«Қазақ сахарасының ҚОҢырауы» (Қазақ биі «қамажай») 1-жүргізуші



Дата31.12.2019
өлшемі28,9 Kb.
#54571
«ҚАЗАҚ САХАРАСЫНЫҢ ҚОҢЫРАУЫ»

(Қазақ биі «қамажай»)

1-жүргізуші:

Қайырлы күн, Құрметті ұстаздар, колледж студенттері! Бүгінгі әдеби кешіміз ұлы ағартушы, педагог, ғалым, жазушы, қазақ өлеңінің аспанында ерекше нұрланып, жарқырап өткен Ы.Алтынсариннің туғанына 175 жыл мерей тойы қарсаңында өткізгелі отырған «Қазақ сахарасының қоңырауы» атты мерекелік кешімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

1 – слайд: Тақырыбы: «Қазақ сахарасының қоңырауы»

2-жүргізуші:

Сауатты болса екен деп қазақ халқын,

Білімге бастап беріп жолды салды.

Тәлімді тәрбиелі еңбегімен

Ыбырайдан өшпестей мұра қалды.

Ы.Алтынсарин атамыздың балаларға сабақ беріп жатқан бейнебаянына назар аударыңыздар.

1 видео: Ы.Алтынсарин сабағынан үзінді



1-жүргізуші:

Ыбырай Алтынсарин (шын аты Ибраһим) 1841 жылдың 20 қазанында қазіргі Қостанай облысының, Қостанай ауданында, Арқарағай ауылында дүниеге келген. Әкесі Алтынсары ерте өмірден озып, жастайынан атасы Балқожаның тәрбиесінде өскен. Осы атасының ықпалымен Ыбырай 1850 жылы Орынборда ашылған орыс-қазақ мектебіне оқуға алынады. Мектепті 1857 жылы өте жақсы деген бағамен бітіреді.



2-жүргізуші:

Ы.Алынсарин – тұңғыш ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, көркем әдеби тілдің тазалығы үшін күресуші, балаларға таза ана тілін үйрету арқылы, халықтың бай тілін меңгеріп, өнер, білімге бастаушы. Ы.Алтынсарин халқын оқу, білімге шақырып, кенжелеген қараңғылықтағы еліне білімнің жарық сәулесін таратушы.



1-жүргізуші:

Сәлем жолдап шәкіртке дұғай-дұғай

Ұрандап өлеңмен келді былай.

Жас ұрпаққа жар салып жаныменде

Кел, балалар, оқылық деді Ыбырай.
2 слайд: Ы.Алтынсарин өлеңдері
Ы.Алтынсарин өлеңдері

Кел, балалар, оқылық

Өнер білім бар жұрттар

Эй,жігіттер

Өзен

Өсиет өлеңі



Эй, достарым

Ананың сүюі


2-жүргізуші:

Ы.Алтынсарин жас ұрпақ тәрбиелеуде жаңа ғылымның іргетасын қалады. Өзі бас болып бірнеше жерде кездескен кедергі қарсылыққа қарамастан 1864 жылы мектеп ашты.

3 видео: Алғашқы ашқан мектептері
1-жүргізуші:


  • Ұлт мектебінің іргесін қалаған Ы.Алтынсарин Торғай облысының төрт уезінде Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз алғаш 2 сыныптық қазақ мектептерін, Омбы қаласында қазақ жастарынан оқытушылар даярлайтын мұғалімдер мектебін ашады.

  • Қазақ жастары арасынан экономика, ауыл шаруашылығы, қолөнер кәсіпшілігі салаларына қажет мамандар даярлайтын училищелер ашуға көп күш жұмсайды.Тіптен, Қостанайдан ашылатын ауыл шаруашылық  училищесіне  өзінің иелігіндегі жерін беретіні туралы өсиет қалдырды.

2-жүргізуші:

  • Алғаш рет қазақ қыздары үшін Қостанайда, Торғайда, Ақтөбеде

мектеп интернаттары ашылған.

  • Алғашқы еңбегі «Қазақ хрестоматиясы» Бұл кітап ана тіліміздегі тұңғыш оқулық еді. Хрестоматияға тәрбиелік мәні жоғары, көптеген шағын әңгімелері, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін аударма, шығармаларын енгізген болатын. оның шығармаларының негізгі тақырыптары өнер-білім, адамгершілік, махаббат, достық, еңбек, мейірімділік, әдептілік, табиғат жайлы.

1-жүргізуші:

Енді сіздердің назарларыңызға алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы, Ы.Алтынсариннің бірнеше әңгімелерінен дайындалған көріністерін ұсынып, бұл әңгімелердің тәрбиелік мәнін терең мағынада түсінуге шақырамыз.


3 слайд «Атымтай жомарт»
Көрініс «Атымтай жомарт»

Ән «Майлықожаның термесі»
2-жүргізуші:

А, Құдайым бала бер,

Бала берсең сана бер.

Санасыз бала бергенше,

Артынан бәрін-бәрін ала бер деп, - деп Ы.Алтынсарин өзінің мақал-мәтелдер жинағында айтқандай, әңгімелерінде еңбекті сүюге, қадірлеуге, адамгершілікке, имандылыққа, адал достыққа, тазалыққа үйретеді.
4 слайд «Әке мен бала»

Көрініс «Әке мен бала»
5слайд: Ы.Алтынсарин отбасы, балалары, немересі

1-жүргізуші:

Ыбырай 1864 жылы Сырдария облысы (қазіргі Қызылорда облысы ) Перовский уезіне қарасты Жаппас руындағы Шолақ деген кісінің Айғаныс атты қызына үйленеді. Айғаныс өзі оқымаған адам болғанмен, Ыбырайдың шығармашылық жұмысына барлық уақытта да жағдай жасап отырды.

Ыбырайдың жанұясында көпке дейін бала болмайды, сондықтан ол қазақ арасында жиі кездесетін салт бойынша інісі Оспанның Хамитбек деген баласын алып тәрбиелейді. (ол алты жасында қайтыс болады).

2-жүргізуші:

Ыбырайдың тұңғыш баласы Абдолла 1880 жылы дүниеге келеді. 1887 жылы Әбдірахман деген екінші ұлы, 1888 жылы Шарипа атты қызы туды. Балалары Әбдірахман мен Шарипа жас кезінде ауырып қайтыс болады.

Әкесінен жастай қалған Абдолла ұзақ уақыт оқи алмай, шаруашылықпен айналысады.

 Нағима Абдоллақызы — Ыбырай Алтынсариннің жалғыз немере қызы. Нағима атасын көрмесе де, 1924 жылы қайтыс болған Айғаныстың көзін көріп өскен.

Ән «Қыз деген Ана»
5слайд: мектеп, музей, университет, кітапхана, мұражай суреттері

1-жүргізуші:

19 ғасырдың 2 жартысында қазақ даласында білім нәрін сеуіп, қараңғылықтың түндігін түрген, ағартушының есімі берілген аудан, ауылдар, оқу орындары, көше есімдері еліміздің түкпір-түкпірінде бар.



  • Алматы қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы №159 мектеп-гимназиясы

  • 1991 жылы қазақ орта мектебi болып ашылды.

  • 1992 жылы мектепке ұлы педагог Ыбырай Алтынсариннiң есiмi берiлдi

2-жүргізуші:

Қостанай қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы университет



1-жүргізуші:

  • 1992 жылы Қостанай қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханасы ашылды.

2-жүргізуші:

ұлы ұстазы Ы. Алтынсаринның мемориалды мұражайы ашылды.

Қазіргі кезде мұражай қорында 11 мың жәдігер сақталып, жылына 30000 адам осыларды көруге келеді. Мұражай жұмысы бірнеше бағытта жүргізіледі: Мұражай қорын жабдықтау, есеп жүргізу, жәдігерлерді зерттеу, жабдықтау, тарихи-мәдени мұраны насихаттау, көрме жөне ғылыми-ағарту жұмысы.



1-жүргізуші:

Құрметті кешке қатысушы көрермендер, Ыбырай атамыздың білім қоржынында сіздерге арналып, бірнеше сұрақтар жасырынып жатыр. Сіздерден осы қоржында жатқан сұрақтардың дұрыс жауабын шешуге атсалысуларыңызды өтінеміз.Сұрақтарға дұрыс жауап берген көрермендерге аздаған сыйлығымыз бар.

6 слайд: сұрақтар
Көрермендермен жұмыс

1.Ы.Алынсариннің туған жылы? (1841жыл)

2.Ы.Алынсариннің атасының есімі? (Балқожа)

3.Ы.Алтынсариннің алғашқы еңбегінің аты? (Қазақ хрестоматиясы)

4.Ы.Алынсарин оқып, білім алған қаласы? (Орынбор)

5. Ы.Алынсариннің әңгімелері? (Таза бұлақ, аурудан аяған күштірек)

6.Ы.Алтынсариннің өлеңдері? (Кел, балалар, оқылық!, Өнер білім бар жұрттар)

7.Ы.Алтынсарин үлгі тұтқан атақты педагог кім? (К.Д.Ушинский)

8.Ы.Алтынсарин қай қалаларды орыс-қазақ мектептерін ашты? (Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз)

9.Шеген би деген кім? Ол Ыбырайға қалай туыс? (Нағашы атасы)

10. Ыбырайдың шын аты кім? (Ибрагим)

11.Ыбырайдың аудармаларының саны нешеу? (35)

12. Тұңғыш мұғалімдер мектебі қай қалада, қай жылы ашылды? (Омбы қаласы, 1881 жыл)

2-жүргізуші:

«Қазақ сахарасының қоңырауы» атты Ы.Алтынсариннің 175 жылдығына арнап өткізіліп отырған кешіне арнап, 1 курс студенттеріннің «ауызша жазба» еңбектерін қабыл алыңыздар

7 слайд: тақырыптары



Конкурс:

1. Ы.Алтынсариннің шығармалары, және оның тәрбиелік мәні.

2. Ы.Алтынсариннің экономикалық көзқарасы. Ы.Алтынсариннің Абаймен қарым-қатынасы

3. Ы.Алтынсариннің өлеңдерінің жинағы және олардың тәрбиелік мәні

4. Ы.Алтынсариннің әлем әдебиетінде кімдердің шығармаларын аударды. Аударма өлеңдерінің біреуін жатқа айту.

5. Ы.Алтынсариннің әңгімелері және олардың мағыналарына қарай топқа бөлінуі.



Ән «ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ ҰСТАЗЫМ»
2-жүргізуші:

Сөз директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Раиса Елубаевнаға беріледі.

(мақтау қағаздары үлестіріледі)

1- жүргізуші:

Әдеби кешімізді мына өлең жолдарымен аяқтағымыз келеді.

Көзі ашық жастарымыз көп болса екен,

Белдерін сенімменен буған бекем.


арманы атамыздың орындалда,

Білімді ұрпақ алдыңғы орынды алды!



2- жүргізуші:

Осымен біздің әдеби кешіміз аяқталды, назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!





Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі



Тақырыбы:
«Қазақ сахарасының қоңырауы»

(Ы.Алтынсариннің 175 жылдығына орай ұйымдастырылған әдеби-сазды кеш)
Дайындаған: Оразхан Н.Т.

Балқаш қаласы 2016 ж
Каталог: uploads -> doc -> 1093
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1093 -> Сабақтың тақырыбы: ц дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты
1093 -> Сабақ №14 Күні Пән аты: Информатика Сынып: 6 «А» Сабақтың тақырыбы: Модельдер түрлері
1093 -> Сабақ Білім беру саласы: «Қатынас» Бөлімдері:
1093 -> Сабақтың тақырыбы Қоғамдық өмірді ұйымдастыру Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет