Ұйғырлар өзге түркі халықтары арасынан алғашқылардың бірі болып отырықшылықты үйренген. Шамандықтан бас тартып, әуелі будда дінін, кейін ислам дінін қабылдаған. Бұдан 1600-1800 жылдай бұрын өздерінің жазуларын қайтадан өңдеп, әліппесін жасады.
Қазір Қазақстан ұйғыр мәдениеті даму үстінде. Мәдени ұлттық орталықтар, театрлар, өнер ұжымдары Қазақстан халқына кеңінен таныс. Өнер қайраткерлері Қ.Қожамняров, Б.Баянхунов, Г.Разиева, “Яшлик” ансамблінің шығармашылығы бүкіл Қазақстан халқының ортақ мақтанышына айналды.
Татарлар мәдениеті
Қазіргі татарлар фин тілдес тайпалармен араласып кеткен түркі тілдес булгарлардың ұрпақтары болып табылады. Татар тілі қазақ, башқұрт және басқа түркі тілдес халықтардың тіліне жақын түркі тілінің шағатай тармағына жатады.
Татарлар арасында Наурыз тойы, дән себу мерекесі атап өтілетін болған. Бірақ ең таңдаулысы жер жыртуға арналған “Сабантой” болған. Діни мерекелерден “Сабантойдың” айырмашылығы бұған діни көзқарастарына қарамастан барлық ұлт өкілдері: орыстар, чуваштар, марийлер қатынасқан.
Корей мәдениеті
Қазақстандық корейлер Кеңес өкіметінің пәрменімен 1937-1938 ж.ж.