Ортаңғы топтың ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы



Дата10.10.2020
өлшемі59,88 Kb.
#64064


Ортаңғы топтың ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
№52 Шағын орталық тәрбиешісі:

Шингисбекова Кундизай Сейткадыровна



Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Дамыту ойындары

Тақырыбы: «Ойыншықтарды сандыққа саламыз»

Мақсаты: 1. Балаларды ойындар арқылы берілген тапсырмаларды белсенді орындай білуге үйрету.
2. Балалардың ойлау қабілетін, зейінін, зейін тұрақтылығын дамыту.
3. Балаларды достық қарым-қатынас жасай білуге, мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: құлпы, биік-аласа, тар-кең, жоғары-төмен, көлшік

Блингвалды сыңары:сандық-сундук, сиқыршы-вольшебник, ойыншық-игрушка

Заттық дамыту ортасы: сандық, үлкен сандық,сиқыршы, ойыншықтар, қуыршақ, моншақтар, күшік, қоян, геометриялық пішіндер, 2 шырша, қысқыштар, суреттер.


Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-

әрекеті

Моти-

вациялық

-қозғау-

Шылық

Шаттық шеңбері:

Тақпақ: Ойыншықтарым көп менің,

Бәрін жақсы көремін.

Кешке дейін жалықпай,

Бірге ойнап жүремін.

Жуындырып тазалап,

Күтіп ұстап жүремін.



Балалар тақпақты тыңдайды

Ұйымдас-

тыру-

іздестіру


  • Балалар, ойыншықтар туралы айтқаным бекер емес. Мен сендерді бүгін «Ойыншықтар әлеміне» саяхатқа шақырамын

  • Сендер ойыншықтарды жақсы көресіңдер ме?

Ойыншықтар туралы әңгіме.

  • «Ойыншықтар әлеміне» бару үшін біз кедергілерден өтуіміз керек. І кедергі: арықтан секіріп өту; ІІ кедергі: көлшік.Көлшіктен өту үшін екі көпір (жуан-жіңішке) қою.Көлшік туралы айтып өту.

  • Сонымен, балалар, қараңдаршы «Ойыншықтар әлеміне» келіп қалдық. Қандай көп ойыншықтар әдемі, керемет!




  • Балалар, мына ойыншықтардың ішінде үлкен сандық тұр екен.

Тосын сый: Сандық ашылады. Сандықтан сиқыршы шығады.Балалармен сәлемдесіп, өзінің сиқырлы елінен келгендігін т.б. айтады.

  • Балалар, мен сендерге құр қол келген жоқпын, өзімнің сиқырлы сандығымды ала келдім. Сендердің өнерлеріңді, білімдеріңді шыңдайын дедім.

Сандық ашылмайды.Сиқыршы өзінің «саусақ жаттығулары» арқылы жасалатын сиқырлы сөзін айтқанда, сандық ашылады.

1 тапсырма: қуыршақ – Айгул, көңілсіз болады.

Ойын «Моншақты жинау»

2 тапсырма: Сандықта күшік үреді. Көңілсіз болады.

3 тапсырма: Жұмбақ жасыру

Тікен- тікен тік пісте

Қысы жазы бір түсте

Ойын: Шыршаны безендіру



Сергіту сәті: Ақ қоян тұршы

Бетіңді жушы

Айнаға қарашы

Шашыңды тарашы

Бәтеңкеңді киіп

Бізбен бірге жүрші


4 тапсырма: «Ойыншықтарды сипатта»






  • Иә

Балалар тыңдайды
Балалар кедергілерден өтеді.
Балалар ойыншықтарға таңырқай қарайды.

Балалар таңырқай қарайды.


Сиқыршының сөзін тыңдайды

Сиқыршымен бірге саусақ жаттығуларын жасайды


Балалар моншақты жинап береді.

Күшікке геометриялық пішіндерден үйшік соғып береді.

Шешуі: «шырша»

Балалар екі топқа бөлініп, шыршаны қысқышпен безендіреді.

Балалар тәрбиешімен бірге өлең мазмұнына қарай қимыл-қозғалыстар жасайды.



Ойыншықтар туралы әңгімелеп береді.

Рефлек-

сивтік-

түзетушілік

  • Балалар біз бүгін не білдік?

  • Қайда саяхатқа бардық?

  • Ойыншықтар әлемінде немен таныстың? Не көрдік?

  • Ойыншықтарды ұқыпты ұстауымыз керек, достарымызға көмек көрсетуіміз керек.

Балаларды мадақтау






  • Ойыншықтар әлеміне

  • Сиқыршыны, сандықты ойыншықтарды

Балалар сұрақтарға жауап береді


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Берілген тапсырмаларды орындай білу керек
Нені игереді: Балалар бір-біріне көмек беруді, жануарларға қамқор болуды

Нені біледі: Ойынға қатысу арқылы ойын ережелерін сақтай біледі

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет