Мәдениеттанудың ғылым ретінде қалыптасуын сипаттаңыз



бет3/5
Дата31.12.2019
өлшемі113,01 Kb.
#55405
1   2   3   4   5
Байланысты:
-393665159-1


Би өнері Қазақ халқының би мәдениеті ежелден-ақ белгілі болған. Би – ұлттық өнердің басқа да түрі сияқты халық тұрмысына берік еніп, олардың әдет-ғұрып ерекшелігі мен іс-әрекетін бейнелейтін өнерге айналды. Бұрыннан сақталып келген еңбек қимылын көрсететін халық биі “Өрмек би”, аңшылар өмірін бейнелейтін “Қоян би”, әзіл-сықақ пен күлкіге құрылған “Аю биі”, “Насыбайшы”, “Ортеке”, “Қаражорға”, “Тепеңкөк” билері – ежелгі би мәдениетінің куәсі. Би қазақ халқының тұрмыстың болмысын, өнер сүйгіштігін жан-жақты аша түседі. Музыкалық фольклорда сахнада өлең айту, би билеу, билеп жүріп ән айту, т.б. сақталған. Халық арасында еңбек жылын қорытындылауға байланысты мереке өткізу, салтанат құру кең етек алды. Той-думандарда өнерпаздар би арқылы өнер жарысына түсіп, көрермендерге өздерінің бишілік шеберлігін көрсететін болған. Қазақтарда өзбек, тәжік және басқа мұсылман дінін ұстаған шығыс халықтарында сирек ұшырасатын қыз бен жігіттің қосылып билейтін жұп билері (“Қоян-бүркіт”) кездеседі. Бишілік өнер ұрпақтан ұрпаққа жалғасты, әр тайпаның өз өнер шеберлері болды. Олар сарайда және көпшілік алдында өнер көрсететін сайқымазақ-қуақы ретінде танылды. Қазақтың халық билерінің канондық түрі болған жоқ. Би өнері импровизациялық тұрғыда орындалды. Би сайыстарында эмоциялық жарқын сипат хореогр. көріністермен ұштастырылды. Бұл ерекшеліктер “Ұтыс” және “Сылқыма” билерінен көрінеді. Ат үстінде билеу өнерінің де өзіндік ерекшеліктері болды. Ерттеулі аттың үстінде тұрып билеу, атты өзінің ырғақ сазына бағындыратын нағыз кәсіби бишінің ғана қолынан келетін; Қазақ биі.

Қазақ цирк өнері көшпенді тіршіліктің ыңғайымен біте қайнаса дүниеге келді. Ат құлағында ойнап өнер көрсету, айтар ойды ыммен білдіріп, түрлі дене қимылдарымен жұртты күлдіру, салдық құрып, ел аралау, қуақы, әзіл-ажуа сөздермен көпшіліктің көңілін көтеру, бақсылық құру, т.б. жораларда цирк өнерінің алғашқы нышандары көрініс берді; Қазақ циркі.



Кино Қазақ киносы Қазан төңкерісінен кейін пайда болды. 20 ғасырдың басында Қазақстанда барлығы 13 жекеменшік кино залы жұмыс істеді. Олар негізінен ірі қалаларға (Семей, Павлодар, Өскемен, Ақмола (Астана), Қостанай, Ақтөбе, т.б.) орналасты. Верный (Алматы) қаласында бірінші киносеанстар 1910 жылдан көрсетіле бастады. Киноның алғашқы белсенді насихатшыларының бірі – Ә.Жангелдин болды. Ол 1913 жылы Еуропа мен Азия елдерінде саяхатта болып, Испания, Үндістан, Қытай, т.б. елдердің өмірінен түсірілген этнографиялық, тұрмыстық мазмұндағы 40-қа жуық лента мен жылжымалы кинопроектор алып келді. 1925 жылы Қызылордада өткен Қазақстан Кеңестерінің 5-съезін Мәскеу киношежірешілерінің пленкаға түсіруі Қазақстандағы бірінші кино түсіру қадамы болып саналады. Сол жылы орталық “Культкино” студиясы жасаған “ҚАССР-нің 1 жылдық мерекесі” атты тұңғыш деректі фильм шықты (қ. Кино). Киноның негізгі түрлері: көркем фильм, ғылыми-көпшілік кино, деректі кино және мультипликациялық кино, әдеби шығармашылықтың бір саласы, фильмнің әдеби, көркемдік негізі болып табылатын – кинодраматургия, кино өнерінің жанры, бейнелеу құралдарының бірі – киномузыка және тұтастай кино өнері мен оның ерекшеліктерін, түрлерін және жанрларын зерттейтін ғылым саласы – кинотану ғылымы дамыды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін де қазақ киносы өзінен бұрынғы дәстүрді лайықты жалғастыра отырып, әлемдік кино өнері туындыларының байқауларында жүлделі орындарға ие болды; қ. Кинофестиваль, Қазақ киносы, “Қазақфильм”.

