Қазіргі адамзат баласы мыңдаған халықтардың жүздеген мемлекеттеріне біріккен миллиардтаған саны бар жұртшылық. Олардың бәріне ортақ не болуы мүмкін? Олардың бәріне ортақ нәрсе — мәдениет, адам баласының саналы іс-әрекетінің жемісі ретіндегі мәдениет, жасампаздық рухының көрінісі ретіндегі мәдениет. Бұл әлемде абсолютті бірдей екі адам болмайтындығы сияқты егіздей ұқсас екі мәдениет те болмайды. Алуан түрлі мәдениеттер арасында қандай қарым-қатынас болуы мүмкін? Оларда өзара түсіністік бар ма?.. Осы сияқты көптеген сұрақтар мәдениеттанушының алдында міндетті түрде туады және толассыз туа береді де. Себебі мәдениетті адам өмірден мән мен мағына іздейді, жаңаны танысам деп талпынады.
Көптүрлі мәдениеттер, олардың өзіндік құндылығы, бірегейлігі, бағалылығы және өз ара қарым-қатынасы, байланысы мәдениеттану негізінде жатыр. Сондықтан мәдениеттер сұхбаты (диалога) мәдениеттанудың бастауында тұр десек артық айтпаған болар едік.
Диалог сөзінің шыққан тегі — көне грек тілі (соңғы уақытта қазақ тілінде жарық көрген ғылыми-зерттеу жұмыстарында «диалог» ұғымы «сұхбат» деп тәржімаланып жұр. «Диалог» сөзінің қазақша баламасы «сұхбат» болғандықтан, ол екеуінің қатар қолдануы немесе бірін-бірі алмастыруы орынды). Өзінің алғашқы мағынасында «диалог» — екі адамның әңгімелесуі деген мазмүнға ие болған. Сәл кейінірек диалог — кейіпкерлердің пікір алысуынан тұратын әдеби шығарманың түрі ретінде түсіндірілетін болды. Осы орайда көне грек философы Сократтың өзін қоршаған дос-жарандары, шәкірттері тіпті дұшпандарымен пікірталас ретінде өткізетін әңгімелесу стилін еске алайық. Онда ешбір кемсіту, мұқату, өзінің басқалардан ақылының көптігін алга тарту деген жоқ. Бұл әңгімелесу барысында жасы үлкен немесе лауазымы жоғары адам құрметке ие болмайды, ойлау қабілеті жогары, ақыл-парасаты биік адам құрметке ие болады. Адамдар қарым-қатынасының құндылығын ашып көрсетіп, сұхбаттың адам игілігіне жарайтын ұлы күш екендігін аңғарган тұңгыш философ Сократ болды. Кейін диалог ұғымы «екі адамның әңгімелесуі, сырласуы» деген тікелей бастапқы магынасының тар шеңберін бұзып шығып, қазіргі заман дискурсының, мәдени-әлеуметтік контексінің негізгі ұғымына айналып отыр. Бүгінгі таңда сұхбат адамның және адам іс-әрекетінің жемісі — мәдениеттің болмыстық сипаты ретінде кең магынада қарастырылуда. Жалғыз басты, өзімен өзі ғана шектелген адам баласының болуы мүмкін емес. Адам і жасампаздығының қайнар көзі — адамның басқалармен бірлесе өмір сүруінде жатыр. Сондықтан мәдениет те тек мәдениеттер сұхбаты ретінде тіршілік ете алады.
Сұхбат адамның, мәдениеттің «өзіндік» шекарасынан шығу қажеттілігін қамтамасыз етеді, өйткені адам да, мәдениет те өзіне өзі тепе-тең емес, өзімен өзі ғана шектелмеген дүние. Адамның да, мәдениеттің де болу мүмкіншілігі тек «шекаралық жағдайда» жүзеге асады. Адамның басқа адаммен, мәдениеттің басқа мәдениетпен сұхбаты, қарым-қатынасы негізінде ғана бұл әлемдегі бар құндылықтар дүниеге келеді. Әрбір басқа адам, әрбір басқа мәдениет мен үшін маған тепе-тең, пара-пар, сайма-сай ғана емес, сонымен қатар, менің өзіндік болмысымның көкжиегін кеңейтуші күш.
«Мәдениетті мәдениеттер сұхбаты ретінде түсіну қажет (бұл — тавтология емес, бұл —мәдениет анықтамасының спиралі). Мәдениетті жеке тұлғалар сұхбатының бір түрі ретінде қарастыру керек...»[10]. Адам санасы оның өлеуметтік болмысының жемісі ретінде адамның бір-бірімен қарым-қатынас жасауының нәтижесінде қалыптасты. Адамдық қарым-қатынас оны басқа қоршаған табиғи ортадан бөліп-жарып, өзгешелеп алды. Тіпті физиологиялық тұрғыдан осы мәселеге көз тастайтын болсақ, онда да сананың сұхбаттық табиғатына куә боламыз. Адам миының жемісі болып табылатын сана — мидың қос жартышарларының диалогының нәтижесі. Ал мидың қос жартышарларының ақпарат қабылдаудың, сараптаудың қос тәсілінен, қос әдісінен тұратындығы белгілі. Яғни біртұтас мидың өзінің сананы тудыруы үшін екі қарама-қарсы бөлікке бөлінуі қажет болған. Сол өзгешелікке негізделген қос бөліктің қарым-қатынасынан туындайтын сананың өзі де о бастан («іштей туа») сұхбатты. Саналы адамның болмысы да диалогты, қоғамдаса өмір сүруі де сол бастапқы диалогтылықтан туындап жатса керек. Сұхбат адамдардың бір-бірімен пікір алысуымен шектелмейді, ол дегеніміз адамдардың қатынасы. Тіпті бір ауыз сөз айтылмаса да, ешбір мағлүмат алынбаса да сұхбаттың болу мүмкіншілігі бар, өйткені сұхбат — ішкі, көрер-көрінбес өрекеттің бір-біріне бағышталғандығы. Әлемдегі болып жатқан оқиғалардың, табиғаттағы орын алған құбылыстардың бөрін де мен өзіме бағышталған, өзімнен жауапты әрекет күтетін нышан деп қарастыруым керек. Тек осындай тұрғыдан ғана сұхбатта болу мүкіншілігім бар. Әлемдегі адамдардың бәрі бірдей емес, сол сияқты олардың сұхбатта болу мүмкіншіліктері де әртүрлі, дүрысырақ айтсақ, өзіне берілген сұхбаттық мүмқінщілікті әркім әрқалай пайдаланады, кейбіреуі тіпті пайдаланбайды десе де болады. Сұхбаттың үш түрі бар: шынайы сұхбат; техникалық сұхбат; сұхбат болып танылуға тырысқан монолог (М. Бубер).
М. Бубердің айтуынша, сұхбаттың бірінші түрі өмірде өте аз кездеседі, бірақ болашақта, мұратта соған жетуіміз керек. Ал сұхбаттың екінші түрі біздің қазіргі «тіршілік ету тәсілімізге» сай келеді. Үшінші түрдегі сұхбат... оны өміріміздің әр саласынан көптеп кездестіре аламыз. Бірін-бірі тыңдағансып, жайбарақат қана өз монологының шеңберінен асып ештеңені қабылдамайтын «көпшілік» құбылысы — қазіргі өмірдің ақиқаты. «Сұхбаттағы өмір дегеніміз көп адамдармен істес болу деген сөз емес, көп адамдармен істес бола түрып шынында да солармен бірге болу!»[11].
Жалғыз өзің тау басында түрып та өзіңді жалғыз сезінбеуің, ал бет-бейнесіз көпшілік арасында отырып жалғыздықтан жаныңның құлазуы да мүмкін. Шынайы сұхбат басқаларды көзіңмен көріп, солардың даурыққан даңғылын естуден басталмайды, шынайы сұхбат жаныңның терең түкпіріндегі «Басқаға» деген құлшынысыңнан, «Басқаға» деген сүйіспеншілік сезімінен басталады. М. Бахтин талдауларының бәрінде де сананың о бастан сұхбаттылығын тұжырымдады. Платонның ойлау дегеніміз адамның өз-өзімен сұхбаты, әңгімелесуі деп түсінгенін, Канттың ойлау адамның өзін-өзі тыңдауынан пайда болады дегенін еске ала кететін болсақ, М. Бахтиннің сананың алғашқыда-ақ сұхбатқа негізделгендігі туралы тұжырымы бізге жаңашыл болып көрінбесе керек. Бірақ алғашқылардың анықтамаларында диалогтан гөрі монолог туралы сөз болатын сияқты. Ал М. Бахтин үшін сананың болмыстық диалогтығы оның «Басқа», «Сен» сияқты «Менің» коррелятымның болуына арқа сүйейді.
Бахтиннің «Мен-Басқа» дихотомиясындағы «Мен» — өзінің «болмыстағы — куәсінің — жоқтығымен», «өзінің болмыстағы жалғыз, жеке дара орынымен» анықталатын субъект. «Мен» өзімнің болмыстағы маған ғана белгіленген, менен басқа ешкім онда тұра алмайтын нақты болмыстық нүктемде әрдайым қажетті түрде жалғыз өзіммін. Мен одан ешқайда кете алмаймын, ол — менің болмысымдағы маған ғана тиесілі орным. Сондықтан менің «болмыстан — куәм — жоқ». Осы менің жалғыздығым менің жауапкершілігімнің куәсі. Мен өз орнымды ешкімге бере алмайтын болсам, әрбір іс-әрекетім, мұң-мұқтажым үшін тек қана өзім жауаптымын. «Мен-Сен» немесе «Мен-Басқа» дихотомиясындағы екінші жақ — «Басқа». «Басқа» — өзінің тәуелсіздігі, теңдігі тұрғысынан «Мен» сияқты. Өзінің «Басқалығының» нәтижесінде ол «Маған» қарама-қарсы ерекшелік, өзгешелік. «Басқа» әрқашан маған «сыртқары» тұратындығы сияқты «Мен» де «Басқаға» «шеткерімін». «Мен-Басқа» қарым-қатынасында субъектілер өз ара бір-біріне «сыртқары». Сол өз ара «сыртқарылықтың» нәтижесінде ғана «Менің» де, «Басқаның» да бір-бірімізді дара көру, «артық көру» мүмкіншілігіміз бар. Ал «артық көру» мүмкіншілігі субъектерге мол «жүк артады», өйткені тек «артық көру» болған жағдайда ғана адамдар бірін-бірі түсініп, сұхбаттаса алады. Яғни сұхбат құбылысының түбірі адамның «Басқаны», «сырт көзге айқынырақ» демекші, «артық көру» мүмкіншілігінде жатыр. Жоғарыда атап кеткен «сыртқарылық» идеясын қашқақтау деп, жатсыну деп түсінсек дүрыс болмас еді. «Сыртқарылық» барлығынан шет қалу, ештеңемен араласпау деген сөз емес. Керісінше, сол «сыртқарылық» арқылы ғана шынайы бірігу, шынайы қарым-қатынас, шынайы диалогтың болуы мүмкін. Өйткені тек қана «сырт өзгешелік», «сыртқарылық» позициясының ғана айрықша көру мүмкіншілігі бар — «артық көру».
Өмірдің онтологиялық (болмыстық) мінездемесі — оның диалогтығында. Ал сұхбат тек «Мен» және «Басқа» арасында ғана мүмкін. Бірін-бірі бағалау мүмкіншілігі, немесе «құндылық» қарым-қатынас тек «Мен» және «Сен», «Мен» және «Басқа» болған тұста ғана кездеседі. Өйткені, мен принципті түрде өзімді-өзім бағалай алмаймын. «Мен» өзімді бағалы сезінемін, өйткені маған біреу қуанады, мен біреуге қажетпін. Осылайша, әлемдегі әрбір адам өзіне деген басқаның эмоционалдық (сезімге толы көңіл-күй) қатынасын байқайды. «Мен»-«Сен» әлемі — құндылықтар әлемі, өйткені құндылық тәуелсіз қос сананың кездесуінен туындайды.
«Мен өзімнің дүниеге келгенімді немесе дүниеден қайтқанымды сезінбеймін, өз басымнан өткізбеймін, яғни дүниеге келу мен дүниеден қайту менің тууым мен менің өлуім ретінде менің өмірімнің ісі, оқиғасы (событие) бола алмайды. Бұл жерде мәселе оның факт ретінде мүмкін еместігінде тұрған жоқ, мәселе оған деген құндылықтық көзқарастың болмауында, менің өзімнің сол іске, сол жағдайға баға бере алмауымда». реф>Бахтин М. Эстетика словесного творчества. — М., 1989. — С. 83реф>.
Біз саналы түрде болсын немесе ойланбай-ақ өзімізді қоршаған адамдарды, әлемді өзіміздің оларға деген қарым-қатынасымызбен құрастырамыз. Бұл құрастыру субъект-объектілік, немесе актив-пассивтілікке негізделген классикалық рационализм рухындағы құрастыру емес, бұл «Мен» және «Басқаның» немесе «бөлінбейтін қосылмастықтың» қатынасы арқылы құрастыру. Мүндағы «қосылмастық» деп отырғанымыз — қатынастың екі жағының, немесе тәуелсіз қос сананың бірінің орнын бірі басып, бірін-бірі жоқ қылып жібере алмайтындыгы. Ешкім бұл болмыста ешқашан басқа біреудің орнын ала алмайды. Болмыс архитектоникасында әркімнің өз орны бар, ешкім бұл болмыстан тыс емес. «Қосылмастықтың бөлінбестігі» деп «Мен» және «Басқаның» бір-бірін толықтыруын айтамыз. «Менің» барлығым «Басқаның» арқасы да, ал «Басқаның» болуы — «Менің» арқам. «Мен» және «Басқа» — дүниенің кіндігі. Ал олардың арасындағы қарым-қатынас — Диалог (Сұхбат) — адамдар арасындағы барлық қарым-қатынастың бастапқы қайнар көзі. Мәдениет — сұхбаттық мүмкіншілігі ұлан-асыр ашық құндылықтар жүйесі. Мәдениеттің болмыстық сұхбаттылығының негізінде мүмкін болған мәдениеттер сұхбатын адамдар арасындағы диалог іспеттес қарастыруға болады ма? Иә, өйткені мәдениет адамның белсенді іс-әрекетінің, еркін шығармашылығының, огіың өзіндік ішкі мәндік қасиетінің көрінісі. Мәдениет — адамның шығармашылығының нәтижесі болғандықтан да тікелей адам іс-әрекетімен байланысып жатыр. Адам қолынан шыққан, адам санасының жемісі болып табылатын барлық нәрселер сияқты мәдениет те өз бойына тұлғалық бастаманы сыйғызады.
Мәдениет қашанда мәдениеттер шекарасында, олардың біруақыттылығында, олардың сұхбатының арқасында өмір сүреді өрі дамиды. Әрбір мәдениет басқа бір мәдениеттің сұранысының жауабы ретінде, сол бір басқа мәдениеттің қажеттілігі ретінде туындайды. Мәдениеттің «пешенесіне» өзінің болмысынан тыс басқа әлемде өмір сүру жазылған, диалог — мәдениеттің тағдыры. Әрбір мәдениет екіжақты Янус іспеттес, ол қаншалықты өзінің ішкі әлеміне жіті көз жіберіп қарайтын болса, соншалықты басқа әлемге, басқа мәдениетке де бағышталған.
ХХ ғасыр мәдениеті көп келбетті, оның басты себебі — мәдениеттердің ұлы тоғысуы, сұхбаттасуы және тұтастануы. ХХЫ ғасыр біртектес адамдық мәдениеттің аймағына зор екпінмен еніп келеді. Үстіміздегі ғасыр қиыншылығы мен қызығы көп, мәселесі мен мардымды жетістігі мол ғасыр болды. Ғасырдың алғашқы жартысында басынан өткізген екі дүниежүзілік қантөгіс соғыс, одан кейінгі екі әлемдік жүйелердің арасындағы ұзаққа созылған қауіпті де қатерлі қырғи қабақ, текетірестік адамзаттың үрейін ұшырып, апокалипсистік, эсхатология л ық көңіл-күйлердің қалыптасуына ықпал етті. Ұлы дағдарысқа кез болған адамзат рухы парасаттылық пен ізгілік, өзара құрмет пен диалог арқылы тоқырауға, қантөгіске жол бермеу әдісін тапты. Соның нәтижесінде ХХЫ ғасыр қарсаңында «дүние жаңа қатынастар қалыптастырудың атымен жаңа күрделі кезеңіне көшті. Дүниені тек текетірестік тұрғыдан: Батыс-Шығыс, Күнгей-Теріскей, ұлы мемлекеттер — «үшінші дүниео, ядролық клуб — былайғы әлемдеп қарастыратын қағидадан бас тартатын уақыт әлдеқашан болды»[12]. ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап мәдени-өлеуметтік өмірде өзінің нақты орнын таба білген мәдениеттер сұхбаты идеясы — қазіргі заманның көкейтесті тақырыбына айналып отыр.
Ешқандай мәдениет жеке-дара емес. Ол әрқашанда басқа мәдениеттермен байланыса отырып тіршілік етеді әрі соның нәтижесінде жетістіктерге де жетеді. Осы орайда Э. Гуссерльдің «Философия және еуропалық адамзаттың дағдарысындағы» мынандай жолдары еске түседі: «Мәдениеттің мазмұны адамзат өмір сүруінің бірлескен тәжірибесімен анықталады». Расында, мәдениет дегеніміз — адамның адаммен қатарласа өмір сүру . мүмкіншілігінің табиғи тәсілі. \ Әрбір мәдениет басқа мәдениет тәжірибесін өзіне пара-пар, лайықты деп қана қарастырмай, өзіндік болмысты кеңейту, ұлғайту мүмкіншілігі деп те қарастырғаны жөн. Мәдениеттер сұхбаты мәдениеттерді байытады, өйткені «Басқа» — менің шегім емес, менің басқа мүмкіншілігім. Мұндай қағида қандай да бол\ масын мәдени-әлеуметтік өзімшілдікке жол бермейді. Олай боЫ латын болса, бүгінгі танда өркениетаралық, халықаралық, ұлтаЫ ралық және тағы басқалары шиеленістерді тежеудің бірден-бір пәрменді і^құралы — мәдениеттер сұхбаты болып отыр. Мәдениет шынайы адамдық құбылыс, адам бар да мәдениет бар. Адам о баста өз-өзімен ғана шектеле алмайды, қашанда өзінің нақты болмысынан тысқарыға ұмтылады. Бұл тәсілдемелік қағида мәдениет құбылысының мәнін ашуға көмектеседі. Ал мәдениеттің мәні оның болмыстық сұхбаттылығында, әмбебаптылығында. Басқа-үшін-болу — адамның да, мәдениеттің де мағыналық анықтамасы. Жалпы, болу дегеніміз — қарым-қатынаста болу деген сөз. Адамның болмысы — қарымқатынас тұңғиығы.
«Мәдениет жеке адам ретінде тұлғаландырылғанда, ал мәдениеттер қарым-қатынасы жеке тұлғалар қарым-қатынасы ретінде қарастырылғанда ғана мәдениет шынайы мәдениет болып есептеледі».[13]. Бұл жағдайда мәдениеттер сұхбатын тікелей «Мен» және «Басқа» диалогы негізінде қарастыруымызға болады. Диалог үшін ең бастысы — басқаның өзіндік санасын модельдеу, құру. Өйткені диалог үшін біртұтас көзқарас қажет. Ал біртұтас көзқарас дегеніміз сырт адамның көзқарасы, немесе М. Бахтин терминологиясын қолданатын болсақ, «тысқарылық» көзқарасы. Бахтиндік қарым-қатынастың антропологиялық теориясында «Мен» үш кезеңнен өтеді: «Басқаға ену», «өзіне қайта оралу» және «тамамдау». Мұндай мүмкіншіліктер «Маған» менің негізгі қасиетім — «сыртқарылық» көзқарасым және одан туындайтын «артық көру мүмкіншілігіме» байланысты беріледі. «Басқаға ену» түгелдей дерлік «Басқаның» әлеміне ену, соның демімен тыныстау деген сөз. Бірақ «Мен» ешқашан өзімнің орныма қайтып оралуды ұмытпаймын, онсыз ешбір Басқаны тану мүмкін емес. Басқа санаға енгеннен кейінгі екінші баспалдақ — «өзіне қайта оралу» — онсыз Басқаның санасына ену нәтижесіз, жеміссіз, онсыз басқа сана саған сырын ашпайды, басқа жанардан ештеңе коре алмайсыз да. Осылайша «біреу-үшін менге» айналған өзімнің «менім» «өзім-үшін-менге» айналып, басқаның «мен-үшін-басқасын» өзімен қоса ала келуі керек. Диалог, сұхбаттылық механизмдері адам ойлауының терең түкпірлерінде, болмыс пен тіршіліктің негізінде орналасқан. Адам үшін болу және тіршілік ету дегеніміз басқамен және басқа үшін болу дегенді білдірсе керек. Ақыл-ойдың сұхбаттық ішкі құрыльімы адам болмысының мәнін басқалармен бірге болуда деп, ал адам тіршілігінің мәнін басқалармен бір лесе тіршілік етуде деп танытады. Сонымен, өмірдің болмыстық сипаттамасы оның сұхбаттылығында болса, сол сұхбаттылық тек «Мен» және «Басқаны» ажырата білгенде және тек солар арасында құндылықтық қарым-қатынас мүмкін деп түсінгенде ғана жүзеге асады.
Сұхбат адамдардың белгілі бағыт-бағдарлы рухани ісәрекетінің көрінісі болғандықтан ол екі немесе бірнеше ерен интеллектуалдық позициялардың ара қатынасынан туындайды. Сұхбат барысында біреудің ғана қөзқарасы дұрысталып, екіншісі қалып қояды деп түсінбеу керек, сұхбат екі түрлі адам-дардың екі түрлі көзқарастарының ортақ нүктесін табады, оларды алыстатушы емес, жақындастырушы позицияны қалыптастырады.
Диалог — адамдардың ортақ тіршілігінің антитоталитарлық формасы. Диалог әуелден плюрализмнің — индивидтердің қоғамдық өзін-өзі айқындауының көп түрін, әртүрлі мүдделердің, құндылықтардың, мұрат-мақсаттардың, өмірлік стильдердің болуын өзіне алғы шарт деп табады. Әлеуметтілік саласында сұхбаттылықты тарату гуманизмді, яғни әрбір адам¬ның, әрбір мәдениеттің дамуга бірдей құқын мойындауды білдіреді.
Диалог шын мәнінде гуманизмді, адамсүйгіштікті уағыздайды, олай дейтін себебіміз диалогтың мақсаты адамдар арасында үйлесімділікке қол жеткізу, түрлі мәдениеттер, ділдер, діндердің ортақ кездесу орнын көрсете білу. Қазіргі көппарадигмалық, сұхбаттық рухани жағдай кеңістігінде бастауыш мәдени императивтер болып төмендегілер аталады: еріктілік, төзімділік, өзара түсіністік.
Қоғамның рухани өмірінің алға даму шыңы бүгінде тарихи өткен мұрадан болсын, қазіргі мәдени шығармашылықтан болсын жалпыадамзаттық мән-мағына ізденіске бастайды. Ол үшін диалогты тек арнайы тілдік сұхбат әлемі деп қана емес, кең 40 түрде — адамның әлемге деген, өзіне деген, замандас халықтардың тарихы мен мәдениетіне деген құндылықты қарымқатынас.
Мәдениеттер сұхбаты концепциясы — мәдениеттанудың бастаушысы. Мәдениеттану адамның басқа мәдениеттермен, ондагы өзі секілді адамдардың ділінің, логикасының өзіндік ерекшеліктерімен белсенді сұхбатқа түсу дегенді білдірсе керек.
Тарих мәдениеттер сұхбатының өзіндік мәдени түрлер тудыруға тигізген жағымды әсерлерін көптеп мысал ете алады. Мысалы көне грек мәдениеті. Ол мәдениет басқа мәдениеттермен салыстырғанда басқаларға үлкен ықпал ете білген мәдениет. Көне грек өмір салтының, ойлау стилінің ерекшелік сипаты оның «агоналдығында», яғни жарысушылық, бәсекелестік рухында. Полистік демократия сұхбаттылық ойлау тәсілін қалыптастыруға көп эсер етті. Көне гректердің басқа елдермен саудасаттық, кеме жолы байланыстары гректердің танымдық көкжиегін кеңейтті. Финикиялықтардан алфавиттік жазу өнерін қабылдап, халдей-вавилондық астральды дүниетанымды игеріп, Мысырдың өнері мен бай мифологиясын мұра етіп, Иранның этикалық ойына төнті болып, көне Шығыстың эзотерикалық ілімінің даналығын мойындап, көне Греция соның бәрін жинақтай келе өз алдына болашақ европалық мәдениеттің қара шаңырағы бола білді.
Көне Греция рухының ғажайып көрінісі — философияның өзі де басқа халықтардың (мысырлық, вавилондық, парсылық, финикиялық) даналығын қабыл алу, гректерге түсіндіру үшін туған қажеттілікпен байланысты пайда болған деген пікірдің жөні бар, өйткені аталған мәдениеттермен салыстырғанда Греция мәдениеті жас өрі аз білетін еді. Сондықтан алғашқы грек ойшылдары Фалес, Пифагор, Анаксимандр, Гераклит Шығыстың даналық мұраларын өз бойларына жинақтап, қортындылады. Гректердің өздері Шығысты ұстазы деп танитындығын еш жасырмаған да болатын, солардың арқасында құдайылық және адамдық құпияны таптық деп те түсінген еді.
Гректерді көне гректерге айналдырған уақыт аралығы көп түрлі өзгерістерді тудырды. Мәдениет ғасырлар бойы дайындалып, ғасырлар бойы өмір сүреді. Әрбір жаңа ғасыр өткен мәдениетке жаңа мән-мағына әкеледі, себебі дәл уақытында кейде бір идеялар өз орнын таппауы да мүмкін. Мысал келтіре кетсек, антикалық мәдениеттегі Сократ ғұламаның адамның жеке тұлғасына деген қызығушылығы өз уақытында қажетті қолдау таппаған көрінеді. Ал енді мыңжылдық уақыт шамасынан кейін келген Италиялық гуманистердің ұран етіп көтерген мәселесі сол гуманизм болды, адамның жеке дара тұлғалық қасиеттерін марапаттау мұраты болды.
Ренессанс кезеңінде антикалық сұхбаттық дәстүр қайта жаңғыртылды. «Ренессанс өз алдына диалогтың қайталанбас болу мүмкіншілігі еді. Индивидтегі ренессанстық емес мәдениеттердің кездесуінің өзі ренессансты болды»[14]. Италиядағы ренессанстық типтегі мәдениеттің пайда болуы жанжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастардың қалыптасуымен байланысты жүзеге асты.
Адамдардың ғана емес, сонымен қатар халықтардың да тарихи жады таңдаудан тұрады. Керек дегенді есте сақтап, қаламағанын, ұятсынғанын ұмытуға тырысады. Сондықтан болар қазіргі еуропалық халықтар мұсылмандарды өздерінің алғашқы тарихи ұстаздары ретінде қарастырғысы келмейтіндігі. «Еуропоцентризм» деп тек қана грек-римдік және оның мұрагері — батыс-еуропалық мәдениетті ғана адамзаттың жалпыға ортақ өмбебап жолы деп танитын көзқарастар жиынтығын айтамыз. Нәтижесінде, Батыстан Шығысқа мәдени ықпал ету аймағы жылжыды делінеді де Шығыстың Батысқа тигізген әсері туралы тым үстірт айтылады. Ал шындығына келер болсақ, алдында айтып кеткен Ренессанс мәдениетінің түп-тамыры тек антикалық әлемде ғана жатпаса керек, шығыстық, соның ішінде араб-мұсылмандық мәдениетке де байланысты екендігі аян. Олай деуімізге бірден-бір себеп Батыстың өзінің грек-римдік мұрасын, соның ішінде өсіресе еуропалық ортағасырлық шіркеу әлемі төркілеген философияны, ондағы ұлы тұлғалар шығармашылығын араб-иран әлемінің аман сақтап қалу арқасында иеленгендігін ешкім жоққа шығара алмайды.
Мәдени даму тік бағытгалған процесс емес. Онда үнемі ескінің жаңамен, өзіндік мұраның басқалармен қызу қарым-қатынасы жүріп жатады. Мәдени бірегейлі мәдениетгердің бір-біріне ықпалын, өзара байланысын жоққа шығармайды. Мәдени өзара байланыс кеңістігі ұлан-ғайыр. Біздің Ортаазиялық аймақ та бірнешеме діндердің, мәдениеттердің өзара ықпал аймағы болып табылады. Оған басты себептердің бірі — Ұлы Жібек жолының осы территориялар арқылы өтуі еді. Ұлы Жібек жолы шынында да Батые пен Шығыстың ұлы мәдениеттерінің сұхбаты, ұлы діндердің кездесу орны болды.
Буддизммен қатар Ұлы Жібек жолы арқылы христиан діні де қазіргі Қазақстан территориясына В ғасырда несторианство ретінде енген болатын. Тек ВЫЫЫ—ЫХ ғасырға қарай, яғни исламның Қазақстанда орнығуына байланысты несторианство да, буддизм де өз орнынан ысырылды. Болмыста ешнәрсе ізсіз кетпейді ғой, сол сияқты өткеннің барлығы Қазақстанның сұхбаттық аймаққа айналуына әсерін тигізді. Қазақ этносының ақ жарқын ашықтық, төзімділік, қонақжайлық сынды өзіндік ерекше қасиеттері көнеден келе жатқан діни-адамгершіліктік бай мұралардың тоғысуының нәтижесі десек артық айтпаймыз. Қазақ мәдениетінің өн бойына дарыған қарым-қатынас, араластық культі қазақтардың ешкімге ұқсамастай кеңпейілділігін, қонақжайлығын қалыптастырады. Қазақтар қарым-қатынас, ара л асу барысында өзіне, өзінің Меніне, өзінің позициясына көп мағына бермейді, Басқаның, сұхбаттасушысының көңілін аулайды. Әрбір сұхбаттың, әрбір қарым-қатынастың мәні қазақтар үшін Басқамен үйлесімділікке жетіп, Басқаның тілін табуда. Сөз жоқ: біздің баршамыз өр түрліміз. Түр өзгешелігі диалогтың алғышарты екендігі де рас. Мәдени өлеуметтік көп түрлілік жағдайында гуманизм — адамның жеке тұлғасының шартсыз құндылық екендігін мойындау әлемдегі бірлесе тіршілік етудің жалғыз дұрыс жолы болып табылады.
Мәдениет өзінің көптүрлілігімен және мүмкіншілік молшылығымен құнды. Бүгінгі таңда әлемде көптеген діни бірлестіктер, секталар, конфессиялар және одан да мол тілдер, ұлтгық мәдениеттер кездеседі. Қазіргі күні дін қандай жолмен дамиды, діннің мәдениеттің басқа салаларымен ара байланысы қай түрде жүргізіледі деген сұрақтарға біржақты жауап табу қиын. Ең бастысы, қай елде болмасын, қай мәдениетте болмасын ар-ождан еріктілігі қамтамасыз етіліп, басқа дінді ұстанушыларға төзімділік танытылса және де діндер «жабулы қазан» күйінде қалмай, бір — бірімен тепе-тең сыйластық рухындағы сұхбатқа түссе болғаны.
Пайдаланған әдебиет
↑ Қазақ Энциклопедиясы
↑ Гердер И.Г. Идеи к философии истории человечества. — М., 1977. — С. 252
↑ Қазақтың дүниетанымы. Алматы, 1993, 36-бет
↑ Ә. Наурызбаева, Н. Скалой. Диалогтың мүмкіндігі. «ӀПаһар», 1993, № 1, 8-бет
↑ 5,0 5,1 Мәдениеттану негіздері: Оқулық. - Алматы: Дәнекер, 2000. ЫСБН 9965-485-34-8
↑ Бердяев Н.А. Воля к жизни и воля к культуре. На переломе. — М., 1990. — С. 78
↑ Хамидов А. Шығыс және Батые: дүниелік қатынас және дүниетаным//«Шаһар». — 1993. — № 1
↑ Н.Я. Данилевский - Ресей және Еуропа
↑ Смысл и назначение истории. — М., 1971. — С. 32-33
↑ Библер В. Итоги и замыслы (конспект фило1 софской логики культуры//Вопросы философии. —1993. — № 5. С. 78
↑ Бубер М. Два образа веры. — М., 1995. — С. 109
↑ Назарбаев Н. Ғасырлар тоғысында. — Алматы, 1996. — 79-бет
↑ Библер В. Культура. Диалог культуры//Вопросы философии, 1989. — № 6. — С. 38
↑ Баткин Л. Итальянские гуманисты: стиль жизни, стиль мышления. — М., 1976. — С. 112
↑ Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арнлған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет. ЫСБН 9965-663-71-8
Достарыңызбен бөлісу: |