Көшпелілік ШМТ Қазақстан жеріндегі климаттық және ландшафтық ерекшеліктерді ұтымды пайдалана білген. Оны маусымдық жайылымдардың алмасуы деп атауға болады және ол Қазақстан аумағында номадалық типтің XX ғ. басына дейін басым болғандығын дәлелдейді.

Ал көшпелілік менталитте шаруашылық тәсілін алмастыруға теріс баға берген. Көшпелелік мәдени типтің күйзелісі қоғамда пауперлену (кедейлену) тудырып, бұрынғы “ынтымақтастыққа негізделген адамдық тәртіпті” (Фридрих Август фон Хайек)шайқалатқан. Табиғи биоценоздың тұтастығының бұзылуы адамдық қаумдасуға да теріс әсерін тигізді.
Алайда, ШМТ-дің күрделене түсуіне байланысты адамдық топастық табиғи ортадан тәуелсіз бола бастайды. Еңбек бөлінісінің тереңдеуі, мамандандырылу және өндіргіш күштердің өнімділігінің артуы материалды мәдениетті антропоценодық жасампаз факторға айналдырды. Осының нәтижесінде дәстүрлі қоғам индустриалдық қоғамға көшеді. Бұл тұрғыдан алғанда көшпелі мәдени-шаруашылық тип мәңгі бола алмас еді.