Мәдениеттану Публикация учебных и научных материалов презентаций в Pdf формате на веб- ресурсах КазНУ


 сұрақ. Қазақ мәдениетінің кемелденуіне үлкен үлес қосқан тұлға –



Pdf көрінісі
бет39/61
Дата16.03.2022
өлшемі1,45 Mb.
#135878
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   61
Байланысты:
Дәріс- Мәдениеттану- ГТХ

2 сұрақ. Қазақ мәдениетінің кемелденуіне үлкен үлес қосқан тұлға – 
Ыбырай Алтынсарин 
Қазақ мәдениетінің кемелденуіне үлкен үлес қосқан тұлға – Ыбырай 
Алтынсарин. Ыбырай халық ағарту ісінің практикалық және дидактикалық 
мәселелерін шешуге тікелей ат салысты, алғашқы педогогикалық оқулық 
«Қазақ хрестоматиясын» және қазақ балаларына орыс тілін үйретуге
арналған оқу құралдарын жазды. Сонымен бірге Ыбырай қазақтың әдеби 
тілінің негізін салушылардың бірі және халықтың ауыз-әдебиетінің, әдет-
ғұрпын зерттеуші ретінде белгілі; ол жазған қазақтардың құдалық және 
үйлену рәсімдері туралы, адамдарды жерлеу және еске алу салттары 
жөніндегі еңбектері жоғары бағаланып, 1874 жылы Ы.Алтынсарин Ресей 
географиялық қоғамының Орынбор бөлімшесінің мүшесі болып қабылданды. 
Ыбырай өз қызметі мен шығармашылығында нағыз ағартушы бейнесінде 
көрінеді. 
Ыбырай өзінің ағартушылық қызметінде миссионерлік орыстандыру 
саясатын қолдаған жоқ. Ол өз халқын білімге, мәдениеттілікке шақырғанда
өркениетті елдер қатарына көтерілуді армандады. Ыбырайдың миссионер 
еместігінің куәсі – оның атақты «Кел балалар, оқылық!» атты өлеңі. 
Тоталитарлық жүйе кезінде алынып тасталған бірінші жол мынадай еді: 
Бір құдайға сиынып,
Кел балалар, оқылық! 
Оқығанды көңілге, 
Ықыласпен тоқылық. 
Ыбырай 1884 жылы Қазан қаласында өзінің атақты «Ислам Шариаты» атты
кітабын шығарды. Қарапайым халыққа түсінікті тілмен жазылған бұл 
еңбегінде ол мұсылмандықтың негізгі қағидаларын қазақ мәдениетіне шебер 
қоса білді. Шығыс Ренессансында қалыптасқан дін мен білімнің арасындағы
үйлесімділік идеясын Ыбырай өз заманына байланысты дамыта білді. Қай 
дінде болсын, адамдар бір-бірін сыйлау керек делінеді, ал мәдениетсіздіктің 
негізгі себептеріне надандық, жалқаулық және мақтаншақтық жатқызылады.


«Ендігі жерде мынадай ақылды бұлжытпай ұстаңыз, – дейді Ыбырай Н.А. 
Мазохинге жазған хатында, – бұл менің айтып отырған ақылым емес, атақты 
философ-педогог Коменскийдің ақылы. Ол кісі: «Қолындағы барын қанағат 
ете білетін адам, шын бақытты адам және біз өзіміздің адал тіршілігімізбен 
тіршілік етіп отырмыз дей алатын адам шын бақытты адам», – деген екен; ал 
тағы бір араб философы бақыттылық пен байлық неде дегенде – 
«ынсаптылықта», - деп жауап берген екен; міне осы ақылды алыңыз». 
Өзгерістер жағдайында қазақтың әдеп мәдениетін трансформациялауға 
шақырған тұлғалар ағартушылар болды. Ыбырай Алтынсариннің мына 
жолдарында бұл ой анық айтылып тұр: 
Желкілдеп шыққан көк шөптей 
Жас өспірім достарым, 
Қатарың кетті-ау алысқа-ай, 
Ұмтылыңыз қалыспай. 
Біз надан боп өсірдік 
Иектегі сақалды. 
“Өнер – жігіт көркі” деп 
Ескермедік мақалды… 
Біз болмасақ, сіз барсыз, 
Үміт еткен, достарым
Сіздерге бердім батамды (Қазақ даласының ойшылдары. 4-ші кітап / 
ред. Нысанбаев Ә. – Алматы: ФСИ, 2001. – 274 б.). 
Шын мәнісінде, Шоқан мен Ыбырайдың қызметі мен шығар- машылығы 
кейін XX ғ. Қазақстан жеріндегі большевизмге емес, керісінше ұлт-азаттық 
қозғалысына демеу болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет