Мәдениеттану Публикация учебных и научных материалов презентаций в Pdf формате на веб- ресурсах КазНУ



Pdf көрінісі
бет25/49
Дата19.11.2022
өлшемі1,45 Mb.
#158915
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   49
Байланысты:
Дәріс- Мәдениеттану- ГТХ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ 
1 сұрақ. Ренессанс ұғымына мәдениеттанулық талдау. 


Еуразиялық ұлы дала кеңістігінде орын алған этностардың өркениеттік 
дәстүрін жалғастырушы түркі өркениетінің өзіндік болмысы айрықша 
сипатқа ие. Отырықшы, жартылай отырықшы және көшпелі өмір салтын 
үйлестіре білген түркі мәдениетінің негізінде номадалардың мәдени-
дүниетанымдық философиясы жатыр. Қарапайым мысал ретінде Қорқыт ата 
туралы аңызды алып көрейік. Аңыздың мазмұнына терең үнілсек 
көшпеліліктен бастау алатындығын көреміз. Себебі, Қорқыт ата болған 
жерлерді отырықшы адам түсіндіріп бере алмаған болар еді. Өйткені 
көшпелілерге тән ерекшеліктің өзі осы көшпелі халық болғандығында. 
Мәдениеттанулық әдебиетте өркениеттік уақыт Ренессанс идеясымен 
байланыстырылады (А.Тойнби, Н.Конрад, А.Қасымжанов және т.б.). Бұл 
сөздің тікелей мағынасы «мәдени қайта жаңғыру» ұғымын білдіріп тұр және 
антикалық мәдениетті қайта жаңғыртқан итальяндық қайта өркендеу 
дәуірінен 
бастау 
алады. 
Алайда 
бұл 
ұғымды 
рухтың 
дүмпуі, 
этномәдениеттегі гумандық негіздердің гүлденуі, пісіп жетілген мәдени 
жемістерді адамның өз игілігіне қолдана дәуірі алу мағынасында да
талдауға болады. Яғни – Ренессанс идеясы мәдениеттің кеңістік пен уақыт 
өрісінде өрлеу, шарықтау, гүлдену кезеңін білдіреді. Ренессанстық уақыт 
жаңа гуманизмді қалыптастырады: адамның ерікті және бақытты болуға, 
теңдік, әділдік және парасатқа ұмтылуына құқығы бар. Гегель Ренессанс 
идеясын бүкіл адамзаттың «алтын таңы», жер жүзі мәдениетінің жаңа дәуірі 
деп атаған. Мәдениеттің өрлеу уақытын барлық өркениетті халықтар өз 
басынан өткізген. 
Әңгіме бұл жерде жалпы мәдени өрлеу уақыты туралы болып тұрған жоқ.біз 
қарастыратын мәселе: осы Ренессанс тек Еуропада болды ма, әлде бұл 
мәдени құбылыс барлық өркениеттерді қамтыды ма деген сұрақтың 
төңірегінде. Алғаш рет бұл мәселені швейцарлық ғалым А. Мец өзінің 1922 
жылы жарық көрген «Ислам Ренессансы» атты кітабында көтерді. Бұл кітап 
шыға сала, еуропаорталықьық көзқарастағы ғалымдар өз байбаламдарын 
бастады. К. Беккер және В.В. Бартольд сияқты шығыстанушылар 
мұсылмандық мәдени өрлеу дәуірінің болуы мүмкін емес дейтін пікірлерді 
қолдады. Орыс ғалымы В.В. Бартольдтың көзқарасы бойынша, мұсылман 
әлемінде көп ғасырға созылған варварлық дәуір болмағандықтан ештеңені 
қалпына келтіру қажет емес еді. Д.В. Бертельс пен А.В. Сагадиев 
формациялық дүниетаным тұрғысынан Орта, Орталық Азияда капитализм 
қалыптасқан жоқ, сондықтан Ренессанс бұл аймақта болмады деді. Мәдени 
даму формациялық шеңберге сыймайтындығы туралы дәлелдемелерді 
жоғарыда келтірген болатынбыз. 
Алайда «бұл болған жоқ, себебі болуы мүмкін емес» атты жаңсақ ойдан 
арыла білсек, Шығыс Ренессансы әр ғасырларды Үндістанда, Қытайда, 
Жапония мен Кореяда, араб-парсы-түрік әлемінде де шарықтағанына ден 
қояр едік. Қазақстан жерін қамтыған Шығыс Ренесансы тұтас құбылыс, оны 
арабтық, парсылық және Орта Азиялық деп бөлу қисынсыз. Ол – 
мәдениеттердің ерекше бір үндесуі, үйлесуі және сұхбаттасуының 
нәтижесінде қалыптасады. Бұл жерде екі Ұлы дала – еуроазиялық және 


афроазиялық өркениеттер бір-бірімен тоғысып тұр. Сондықтан осы мәдени 
құбылысты бұл екі даланы басым мекендеген 3 этностың атымен араб-иран-
түрік өркениеті деп атаған жөн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет