Мәдениеттану Публикация учебных и научных материалов презентаций в Pdf формате на веб- ресурсах КазНУ



Pdf көрінісі
бет40/49
Дата21.07.2022
өлшемі1,45 Mb.
#147637
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   49
Байланысты:
Дәріс- Мәдениеттану- ГТХ

Шығыстық тип
Батыстық тип 
Қазақы тип
Микрокосм
Макрокосм 
Жарық дүние 
Виртуалдық 
Рационалдық Адамгершілік 
Интросубъект 
Субъект-объект Субъект-объект 
Біртұтас дүние Өзгермелік дүние 
Адамдандырылатын
Психология
Технология 
Экология 
Мистика Ғылым
Этика 
Тұйық қоғам 
Ашық қоғам 
Сұхбаттастық қоғам 


Өзін тану Табиғатты тану Адам болу 
Дін Философия 
Дәстүр 
Тағдыр 
Белсенділік 
Қарым-қатынас 
Идеализм Материализм 
Синкретизм 
Поэзия 
Проза 
Эпос 
Егіншілік Урбанистік 
Қауымдық. 
Әрине, бұл типтік белгілерді сол күйінде эмпирикадан іздеу қателік болар. 
Идеалды тип белгілі бір нәрселік саланың идеалдық көрінісін жалпылау 
жолында емес, ал сол саладағы мәнді ой тұрғысынан мұрат дәрежесіне 
көтеру арқылы қалыптастырылады. Тағы бір ескеретін нәрсе: бұл кестені 
еуразиялық мәдени типтің болашақ потенциалын көрсету мақсатында 
келтірдік, ал мүмкіндіктің шындыққа айналуы диалектикалық процесс. 
2 сұрақ. Қазақстандағы батыстық мәдениеттің ықпалы. 
Қазақстандағы батыстық мәдениеттің ықпалының артуы болашақ даму 
стратегиясын таңдау мәселесін жаңа қырымен қояды. Зерттеушілер осы 
мәселе бойынша қазір тек Ресей мен Қытайдың арасында тұрған Қазақстан 
емес, ал біздің еліміз үшін мұсылмандық және батыс христиандық 
өркениеттік үлгілердің арасалмағын айқындаудың маңызды екендігі жөнінде 
өз пікірлерін білдіреді.
Қазақстан исламдық елдер қатарына жатады ма және вестернизацияға қарсы 
ислам туын көтеруге болады ма? Әрине, ел халқының 70 пайызынан артығы
мұсылмандар құрастырғандықтан және төлтумалық мәдени ерекшеліктерден 
Қазақстанды ислам өркениеті аралығына жатқызуға негіз бар. Алайда, бұл 
жерде бірнеше нақтылы жағдайларды ескеру керек. Исламдық түсінік 
бойынша, мұсылман ұлты дегеніміз «умма» болып табылады және діни ортақ 
сезімді ұлттық төлтумалықтан жоғары қоюға болады. Осымен бүкіл 
қазақстандықтар келісе қояма екен? Оның үстіне Қазақстан республикасы 
діни емес, зайырлы мемлекет болып табылады.
Қазақ мәдениетін қарастыруды «нарықтық адам типі» төңірегіндегі 
мәселелермен аяқтайық. Ғасырлар бойы адамзат рухани мәдениет өзімшілік 
пен пайдакүнемділікке қарсы құбылыс дегенге сеніп келді. Бұл, әсіресе, көне 
қоғамдағы биологиялық тылсым күштер мен пендешілікке тежеу 
мақсатындағы мәдениеттіліктің баламасы ретінде ұсынылды. Адамгершілік 
пен руханилықты сақтап қалатын құрал ретінде, мұрат беру ұстанымдарын 
ғұламалар мен саясатшылар қарама-қарсы тұрғыдан түсіндіріп келеді. Ең 
көп тараған қағиданы былай тұжырымдауға болады. 
Әділеттілік пен теңдік бір нәрсе. Қоғамдағы қайшылықтарды шешу үшін бір 
орталыққа негізделген құндылықтарды тепе-тең үйлестіру жүйесін құру 
қажет. Оның тетігін ұстап тұратын адам немесе әлеуметтік топ «ортақ 
мүдде» дегенді басшылыққа алуы керек. Сонда ғана үйлесімді қоғамдық 
құрылым қалыптасады. 
Осы ұстанымды жүзеге асыру мақсатында талай төңкерістер, соғыстар, 
қантөгістер, «тап күресі» болғандығы, талай трактаттар мен ғылыми 


еңбектердің жазылғандығы, өзін әділетті деп жариялаған патшалардың
диктаторлардың, көсемдердің болғаны тарихтан белгілі.
Алайда ХХ ғ. аяғына таман адамды бағалау мен оның әрекетінің жемісін 
тұтынудың нарықтан басқа әділетті тетігін адамзат әлі ойлап тапқан жоқ 
деген қорытындыға келдік. Нарықтың негізгі принципі – жеке адамның өзі 
үшін белсенді әрекетін қоғамдық байлықты арттыруға бағыттау. «Егер мен 
өзім үшін болмасам, кім онда мен үшін», – дейді нарық адамы. Нарықтың 
төрешісі – ұсыныс пен сұраныстың арасалмағы. 
Нарықтық адам өзін тауар, ал өзінің құндылығын айырбас өлшемі деп 
бағалайды. Тұлғалар базарында табысқа жету үшін адам өтімді, модаға 
сәйкес, құны жоғары болуы тиіс. «Қанша – бағалансам, соншама- 
бақыттымын» – дейді нарық адамы. Нарықтың тағы бір негізі – меншік. Ал 
меншіксіз адам әлеуметтік жағдайларға тым тәуелді екен. Көріп 
отырғанымыздай, нарықты дінге айналдырып, оған табынауға болмайды. Ол- 
қажеттілік. Қажетілікті меңгеру үшін, оны танып біліп, оны адам ырқына 
пайдаланған жөн. Нарықтық адамның жағымдылық құндылықтарына 
белсенділік, 
жауапкершілік, 
іскерлік, 
жағымпаздық, 
нақытылық, 
мақсаткерлік ж.т.б. жатады. Оның теріс жақтарында қатыгездік, өзімшілдік, 
тік мінезділік, әсіресе рационалдық, есепшілдік, тұрақсыздық, дәйексіздік, 
принципсіздік, құрал таңдамау, дәстүр сыйламау сияқты қылықтарды 
көреміз. 
Нарықтың тегіс жақтарын жақсы түсінген өркениетті елдерден кәсіпкерлікті 
тек технологиялық әрекетпен шектелмей, оны әдеп жүйесімен 
толықтырады. Сондықтан «бизнес этикасы» қазіргі жоғары дамыған 
елдердегі алдыңғы қатардағы пәндерге жатады. Бұл сипатта, өркениетті 
нарық деген ұғым қалыптасады.
Нарық рухани мәдениетке әзірше онша қолайлы болмай тұр. Өркениетті 
елдерде мәдениет әр уақытта қоғам мен мемлекет тарапынан көмекке 
сүйенеді. Мәдениетке қаржы мынандай көздерден түседі: 1) мемлекет 
бюджеті; 2) халыққа көрсетілетін ақылы қызметтер; 3) ұжымдар мен жеке 
азаматтардың жәрдемдері. Міне, осы іс бізге жетіспейді. Қаржы 
тапшылығына қарамай мемлекет пен азаматтық қоғам мәдениетке қарай 
бетбұрыс жасау өте қажет. Бұған қосымша мынандай шаралар ұсынамыз: а) 
халықтың, оның әртүрлі әлеуметтік және демографиялық нақтылы әрі 
шынайы мәдени талап мұқтаждарын зерттеу және анықтау керек. Мұны тек 
ғылыми зерттеу Мәдениет институты жүзеге асыра алады; ә) мәдениет 
саласыы қызметкерлерінің материалдық және рухани ахуалын түбегейлі 
жақсарту; б) балалар мен жасөспірмдердің мәдени қалыптасуын арзанқолды 
бұқаралық мәдениеттің зиянды үлгілерінен арашалап, оларды дүниежүзілік 
өркениеттің, соның ішінде ғасрлар бойы қалыптасқан өзіміздің төл ұлттық 
мәдениетіміздің асыл қазынасымен таныстыра отырып, өнерге баулу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет