пештерінде күйдірілді. Қазақстан қалаларында жасыл, көк, сары, қызғылт түстерге боялған әйнек өндірісі жақсы дамыды.
пештерінде күйдірілді. Қазақстан қалаларында жасыл, көк, сары, қызғылт түстерге боялған әйнек өндірісі жақсы дамыды.
Рухани мәдениет. Ғылым
Қазақстан аймағында X-XII ғ.ғ. мемлекеттің қалыптасуы мен сауданың дамуы жазудың өркендеуін ықпал жасады. Жазу орхон және ұйғыр әліппелерінің негізінде дамып, Еуропа халықтарының сына жазуларын еске салады. Жазу материалы үшін тастан басқа, түсті металл, сүйек, тері және жібек қолданылған. Қазақстан халықтары мен тайпалары орхон және ұйғыр жазуларынан басқа, сирия әліпбиін, кейінірек араб жазуын пайдаланған.
Қазақстаннан шығып, мұсылман шығысында “Екінші мұғалім” атанған энциклопедист-ғылым, философ Әбу Насыр әл-Фарабидің (870-950 ж.ж.) ғылыми шығармашылық еңбегі X ғ. тұспа-тұс келеді. Ол грек ойшылы Аристотель еңбектерін құныға оқыған. Философия саласында әл-Фараби идеалистік көзқараста бола тұрып, бірқатар материалистік идеялар ұсынды, жоғары әлемнің бар екенін, оны түйсік арқылы сезіну мүмкіндігн мойындады. Ол музаканың физико-математикалық теориясының негіздеріне ерекше мән берді.
Фараби адам қоғамының пайда болуы, мемлекеттік құрылыс туралы, қоғамдағы адамгершілік факторлардың маңызы жайлы идеялары күні бүгінге дейін өз мәнін жойған жоқ. Фараби “Кемеңгерлік меруерті”, “Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы” ,