Қазақ цирк өнері көшпенді тіршіліктің ыңғайымен біте қайнаса дүниеге келді. Ат құлағында ойнап өнер көрсету, айтар ойды ыммен білдіріп, түрлі дене қимылдарымен жұртты күлдіру, салдық құрып, ел аралау, қуақы, әзіл-ажуа сөздермен көпшіліктің көңілін көтеру, бақсылық құру, т.б. жораларда цирк өнерінің алғашқы нышандары көрініс берді; Қазақ циркі.

17.Араб мәдениетінің әлемі және ерекшелігі: мәдениеттанулық талдау жасаңыз

Араб мәдениеті — исламның әлемдік дінге айналуы негізінде қалыптасып, араб тілін ғылыми және әдеби тілге айналдырған араб және көне басқа да мұсылман халықтарының мәдениеті. Араб мәдениеті негізінде афроазиялық және еуроазиялық даланың көп аумағын қамтыған және қазіргі әлемдегі 8 супер өркениеттердің бірі — Ислам Өркениеті қалыптасты (жалпы тұрғындарының саны 1,5 млрд. адам). Араб мәдениетінің қалыптасуына Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка аймағыңда өмір сүрген ежелгі Шығыстағы өркениеттердің (Мысыр, Финикия, Вавилон, Шумер, Ассирия, т.б.) ықпалы мол болды

А. мәдениеті деп тарихи дамудың өн бойында араб халқы ғана жасаған мәдениетті де айтады. А. мәдениеті алғаш Бат., Орт. Және Солт. Арабияда туды. Мұның алдында сабей тілінде сөлейтін Оңт. Арабия халқының көне мәдениеті болған, ол өзіндік жазу түрін шығарған. Сирия, Ливан, ПалестинаИрактағы арамей халықтарының мәдениеті сияқты бұл мәдениет те жаңа туып келе жатқан Арабмәдениетінде елеулі әсерін тигізеді. 4 ғ. шамасында Арабтарда жазу шықты; ол арамей жазуының дамытылған түрі сияқты еді. 7 ғ-да Арабтың тоекратиялық мемлекеті құрылды. 8 ғ-дың ортасында жаулау нәтижесінде Арабия ұлан байтақ феод. империяға – Халифатқа айналды. Оның құрамында Арабтық Шығ., Солт. Африка, Иран, Ауғанстан, Пириней түбегінің басым көпшілігі, Закавказье мен Солт.-Бат. Үндістан кірді. Халифаттағы қатынас құралы араб тілі болды. Халифаттың қол астындағы халықтардың мәдениетің бойына сіңіріп, көне грек, эллин – рим, арамей, иран, үнді мәдениетінің зор жетістіктеріне сүйене отырып, арабтар Халифат құрамындағы өзге халықтармен игілікті қарым-қатынастар жасау арқылы мейлінше дамыған мәдениет жасады. Бұл мәдениет басқа халықтарға, атап айтқанда Бат. Европа халықтарына игі әсерін тигізді және дүние жүз. мәдениетке орасан зор үлес боп қосылды. А. мәдениетінің қалыптасып дамуында сириялықтар, парсылар, Орта Азия мен Кавказ халықтары үлекен дәуірлеп гүлденген шағы 8 – 11 ғ. болды.




Арабта екі түрлі мәдениет болды: феодалдар, бай саудагерлер, дін иелері жасаған мәдениет пен халық бұқарасы жасаған мәдениет. Еңбек шілердің антифеодалдық күресі әртүрлі мұсылман секталарының ілімінде бой көрсетіп отырды. Кейбір прогресшіл ақындар философтар, секталармен байланысты болды

Араб музыкасы арабтар жаулап алған елдер мен арабтар өнерінің тоғысуы нәтижесінде туып қалыптасты. Арабтардың «бәдәуи» дәуіріне жататын ескілікті муз. Мұрасы поэзия мен музыка бірлігі (синкретизм) арқылы ерекшеленеді. Араб музыкасы көне мәдениеттердің бірінен саналды. Арабтардың ертедегі профессионал әнші-ақындары (шайырлары) мен ән жанрының түрлері (хида – керуен әндері), соқпалы, үрмелі және шертпелі муз. аспаптары туралы деректер сақталған.



18. Табиғат пен мәдениет ұғымдарын байланыстыра отырып талдаңыз

Мәдениет (арабша “маданият” – қала, қалалық; латынша – өңдеу, өсіру деген ұғымдарды білдіреді):

1) белгілі бір халықтың қол жеткізген табыстары мен шығармашылығының жиынтығы;

2) адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері

3) адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті, т.б.);

4) агромәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет, т.б.).

Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады.

Мәдениет – философиялық ой – толғамның аса маңазды, терең теориялық мәнді ұғымдарының бірі. Мәдениет негізі – еңбек. Еңбек неғүрлым күрделі болған сайын, мәдениетте жаңа сипат алып отырады. Алғашқы еңбек бөлінісінен қазіргі кезеңге дейін еңбек материалдық өндіріс мәдениетін жетілдірудің негізі болып келеді. Мәдениат адамсыз жасалмайды. Адам дамуы мәдениетке байланысты. Тек осы өзара тәуелдікті анықтай алғанда ғана мәдениеттің адамзат тарихында, адам өмірінде алатын орнын түсінуге болады.

Адам — табиғат туьндысы және ол үшін табиғи орта мәңгілік қажеттілік болып қалады. Мәдениет адамнан табиғатты бөліп алады деген пікір қанша рет айтылса да, адамның табиғи шығармашылықтың ең жоғары үлгісі екендігіне күмән жоқ. И. Гердердің тілімен айтқанда, адам — табиғаттың бірінші азаттық алған пендесі.

Табиғат пен мәдениет барлық уақытта бірдей пара – пар болмайды. Олардың терең мәңгі айырмашылықтары да бар. Табиғат мәдениеттен бұрын, адам керкіне, санасына тәуелсіз пайда болған, ал мәдениет – адамдар қызметінің жемісі, олардың қажеттерін өтеуге негізделген.

Табиғат пен мәдениеттің – адамның табиғатқа қатысы, табиғат пен байланысы, табиғи ортаны игеру әдісі. Адамның табиғанқа қатысы оның қоғамдық тіршілік әдісіне негізделеді. Осыдан келіп адамның мәдени деңгейін анықтау керек. Табиғаттағы бары молая түсіп, азды аялай білу адам мәдениенінің даму денгейін көрсетеді.

19. Қазақ мәдениетінің типологиясын жіктеңіз

Қазақ мәдениетінің  әлемдік өркениетте алатын орны. Қазақстан мәдениеті тарихының  басты кезеңдері. Номадалық шаруашылық–мәдени тип –қазақ  мәдениетінің  архетипі.  Қазақстан жеріндегі көне көшпелілік мәдениеттер. Скиф – сақ өркениеті. Ежелгі сақтардың сенім – нанымдары, ментальдық ерекшеліктері және өнері. Әскери демократия және  прототүріктердің  ел басқару мәдениеті. Көшпелілер  тарих  катализаторлары ретінде. Прототүріктердің материалды және рухани мәдениеті. Ұлы Жібек жолы және прототүріктер.

Түрік халықтары мәдениетінің әлем өркениеттерінде алатын орны. Түріктердің алғашқы көшпелі мемлекеттері. Қазақстан  жеріндегі  ортағасырлық қалалық  мәдениеттер. Көшпелі және жартылай көшпелі халықтың материалды мәдениет  жетістіктері.

Оазистік диханшылық, сәулет өнері және металл өңдеу тәсілдері.  Орхон – Енисей мұралары және олардың түрік халықтарының  жазу мәдениетінің қалыптасуында алатын орны. Шамандықты мәдениеттанулық таңдау. "Қорқыт ата кітабы" – түрік мәдениетінің  өшпес мұрасы. Ренессанс әлемдік  құбылыс ретінде. Араб – парсы мәдениеті және Орта Азия. Орталық Азиядағы материалды мәдениет, қалалық сәулет және өнер.  Алтын орда мәдениеті.



20. Мәдениеттанулық тұрғыдан алғанда әлемдік діндердің рухани өмірдегі қызметін дәйектеңіз.

Әлемдік діндер - қазіргі дінтануда буддизм, христиандық және исламды әрқайсысына тән белгілеріне сай жинақтап көрсету: а) қазіргі кезде бір аймақтан немесе құрлық аумағынан шығып, кең таралуына орай; ә) осы діндердің кез келгеніне кіруге тайпалық, рулық, этноұлттық және кастакландық шектеулердің болмауы; б) діннің негізін қалаушылардың рөлі (Будда, Иисус Христос, Мұхаммед); в) діни-наным ырымдарының салыстырмалы түрде қарапайымдылығы; г) діни уағыздарында жалпыадамзаттық құндылықтарды ұстануды наным-сенімнің аса маңызды көрінісіндей бағалау; ғ) бұл діндердің ресми құжаттарында, мойындалған дінбасыларының уағыздарында дінаралық сыйласымдылыққа, ұстамдылыққа, өркениеттің ғаламдық мәселелерін (жаппай қыру қаруына тыйым салу және жою, мемлекетаралық қайшылықтарды шешуде бейбіт жолды таңдау, экологиялық апаттардың алдын алу, ашаршылықпен және індеттермен, соның ішінде, "өркениеттік" індеттермен - СПИД-пен, наркоманиямен, алкоголизммен, токсикоманиямен және т.б. күресу) бірлесіп шешуге шақыратын үндеулердің болуы шарт және дінге сенушілердің осы діннің саясатын қолдауға шақыратын мерзімдік іс-шаралары әткізіліп отырылуы керек. Жаңғыртылған иудаизм өкілдері иудаизмді, "Кришна санасының қоғамы" - өз жақтаушыларын, ал "Вера бахай" шіркеуінің өкілдері - өздерінің діндестерін әлемдік діндер қатарына жатқы- зады. Алайда, жоғарыда аталған үш ірі әлемдік діндердің қызметкерлері, діндарлары бүл қозғалыстардың әлемдік дін дәрежесін мойындаудан бас тартады



21. Қазақстан Республикасының мәдени ерекшеліктерін көркемдеп көрсетіңіз

  Мәдениет дегеніміз – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді.

  Ұлы Қазан төңкерісіне дейін қазақ елі патшалық Ресейдің артта қалған отары болып келді. Ол кезде қазақ арасында сауатты адамдар бірен-саран ғана табылатын еді. Театр, клуб деген болмады, қазақ тілінде кітап та шықпады, яғни бұдан халқымыздың мәдениеті мен өнерінің еміе еркін өмір сүріпдамуына тосқауыл жасалынды.

Кеңес үкіметінің орнауы, қазақ халқының көзін ашып, бірқатар маңызды істер атқарылды. Атап айтсақ қысқа мерзім ішінде сауатсыздық жойылды, білім беру жүйесінің негізі қаланда, мәдени ағарту мекемелері мен бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысы жолданды. Алайда Кеңес үкіметінің біржақты саясаты одақтас Республика халқының дәстүрлі мәдениетін, тілі мен өнерін дамытуды жоспарламады. Әсіресе қазақ халқының ана тілі мен діні, салты ауыр жапа шекті. Халықтың кәсіби мәдениеті мен дәстүрлі өнері бірдей қжымға ұшырады.

Тәуелсіздіктің алғашқы он жылдығын артта қалдырған еліміз үшін Қазақстанның ХХІ ғасырдағы болашағы көп жағдайда тұрақты ілгері дамып отыруында соңғы жылдарында ауыл тұрғындарының рухани өмірін зерттеуге ерекшеден қойыла бастады.

Ауыл тұрғындарының мәдени өмірінде болып жатқан сан алуан түбегейлі өзгерістер мен қоғамдағы жаңа этникалық процестер, мәдениет пен  тұрмыс саласындағы дәстүрлі және жаңа үрдістерді этнографиялық тұрғыда зерттеу нәтижесінде өзгерістердің бағыт бағдарын анықтауға мүмкіндік береді. Бұрынғы КСРО халықтарының рухани мәдениетінде болып жатқан сан алуан түбегейлі өзгерістер сол кезеңдегі Кеңестік этнографтардың басты назарында болды. Өткен ғасырдың 50-60 жж «колхоз» тақырыбына байланысты бірқатар еңбектер жарық көруі, отандық тарихына үшін елеулі оқиға болды, себебі бұл жұмыстардың арасында біздің республиканы да қамтып өткен бірнеше ұжымжық зерттеулер бар еді.

  Өткен ғасырдың соңғы онжылдығында республика аймақтарынның мәдени өміріне байланысты бірнеше кондидаттық диссертациялар қорғалды. Зерттеулердің хронологиялық шеңбері ХХ ғ  70-90 ж.ж, және Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан өңірлерін қарастырды.

Тәуелсіз Республикамыздың тарихи мәдени және этносаяси өмірінде Оңтүстік Қазақстан аймағының алатын орны ерекше. Бұл өңір еліміздің ежелгі, ортағасырлық жаңа және қазіргі заман тарихынан өте тығыз сабақтасып жатыр. Оңтүстік Қазақстан аймағы жергілікті қазақ халқының өзге этникалық топтардың арасында тығыз шоғырлануымен ерекшеленеді. Елімізде алғаш рет бой көтере бастаған мәдени нысандардың қалыптасып даму жолы сан қилы қарама-қайшылықтарға толы тарихи кезеңдерден тұрады.

Сырттай қарағанда жап жақсы көрінген соғыстан кейігі бостандықтың көрсеткіштері село еңбеккерлерінің азапты еңбегінің жоқшылығы мен аштығының өмір жастары, өмір дәрежесінің төмендігінің балалар мен әйелдер еңбегінің еркінен тыс жүргізілді.

Мектептегі оқу ісінің алдында 50 жж жаппай жеті  жылдық білім беру 60 жж сегіз жылдық, ал 70 жж, жаппай орта білім беру Республикамыздың барлық өңірлерінде мектептегі оқу ісін дамытуда кемшіліктер көбейді.

Көптеген ауыл, қала жастарының 10 жылдық мектептерді, техникумдарды бітіріп жоғары дәрежелі білім алуы, Республикамызда ауыл халқының тұрмыс мәдениетін барлық жағынан бірдей көтеру үшін берік негіз салынды.
22. Түркі Ренессансы және оның әлемдік мәдениеттегі орнын анықтаңыз

Шығыс Ренессансының талай елдерді қамтыған және 500 жылдан артық өркендеген типі мұсылмандық мәдени өрлеу дәуірі екендігі белгілі. Оның әл-Кинди, әл-Фараби, ибн-Сина, Фирдауси, Ж. Баласағұн, Қожа Ахмет Иассауи, Омар Хайям сияқты өкілдерінің рухани мұрасын меңгермей, қазір мәдениетті адам деп есептелу қиын. Бұл жерде осы ұлы құбылыстың мұсылмандықпен қатысы қанша деген сұрақ заңды туады.Оның негізі де бар.

Арабтар Орта Азия жерін 712 жылдан бастап жаулап алды. Осының нәтижесінде бүкіл афроеуразиялық даланы біріктірген ортақ мәдениет қалыптасуына мүмкіндік туды. Бұл жағынан алғанда ислам діні осы елдердегі мәдениеттерді араластырып қорытып жаңа үлгі шығаруға себепкер болды. Арабтар жаулап алған көптеген елдерде (әсіресе, Иран, Үндістан, Египет, Сирия) бұрынғы эллинистік өркениеттің рухы жоғалмап еді.Бұрыннан Орта Азиямен тығыз байланысты Қазақстан жеріне де ислам өз әсерін тигізді

. Еліміздегі көптеген түрік тайпаларының мемлекеттік бірлестіктері ислам дінін бірден қабылдамаған. Қарахандар мемлекетінде мұсылман дінін алғашқы қабылдаған қаған Сатұқ, ал оның баласы Мұса 955 жылы исламды Қарахандар мемлекетінің ресми діні деп жариялады. X ғасырда оғыздар мен қыпшақтардың да бірталай бөлігі мұсылмандыққа өтті. Жалпы алғанда, исламды қабылдау Қазақстан жеріндегі тайпалардың сол кездегі озық мәдениеттерге қосылуына мүмкіндік берді. Осы кезден басталған мәдени өркендеуге мұсылманның рухани өміріндегі екі бағыттың бір-бірімен тайталасы Қазақстан жерінде де өзінің терең әсерін қалдырды. Бірінші бағыт Платон,Аристотель сияқты грек философтарына сүйенген Шығыс перипатетикасымен байланысты. Оның негізін қалушы — дүниежүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы, ежелгі Отырар қаласында туған Әбунасыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн әл-Фараби ат-Түрки. Әл-Фарабидің рухани мұрасы қазақстандық және басқа ғалымдар тарапынан ойдағыдай зерттелген. Ал әл-Фарабидің өзі зерттеу жүргізбеген ғылым мен мәдениет саласы жоқ, Б. Ғафуровтың есебі бойынша, ол 200-ден астам трактат жазған.



23. XVIII – ХIХ ғғ. аралығында қазақ халқы мәдениетінің қалыптасуын талдаңыз

Сол тарихи кезенде елге танымал жырау Бұқар Қалқаманұлы (1693-1787) болды. Ол Баянауылда туып-есті. Оның жырларының непзп тақырыбы: Отанға деген сүйіспеншілік, халық бірлігі мен батырлық идеясына тоғысып жатты. Ол өз жырларында жоңғар шапқыншылығына қарсы қазақтың үлт азаттық күресінің батырлары: Бөгенбай, Қабанбай, Жәнібек сынды батырлардың ерліпн жырларына арқау етіп, оларды жастарға үлп етті. Бұхар жырау бір орталықтан басқаратын күшті мемлекет құруды мақсат еткен, үш жүздің басын біріктіру жолына күш-қайратын сарп еткен Абылай ханның қызметін дәріптеді. Өзінің «Сабалақ» атты жырында Абылайдың көрегендігін жырла-ды. Ол Абылайдың кеңесшісі болды, оны ісімен де, ақылымен де қолдап отырды. Оның: «Әй, Абылай, Абылай!», «Ей, заман-ай, заман-ай!», «Ашуланба, Абылай!» т.б. жырларынан біз сол замандағы тарихи оқиғалардың қыр-сыры жайлы мәліметтер аламыз. Буқар жырау өз халқына: «таусылмас мал азабы үшін өзіңді-өзің қинама, мал өледі, жер сен өлген соң да қалады. Алланың бергеніне разы бол, өзіңнің беделіңді сақта»,- деп береке-бірлікке шақырады. Сол уақыттағы ақын, жыршы Тәттіқара, эпикалық ақын Ақтамберді жырау (1675-1768), әйплі Шал ақын (1748-1819) т.б. жыршы, жыраулар халқының мұң-мұқтажын пенделіктен жоғары қойған ұстанымдарымен танымал болды. Олар батырлардың ерліпн дәріптеді, ал ел басына қауіп төнген көзде халық-ты ерлікке, батырлыққа, күреске шақырды. Халық ауыз әдебиетіндеп «Елім-ай!», «Қап қағылған», «Шаңды жорық» сияқты туындыларда қазақ халқының жоңғарларға қарсы жүрпзген Отан соғысының оқиғалары баяндалды. Қазақ халқы музыка өнеріне ерекше мән берген. Халықтық ән-күйі енөрі жақсы дамыды. Сырым Датүлы көтерілісіне «Сырым сазы» күиі арналды. Сол заманның атақты домбырашы сазгері Байжігіт халық арасында кеңшен танымал болды. Ол «Ақтабан шұбырынды», «Қайыңсауған» (ақтабан шұбы-рынды кезінде аштықтан аман қалу үшін халық қайың шырынын ішкен) т.б. тарихи тақырыпқа арналған күйлер шығарды

XIX ғасырдың басындағы музыкалық және ақындық енерде Исатай батыр бастаған көтеріліске, оның серігі батыр, ақын Махамбетке арналған өлең-жырлар халық арасында кең тараған. Ал еркіндік, Отанға деген махаббат тақырыбы Махамбеттің «¥лы арман», «Сұлтан Баймағанбетке», «Жәңпрге», «Қызғыш құс» және т.б. өлең-жырларына арқау болған. Ол көтерілісшілердің қайсарлығын, Исатайдың көзсіз ерлігін жырлады. Сол кезде шығармашылық өнерін жаңа бастаған атақты күйші композитор Құрманғазы Сағырбайұлы (1806-1879) өзінің алғашқы шығармасы - «Кішкентай» күйін Исатай Тай-манұлына арнады. Қазақ жерінің Ресейге қосылуы елдің географиялық жағдайы мен қазба байлықтарын, экономикасын, тарихын, этнографиясын зерттеу үшін орыс-тың ғалымдары мен саяхатшыларының жүйелі түрде жұмыстар жүрпзуіне мүмкіндіктер ашылды.

Сондай-ақ үй ішін, ыдыс-аяқ, жиһаздарды безендіру, тері, жүн, ағаш, темір, тас еңцеу арқылы тұрмысқа қажетті бұйымдар жасау халықтық қолөнердің жоғары дәрежеде дамығанын айғақтаса керөк. XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы Ресей империясының өлкені толық отарға айналдыру процесіне тікелей байланысты болды.


24. Түркілердің мәдени мұрасының еуропалық және ислам әлемдеріне ықпалына баға беріңіз

Қазақстанда тұратын түрік ұлты өздерінің мәдени құндылықтарын барынша сақтауда. Еліміздегі түріктердің дерлік барлығы қазақ тілін меңгерген, орыс тілінде де сөйлейді. Қазақ, орыс мектептері мен түрік лицейлерінде білім алады. Жалпы түрік тілі – көне жазбалы тіл, ескі атауы – Осман тілі. Оңтүстік-батыс тобының оғыз бұтағын құрайтын түрікмен, азербайжан, гагауз тілдерімен бірге түркі тілдеріне жатады. Түркия Мемлекеті мен Кипр түрік республикасының мемлекеттік тілі болып саналады. Түрік тілі диалект сөздердің көп болуымен ерекшеленеді. Ататүріктің бастамасымен "Түрік лингвистикалық қоғамы" құрылған. Түрік тілін жаппай оқып-үйрену және жетілдіру қоғамның басты мақсатына айналды. Араб жазуынан латын әліпбиіне көшті. Түрік тіліндегі парсы және арабтың кірме сөздерін жоюмен айналысты. Реформаторлар түрік сөздерін жергілікті лексикадан, туыс тілдерден іздестірді, сондай-ақ ұмыт болған көнерген сөздерді жаңғырту арқылы, орхон, ұйғыр, т.б. көне жазба ескерткіштеріндегі сөздерді пайдалану тәсілімен де баламалар тапты. Кейбірі өздері неологизмдер енгізді. Қазақстанның кең байтақ жері ауылшаруашылық жұмыстармен айналысуға өте қолайлы болғандықтан, түріктер көп салалы шаруашылық, егіншілік және мал шаруашылығымен де қатар айналысады. Қолөнер саласы түріктер арасында аса дамыған. Дәстүрлі қолөнердің ішінен түрік жұрты тоқыма тоқу, жіп иіру мен тері өңдеудің шеберлері. Кілем тоқу өнері ұрпақтан ұрпаққа беріліп келеді. Халықаралық көрмеде түрік кілемдері ұдайы жоғары бағаланады. Қой жүнінен, ангор ешкісінің жүнінен, жібектен тоқылатын кілемнің караман, кула, гердес, кютахья, кайсери, конья деп аталатын түрлері бар. Қазақстандағы ұлттардың көбі тандыр пешін қолданады. Тандырға нан пісіреді, сондай-ақ, жағдайы нашар отбасылар тамақты да тандырда пісіреді. Кейбір түріктер тандыр орнына тұтқасы бар үш аяқты темір пеш мангалды пайдаланады.

Қазақстандағы түрік диаспорасына Түркия үкіметі тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп отырады. «Мико» ұлттық театры құрылып, түрік ұлтының мәдени және рухани дәстүрлерінің дамуына өз септігін тигізді. «Ахыска» түріктерінің ішінен шыққан жазушылар мен ақындардың кітаптарын шығаруға және көбейтуге Түркия үкіметі тарапынан жан-жақты қаржылық көмек көрсетіледі. Алматы облысының Қарасай ауданында шамамен он алты мың түрік тұрады. Қарасай аудандық түрік мәдени орталығын заңгер, ҚР адвокаттар Одағының мүшесі Камилов Илимдар Әлиұлы басқарады. Жергілікті түрік диаспорасының мүшелері түрлі фестивальдар, көрмелер, жарыстар, концерттер, спорт жарыстарын т.б үнемі өткізіп отырады. Қарасай ауданында халық аспаптары ансамблі мен ұлттық би топтары жұмыс істейді. Ауданда қазақтар мен түріктерден басқа ұлт өкілдерінің балалары баратын жексенбілік үш мектепте түрік тілі оқытылса, бес мектепте түрік тілінен факультативтік сабақтар өткізіледі. Еліміздегі түрік жұртшылығы «Біз — қазақстандық түріктерміз», «Еске алу күні», «Қазақстан халқының біртұтас отбасында», «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» сияқты түрлі фестивальдерді өткізіп тұрады. Халықаралық турнирлер мен қоғамдық саяси акцияларға белсене қатысып, белсенділік танытады.
25. ХХ- ХХI ғғ. басындағы қазақ халқының мәдениетін талқылаңыз

Қазақтың XX ғасырдағы мәдениеті. Абайдан басталған қазақ мәдениетіндегі тың сарын XX ғасырдың бас кезінде ары қарай жалғасты. Қазақ мәдениеті XX ғасырды әрі үмітпен, әрі түңілумен қарсы алды. Дүниежүзілік техникалық және демократиялық прогресс Азия орталығына да жете бастады. Ұлттық идея темір тордағы халықты толғандырып, оны азаттық үшін күресуге ұмтылдырды. Әрине, ұлт-азаттық күреске бүкіл Ресей империясын қамтыған революциялық және реформалық қозғалыстар да әсерін тигізді. Алайда Қазақстандағы толқулар тек орыс революционерлерінің ықпалымен болды деу жаңсақ пікір. Бірде-бір ресейлік саяси ұйым мен белгілі қайраткерлер империяны таратып, басқа ұлттарға азаттық әперу туралы мәселе көтермеді. Социал-демократтардың өздері Шығыс халықтарының оянуына панисламизм, пантюркизм айдарын тағып, күдіктене қарады. Мәселе, сонымен бірге Ресейдің халықтары әр түрлі өркениеттерге жататындығында. Батыс христиандарына жақын эстондар мен араб-парсы әлеміне түбірлес өзбек, қазақтардың арасында ортақ мәдени негіз тым аз еді. Өзіне туысқан халықтардағы сияқты Қазақстандағы мәдени қайтадан жаңғыру орыс экспансиясына қарсы шығудан басталды. XX ғасырдың басында қазақтан шыққан алғашқы саяси қайраткерлердің бірі Міржақып Дулатов қазақ халқының манифесі — «Оян, қазақ!» өлеңін жариялады. Ол түңғыш рет халықты ашық күреске шақырған ұран тастады: «Қазақстаннан болған социал-демократтарға бір ауыз сөз айтамын: Еуропаның пролетариясы үшін қанды жас төгуіңіз пайдалы, бірақ өз халқыңыз қазаққа артық назар салыңыз, орыстың қара халқының күнелтуі ауыр, сонда да алды ашық. Қазақ халқы алты миллиондық бір ұлы тайпа бола тұрып, басқа халыққа қарағанда жәрдемсіз азып-тозып кетер». (Оян, қазақ! 10-бет). Міржақып саяси мәселелермен қоса өз шығармасында қазақ мәдениетін тұйықтан шығаратын жолдар іздейді. Ең алдымен мәдени тоқыраудың себебін М. Дулатов бодандықтан көреді.

XIX ғасырдың ортасынан кейін қалыптаса бастаған жазба әдебиеті де кеңес Өкіметі жылдарында біршама табыстарға жетті. Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Бейімбет Майлин, Мұқағали Мақатаев сияқты көптеген ақын-жазушылар, социалистік реализм мен тап күресі идеологиясының шеңберінен шығып, өз шығармаларында халықтың көңіл-күйін, арман-тілегін, тыныс-тіршілігін шебер суреттей білді. Осы жылдары қазақ халқының мәдени тарихын зерттеп-білуге бағытталған біршама әрекеттер жасалды. Бұл ретте қазақ эпосының негізінде көрермендерге ұсынылған «Қыз Жібек», «Айман — Шолпан», «Қозы Көрпеш — Баян сұлу», «Ер Тарғын», «Қалқаман — Мамыр» сияқты опера, көркем фильм, балеттерді атап өтуге болады. Тарихи ескерткіштерді қорғау, сақтау, Қазақстан тарихын көрсету мақсаттарында республикада көптеген мұражайлар ұйымдастырылды. 80-жылдарда республикада 47 мұражай, оның ішінде 29 өлкетану, 5 тарихи-мемориалдық, 4 әдеби-мемориалдық, 4 өнертану, 1 этнографиялық музей жұмыс істеді. Алайда тоталитарлық жүйе Қазақстан халықтарының мәдени толысуына ынталы емес еді. Мұны, әсіресе, мәдениеттің өзегі тіл мен дінге байланысты жүргізілген саясаттан көруге болады. «Феодализм мен алғашқы қауымдық құрылыс қалдықтарымен күресуді» желеу еткен Орталық 20-жылдардан бастап мешіт пен медресе мүлкін тәркілеп, діни өкілдерді қуғынға ұшыратты. Ондаған түрік халықтары алдымен латын, кейін славян алфавитіне көшірілді. 1927—1928 жылдары билер соты жойылып, дәстүрлік заңдар жарамсыз деп жарияланды. Мәдениеттің таза партиялылығын жоғарыдан бақылаушы ұйымдар қатты қадағалап отырды. Баслит (цензура) мен Басрепертком баспасөз бен театрларда социализм идеяларына сәйкес келмейтін шығармаларға тыйым салды. 1991 жылдан бастап Қазақстан — тәуелсіз мемлекет. Ата заң бойынша, ол қазақ халқының өзін-өзі билейтін елі және басқа этникалық топтарға тең құқықтықты қамтамасыз етеді. Екі ғасырдан артық қилы заман Бұғалығын басынан өткізген ел енді ғана өзіне тән мәдениет пен өркениетті қалыптастыруға мүмкіндік алды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет