Қазақ зиялаларының рухани мұрасындағы өмір мәні мәселесі - Шоқан, Ыбырай, Абай, Шәкәрім сынды ғұламалардың жалпы адам баласы, оның ішінде қазақ жұрты туралы философиялық толғаныстары XX ғ. басындағы қазақ зиялалардың ілімінде де, әлеуметтік қызметінде де сабақтастықпен жалғасын тапты.
- XX ғ. басындағы қазақ қоғамның қоғамдық болмысындағы түбегейлі өзгерістер ұлттық сананың ояуының, жаңа идеялар қалыптасуының негізін салды.
- Адам мәселесі – қазақтың көрнекті ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылығының өзегі.
- Сұлтанмахмұт Сократ, Платон, Руссо, Толстой секілді ғұламалардың философиялық туындыларын іздеп жүріп оқыды, өмірдің қиын кезеңдерінде өзін толғанатқан мәселелердің жауабын солардан тапты. Олардың ойлары оның өмірлік принциптерін қалыптастыруға әсер еткені де күмәнсіз. Қаранғы халықты оятып, надандықтан құтқаруды, болашаққа жол сілтеп, адам еркіндігі салтанат құратын қоғамға жету жолдарын көрсетуде көксеген ақынның өмірі қысқа болмағанда ол талай философиялық туындыларды дүниеге әкелетіні сөзсіз еді. Өмірінің соңында жазған “Социализм” еңбегі соның айғағы.
- Сұлтанмахмұт қоғамды көркейтетін ғылым, сондықтан қазақ даласында мектеп, медресе, газет, журналдарды көбейту керек деп түсінді.
- Адамның адамшылығының өлшемі – ар-ұят ұмытқан қоғамның бақытты бола алмайтынын Сұлтанмахмұт жақсы түсінді, ар азығы жетіспеген, тек
Достарыңызбен бөлісу: |