерде жұмыс істеді. Осының
нәтижесінде Тараз қаласына таяу жерде тастан өріліп жасалған ғажап
архитектуралық ғимарат - Ақыртас кешені ашылып зерттелді. Халықаралық
деңгейде Италияның Мантуя қаласында "Алтын адам: Қазақстан далалары қола
дәуірінен халықтардың ¥лы қоныс аударуына дейін" - атты көрмесі зор
абыроймен өтті.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет