Мәдениеттанудың ғылым ретінде қалыптасуын сипаттаңыз


Қазақ мәдениетінің архетипі ерекшеліктерін талқылаңыз



бет5/5
Дата31.12.2019
өлшемі113,01 Kb.
#55405
1   2   3   4   5
Байланысты:
-393665159-1
11эконом теория

35. Қазақ мәдениетінің архетипі ерекшеліктерін талқылаңыз.

Архетип (грек, агсһе — бастау, tupos — бейне) — алғашқы үлгі, түпнұсқа. Архетип жалпы адамзаттық рәмізділіктің  негізіне, шығармашылық жасампаз қиялдың нәр алатын бастауына жатады. Архетип өнерде ерекше рөл атқарады. Мәдени архетиптер — бұл ілкі мәдени түпнұсқалар, адам және оның табиғат пен қоғамдағы орны жөніндегі түсінік-рәміздер, тарихтың терең қойнауларынан үзілмей «өсіп» шығып, қазіргі мәдениеттің нормалық-құндылық кеңістігінде өз маңызы мен мағынасын жоғалтпаған және бүгінгі адамдардың әрекеттеріне жалпы жоба беретін баптық-құндылық бағдарлар.

Ғалымдар қазақ эпостарының алғашқы нұсқалары түрік қағанаттары кезінде қалыптасқаны туралы көптеген дәлелдер келтіреді. Ең бастысы — батырлық уақытта қазіргі қазақ мәдениетінің архетиптері қалыптасқан. «Архетип» ұғымын ғылымға енгізген — К.Г. Юнг. Оның пікірі бойынша, мәдени тұлғаның рухани-шығармашыл қазынасын қауымдық тылсым құрастырады. Осы көмескі сананың, тылсымның құрылымдық бөліктерін архетиптер деп атайды. Оларға адамның рухани өмірін априорлы (тәжірибеге дейін) қалыптастыратын және оның іс-әрекетін, мінез-құлық жүйесін жалпылама анықтайтын құндылықтар қисыны жатады. Осының негізінде адамда «мендік» сезім, этноста ортақ уақыттық кеңістіктік өріс пайда болады. Архетип ұғымының ең басты белгілеріне уақыт пен кеңістік жатады. Өйткені оның тікелей хронотоптық сипаты бар және ол — уақыт пен кеңістіктегі мәдени әлемді адамның игеруінің негізгі шарттарының бірі. Әрбір халық өз мәдениетін еркін дамытуға мүмкіндік алған кезде архетиптеріне жиі оралады. Мысалы, соңғы кездегі мәдениет пен өнердің әр саласындағы «ұлттық негіздерді жаңғырту» идеясы осымен ұқсас. Бұл, әсіресе, тәуелсіздікке енді ғана қолы жеткен Қазақстан Республикасында да өтіп жатқан занды және прогрессивті құбылыс. Архетиптік уақытты жаңғырту дегеніміз әлемдік мәдениетте кездесетін фундаментализм (түп-тамырларды әсірелеу) және партикуляризмнен (мәдени оқшаулық, ерекше жол) бөлек құбылыс. Бізде жиі айтылатын «еуразиялық идея» мәнісі жағынан алғанда партикуляризмнің бір түрі және ол негізінен Ресей жерінде қалыптасқан.

.    Мәдениеттер диалоги кеңістігінде архетиптік уақытты жаңғырту мәдени әмбебаптылық идеясына қарсы келмейді. Сонымен белгілі бір мәдениеттің архетипіне оның өзіндік болмысын неғүрлым бойына толығырақ жинаған салт-дәстүрлік және өзіндік сана ерекшеліктерін қалыптастырған және дербес жүйе ретінде өркениеттер сұхбатында орын алған мәдени түп нұсқа жатады. Архетип көркемөнер тарихында да, әдеиет теориясында да маңызды орын алады.  Ол (грек, arche – бастау, топос – бейне ) – алғашқы үлгі, түпнұсқа мағынасын білдіреді. Архетип шығармашылық жасампаз қиял негізінде пайда болған, жалпы адамзаттың даму тарихында үстем болған көне бейнелер.   Мәдени архетиптер – алғашқы мәдени үлгілер, адамның көне тарихтан бері қарай келе жатқан жаратылыс, болмыс пен табиғат туралы  ұғым-түсінігінен қалыптасқан және қазіргі мәдени кеңістікте өз маңызы мен мағынасын жоғалтпаған, бүгінгі рухани құндылықтар әлеміндегі  бағдарлар.


36. «Қазақ халқының мәдени мұрасы» тақырыбына эссе жазыңыз

2003 жылы мемлекет Басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның үлкен  мәдени мұрасын, мемлекеттік тілде гуманитарлы білім қорын, тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруді, ұлттық әдебиет пен жазудағы көпғасырлы тәжірибені біріктіруді зерттеудегі бірыңғай жүйе қалыптастыруға бағытталған бағдарлама жасауды бұйырды. Бағдарламаны жүзеге асыру 2004 жылы басталған болатын және екі жылға есептелген. Кейін тағы екі кезең құрылды: 2007 жылдан 2009 жылға дейін және 2009 жылдан 2011 жылға дейін. «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы мәдениетке деген мемлекеттік қозғалысын анықтаған рухани және білім беру істерінің даму саласындағы негізгі құжат, стратигиялық ұлттық жоба болып кетті. Мұншалықты үлкен жобаны іске асыруды ТМД елдерінің ішінде алғаш бастаған Қазақстан.

«Мәдени мұраның» мақсаты – елдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, қалпына келтіру және сақтау, тарихи-мәдени дәстүрлерді қайтару, шет елде Қазақстанның мәдени мұрасын үгіттеу. Программа реализуется по нескольким направлениям: - ұлттық мәдениетке ерекше маңызы бар  тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру; - археологиялық зерттеулер; - қазақ халқының мәдени мұрасы саласындағы ғылыми жұмыстар; - ұлттық әдебиет пен жазулар тәжірибесін ортақтастыру, кеңейтілген бейне және жұмыс қатарларын құру.

Бұл «Мәдени мұра» «Қорқыт. Күй тарихы», «Номадтардың музыкалық мұрасы», «Ежелгі Түркістан сәулет ескерткіштері», «Жүсіп Ата кесенесі», «Тамғалы петроглифтері» және басқалар циклындағы деректі фильмдер. «Мәдени мұра» бағдарламасында саяхаттық кластерді дамытатын бағыттағы шаралар іске асырылады. Туристік маршруттарды құрғанда археологтардың кеңестері қолданылады. Жыл сайын елімізде және шет елдерде тарихи-мәдени мұрамызды дәріптеу бағытында шамамен 200 шара ұйымдастырылады. Жобаның масштабтылығын мұндағы қазіргі Қазақстанның бүкіл интелектуалды потенциалы қатысқаны көрсетеді: әдебиет пен өнет, философия, тарих пен этнография, тіл білу және т.б. академиялық институттар, Ұлттық кітапхана, еліміздің жоғарғы оқу орындары. «Мәдени мұра» бағдарламасы Қазақстан тарихындағы теңдессіз гуманитарлы акция бола тұрып, қазақ халқының ұлттық рухани байлығын әлемге паш етті.


37. Қазіргі замандағы дәстүрлі этикалық құндылықтарға мәдени тәрбиемен ұштастыра отырып баға беріңіз.

Бұл орайда біріншіден, ұлт бойындағы жоғалмаған рухани әлеуетті пайдалана білудің маңызы зор. Ислам жайындағы үстірт түсініктерге, жат мәдениет ықпалына көзсіз еруге, радикалды идеологияның жетегінде кетуге қарсы тұра алатын бірден-бір күш – біздің қазақы мұсылмандығымыз. Біздің қоғам ең алдымен өзінің мың жылдық мұсылмандық тәжірибесін – халықтың ғасырлар бойы қалыптастырған рухани құндылықтарын жаңғыртып, жандандырып, қоғам өміріне кеңінен енгізуі қажет. Жан тазалығына, ар тазалығына негізделген, сыртқы көріністегі емес, жүректегі иманды қасиет тұтқан ұлттық рухани құндылықтарымызға оралу, оларды кеңінен насихаттау арқылы радикалды идеологияға тосқауыл қоюға болады.

Екіншіден, әрбір ұлттың дәстүрлі рухани құндылықтарының сан ғасырлық уақыт сынынан өтіп, дәстүрлі қоғамды қалыптастырғаны, оның рухани бағдарларын айқындап, идеологиялық тұтастандыру және қоғамдық реттеу қызметін атқарғаны белгілі.

Үшіншіден, кез келген тұлға дінді жеке-дара сенім күйінде емес, барша рухани құндылықтармен, тұлғалық ұстанымдармен, өмір сүру салтымен тұтастықта қабылдайды. Осы негізде діннің өмір сүру формасы болып табылатын дәстүрлі рухани құндылықтарды жаңғыртуды мектеп қабырғасынан бастап жүзеге асыру рухани деңгейі жоғары, зайырлы, зияткер (интеллектуал), толыққанды тұлғалардың қалыптасуына мүмкіндік береді.

Төртіншіден, діни кітаптарға канондық мәтін ретінде емес, рухани тәрбие көздері ретінде қарау қажет. Осы тұрғыдан оларды шығаруға мемлекеттің мүдделі болуы және үлес қосуы – ішкі саясат тұрғысынан болсын, зайырлылыққа тән рухани-моральдық қағидаттар тұрғысынан болсын – заңды құбылыс

Бесіншіден, рухани тәрбие ошағы болып табылатын діни оқу орындарын дамытуды рухани тәрбиені сапалы негізге көшіру ретінде қарастырған жөн. Оларға мән бермеу және негізгі бақылауды мүдделі мемлекеттік орган назарынан тыс қалдыру – қолдағы үлкен күштен айрылу және сол күшті мүдделі тараптардың еркін пайдалануына, мүдделі емес тараптардың немқұрайды халге түсіруіне жол ашу болмақ.

Алтыншыдан, дін мәселесін тіл мәселесінен бөлек қарастырмау керек. Тіл – мәдениеттің жемісі. Тіл жоғалса ұғымдар жоғалады, ұғымдармен бірге құндылықтар күйрейді, құндылықтармен қоса мәдениет жоғалады.

Жетіншіден, қазақтың мәмілегерлігі – шарасыз көнбістік емес, парасатты мәмілегерлік; ғасырлар тәжірибесі негізінде қалыптасқан өмір сүру өнері, әдебі, мәдениеті. Мәмілегерлік келісімге қарай бір қадам артық жасаудан танылады. Бірақ мәмілегерлік – момындық та, төзімділік те емес.

Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік-саяси қатынастарды реттеуші және ішкі саяси үдерістерді тұрақтандырушы ретінде дәстүрлі құндылықтарды жаңғыртудың маңызы өлшеусіз. Дәстүрлі құндылықтарынан – рухани тамырынан қол үзбеген қазіргі қазақ қоғамының ішкі әлеуеті – біздің радикалды ағымдармен күрестегі негізгі күшіміз әрі үмітіміз.
38. ХХ-ХХI ғғ. Батыс Еуропаның жастар субмәдениеті және оның қазақстандық жастарға тигізетін әсерін талдаңыз.

Субмәдениет — дәлме-дәл аударымда «астыңғы мәдениет», ірі мәдени құрылым ішіндегі белгілі бір топтар, бірлестіктер мәдениеті дегенді білдіреді. Субмәдениет көбінде қоғамда өктем болып тұрған мәдениет пен әлеуметтік құрылымға оң немесе теріс қатынас нәтижесінде пайда болады. Қазіргі жағдайда субмәдениет үлкен аймақтық, ұлттық мәдени құрылым негізінде пайда бола отыра сол мәдениеттегі классикалық дәстүрден тысқары тұрады. Субмәдениеттің әлеуметтік бастауын әр түрлі жас ерекшеліктеріне байланысты топтар, бейресми бірлестіктер т.б. құрайды.

Түрлi музыкалық жанрлармен әуестенiп, өзiндiк «стиль» қалыптастыратын, бейнесi мен келбетi арқылы ерекшеленiп тұратын, сондай-ақ, iс-қимылдарында да белгiлi бiр өзгеше тұстары бар субмәдениет өкiлдерi қоғамның толық белсендiлерi болғысы келедi. Батысқа елiктегiш жастар қазiргi заманнан қалғысы келмейдi. Олардың барлығы, яғни бейформалдық бiрлестiктер өздерiне тән шаралар ұйымдастырып отырады. Соңғы аталған ресми емес бірлестіктер негізінен оқушылар, студенттер арасында психологиялық қалыптасу кезеңі мен ата-ана тарапынан болатын олқылықтардың қатарласуы салдарынан орын алады.


Жастардың бейформалдық бірлестіктерге кіруінің бірнеше себептері бар:

1. Отбасындағы түсініспеушіліктер, отбасына қарсы шығу


2. Мектептегі үлгермеушілік және мектеп ұжымынан оқшаулану
3. Барлық адамдар сияқты юолуды қаламау
4. Тұрақталу қалауы, өзіне көңіл аудартқысы келеді
5. Криминалдың әсер етуі
6. Мода қуу
7. Батыстық бейнеге еліктеу
8. Өмірлік мақсаты болмау
9. Жас ерекшелік, эмоционалдық қажеттілік т.б.

Мұндай топтарға жастар қай жолмен келеді немесе не әсер етеді дейтін болсақ, ол жастардың тікелей психологиялық ерекшелігімн байланысты, яғни ең алдымен, ата-ана­ла­ры мен мектеп тарапынан болатын ба­қы­лау­лардан босауға деген ұмтылыстан, эмо­­цияға аса берілгіштіктен, жасөспірімдік әсірелеушіліктен, өмірге қатысты ой­ла­ры­ның тым мінсіздігінен, адамгершілік ұста­ным­­дарының тұрақсыздығынан, жеке ада­ми құндылықтарының қалыптаспа­уы­нан. Қазіргі жаһандану заманында елімізде жастардың өз орнын тауып, жеке әлеуметтік топ болып, дұрыс бағытта дамуы қиынға соғуда. Олар­ға нағыз өмір туралы нақты кеңестер бе­ріп, уақытында өз өмірлік тәжірибемізбен бөлісіп, олардың бастан кешіргендеріне сыйластықпен қарауымыз қажет. Сондықтан отбасы жағдайы, мектеп қабырғасы жастардың қалыптасуының негізі болып табылғандықтан жастармен тең дәрежедегі позициясын ұстанып, тәрбиеге көбірек көңіл бөлгені дұрыс.
39. Батыс құндылықтарының қазақ мәдениетіне ықпалын сынаңыз.

Бүгінгі күні сәнденіп, ашық-шашық киінген қыздарымызды көргенде «батысқа еліктеушілік» деп бағалаймыз. Батысқа еліктейді екен, батыс қыздарымызды тәрбиесіздікке баулып жүр деп айыптаймыз. Батыс елдерінде асыл дінімізбен байланысы бар басқасын айтпағанда, шариғат шәлісін жамылуға тыйым салушылық, әсіресе, қоғамдық орындар мен мемлекеттік мекемелерде әйелдердің басына орамал тартып жүруіне деген теріс көзқарас кейін енгізілген жалған құндылықтардың нәтижесінен болып шықты.Өзерің әрі қарай эссе жазасыңдар түсініктерің бойынша.



40. Бұхаралық мәдениет ерекшеліктерін талдаңыз.

Бұқаралық мәдениет –

  1. әртүрлі тарихи кезеңдерде мәдениеттің әлеуметтік жіктелуі процесі нәтижесінде азды-көпті көрініс табатын әлеуметтік мәдени құбылыстардың жиынтығы;

  2. нақтылы белгілер мен мінездемелерге жауап беретін әлеуметтік феномен (жалпыламалыққа түсетін ауыртпалық, орташа семиотикалық тілдік нормаларға бағытталу, жаңа комуникациялық технологияларға сүйену, қызмет етудің коммерциялық мазмүны және т.б.;

  3. көркем мәдениеттің түрі (стилі) (мәні жағынан поп-мәдениетке, коммерциялық мәдениетке және әнерге жақын және т.б.), "классикалық", халықтық мәдениеттен алшақ және әнердің өмірдің аса маңызды салмақты саласынан ойын-сауық саласына ойысып, "сән сезімін" жоғалту және т.б.; ықпалдасу процестерінің күшеюі нәтижесінде стандартталған мәдени формалардың, ережелер мен бейнелердің кең таралуына жағдай жасайтын, трансұлттық мәдениеттің қалыптасуына себепкер болатын қазіргі мәдениеттің ерекше қабаты;

  4. қарабайыр, күңгірт сананы қалыптастырушы алдап-арбаушы, бірыңғайландырушы тетіктерді қамтамасыз етуші акпараттық қоғамның мәдениетінің тілі, ерекше белгілер жүйесі.

XX-XXӀ ғасырларда бұқаралық мәдениеттің кең етек жаюының басты себебі ақпараттандыру мен компьютерлендіруге байланысты. Мәдени өнімдерді тарату, көбейту, өңдеудің жаңа жағдайларында (баспа-көбейту техникаларының жаңаруы, радионың пайда болуы, кинематографияның дамуы, телехабарлардың таралуы, үн және бейне жазушы техникалық қүралдардың жетілдірілуі) ақпараттық-желілік жүйелердің даму қарқындылығы және әзара іс-әрекет принциптері ғылыми-техника- лық қайта құрулардың түбегейлі өзгеруімен, технология саласында күшті дамумен сипатталады (компьютерлік желілердің құрылуы, спутниктік таралым, онлайндық тораптардың және Интернеттің пайда болуы). Постиндустриалды қоғам мәдениеті бұқаралық және ақпараттық сипат алады. Жаһандану жағдайында этникалық мәдениеттің қатаң шекаралары шайылып, оның өзіндік этномәдени ерекшелігін сақтап тұратын "жабықтығы" жойылады. Этникалық мәдениетті діңгек түтатын ұлттық мәдениет - ол тек ресми, мемлекеттік мәдениет қана емес, әртүрлі субмәдениеттердің (оның ішінде бұқаралық мәдениет те кіреді) өзара ықпалдасуы нәтижесінде пайда болған ұлттық мәдениет жиынтығы. Бұқаралық мәдениет те біртұтас емес, ол көпқырлы. Ең күштісі - маргиналдық қабат, одан кейін танымал, жастардың субмәдениеті және т.б. жатады. Қазіргі жаһандану процесі жағдайында бұқаралық мәдениет трансұлттық мәдениеттің болашақ үлгісі ретінде қабылданады, басқа қырынан этникалық құндылықтарға және этномәдени өзіндікке қарсы тұратын мәдениет ретінде түсіндіріледі.

Мәдени құндылықтарды конвейерлік тәсілмен өндіру олардың тұлғалық шығармашылық мазмұнын кемітіп, адамдық жатсынудың жаңа формаларын қалыптастырады. Тек пайдалы көздеу ұлттық дәстүрлі мәдениетке жат әсіре сексуалдық, зорлық-зом-былықты, нәпсіқұмарлықты, арсыздықты, руханисыздықты дәріптеуге әкеп соғады. Бұқаралық мәдениет үлгілері қазақ халқының ұлттық құндылықтар сүзгісінен өтуі қажет.



41. Дәстүрлі қазақ мәдениеті мен заманауи жаңалықтар арасындағы қатынасқа баға беріңіз. Өз ойыңызды жазыңыз.
42. Жаһандану заманындағы қазақ халқының мәдениетіне сыни баға беріңіз. Жаһандану заманындағы қазақ халқының мәдениетіне сыни баға беріңіз. Өз ойыңызды жазыңыз.
43. Қазақстанның мәдени саясатын кесте түрінде сызып көрсетіңіз.

Мәдени саясат – қоғамның негізгі құндылықты бағыттары мен тұлғаның жасампаз бастамасын қалыптастыратын әрбір дамыған мемлекеттің басты идеологиялық тұғырнамасы. Мәдени саясатты жаңғыртудың қажеттілігін түсіне отырып, Мемлекет басшысы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстандықтардың бәсекеге қабілетті мәдени ментальдігін қалыптастыруға, заманауи мәдениет кластерлерін дамытуға бағытталған елдің мәдени саясаты дамуының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын әзірлеу және бекіту» туралы нақты міндет қойды. Бұл міндетті жүзеге асыру – 2050 жылға дейін Қазақстанның әлемдік мәдениет пен өнердің даму орталықтарының біріне айналуына мүмкіндік береді.



Мақсаттары: рухани жаңғырту және ұлттық сананы жаңарту, елдің біртұтас мәдени кеңістігін дамыту, қазақстандықтардың бәсекеге қабілетті мәдени ділі мен рухани жағынан биік болуын қалыптастыру, экономиканың сәтті дамуына, туристік тартымдылықты арттыруға және елдің халықаралық жағымды имиджін қалыптастыруға әсер ететін қазіргі заманғы мәдени кластерлерді дамыту және танымал ету.

Негізгі қағидаттар: Қазақстан Республикасы мәдени саясатының тұжырымдамасын іске асыру мынадай қағидаттарға негізделеді:

      1) жаһандық әлемде отандық мәдениеттің өзіндік болмысын айқындайтын жалпыұлттық мәдени мұраның басымдығы;

      2) мәдениетті өсу факторы және әлеуметтік дамудың қуатты ресурсы ретінде тану;

3) елдің мәдени саналуандығын кұрметтеу, көпэтносты Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрлерін қолдау және дамыту;

      4) шығармашыл тұлға мен мәдени өзін-өзі көрсету нысандарының еркіндігі;

      5) жаңа институционалдық бірлестіктер, қазіргі заманғы мәдени кластерлер мен озық технологиялар базасында мәдени орта бірлігі. Бұл қағидаттар бәсекеге қабілетті жаңа мәдени ділді қалыптастырудың өзегі болып табылады, оның негізінде қалыптасқан құндылықтар жүйесі, шығармашылық белсенділік, сұранысқа ие мәдени өнімді жасауға қабілеттілік жатыр. Отандық мәдениет сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге шығуға және әлемде кеңінен танымал болуға тиіс.

44.Ақындар және жыраулар поэзиясының мәдени-философиялық мағынасын тұжырымдаңыз.

Жыраулық поэзия - 15-18 ғасырлардағы қазақтың халық поэзиясы. Біздің дәуірімізге, негізінен, ауызша жетті. 15 ғасырдың орта шенінен бастап қазақ халқының төл мәдениеті өркен жая бастады. Көне, ортақ арнадан бөлініп, қазақ халкының дербес әдебиеті қалыптасты. Жыраулық поэзия қазіргі Қазақстан жерін қоныстанған ежелгі тайпалар туғызған бай рухани қазынадан нөр алды, ежелгі дәстүрлерді дамыту, тың тақырыптар игеру, жаңа мазмұн қалыптастыру нәтижесінде кемелденді. Қоғам, дін, этика, адамгершілік, қарыз бен парыз, ерлік пен ездік, байлық пен кедейлік, дүние мен дүние жайлы сан-салалы ойлар тоғысқан философиялық туындылар Жыраулық поэзияның терең дүниетанымдық сипатын аңғартады. Жыраулық поэзияның алғашқы өкілдері, кезінде бүкіл Дешті Қыпшақка даңқы жеткен Қодан Тайшы, Сыпыра жырауАсан ҚайғыҚазтұған жыраулар жаңа әдебиеттің ізашарлары ғана емес, көне мұраны жалғастырушылар деп те саналады. Асан қайғы туралы аңыздар ноғай, қырғыз, карақалпақ халықтарында да сақталган. Асан Қайғы - көптеген нақыл сөздердің, философиялық толғаулардың авторы. Ол өз өлең, толғауларында мемлекетті нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажетін насихаттайды. Сахара эпосын тудырушылардың бірі, ірі эпик ақын, ерлік жырларын шығарушы жорық жырауы әрі нәзік лирик болган Қазтуғанның (15 ғ.) біздің дәуірімізге жеткен жырлары табиғат аясындағы көшпендінің болмыс, тіршілік, өзін қоршаған орта туралы түсінігін бейнелейді. Қазтуғанның ұлттық бояуы қанық, афоризмдерге, көркем түстерге бай толғаулары туған әдебиетіміздің таңдаулы үлгілері қатарына жатады. Жыраулық поэзияның дамып, өркендеуіне Доспамбет пен Шалкиіз шығармалары айрықша әсеретті.

Ал Шал ақынның біздің заманымызға жеткен мұрасы тақырып жағынан алғанда біршама бай. Бұлардің, этика, мораль мәселелері, байлық пен кедейлік жайлы философиялық-дидактикалық үлгідегі туындылар, тұрмыстық олеңдер мен арнау жырлар. Екі ақын шығармағынан да әлеуметтік әуен айқын сезіледі. Жыраулық поэзия деген ортақ тақырыпқа біріктірілген 15 - 18 ғасырлардағы қазақ поэзиясы көне дәстүрді қайта түлетіп, жаңа тақырып, соны мазмұнмен дамытты. Осы тұста өмір сүрген және әдеби мұралары бүгінгі күндерге там-тұмдап болса да жеткен жыраулар шығармаларғы сол заманның тұтас бір шежіресін құрастырады. Олар да ел өміріндегі елеулі окиғалар, қоғамның ащы шындығы, халықтың әдет-ғұрып, салт-санасы бейнелі тілмен келісті корініс тапқан. Бұл кезеңде тол әдебиетіміздегі ұлттық дәстүр дамып, халық поэзиясы сапалы жаңа биіктерге к. өтерілді.

45. М.Қашқаридің мәдениеттанулық тұжырымдарына баға беріңіз.

М.Қашқари кім? Алғаш табылған күннен бастап түркі тілі тарихына үлкен бетбұрыс жасатып, қайта жазылып шығуына себеп болған, түркі тілдерінің бізге беймәлім қараңғы кезеңдерінен хабардар еткен «Диуан Лұғат-ит-Түріктің» авторы, Түркітану ғылымының негізін салушы, түркі лексикографиясының атасы, түркі тілінің тұңғыш диалектологы - Қашқарлы Махмұдтың өмірі жайында жазба деректер арқылы жеткен мәліметтер тым мардымсыз. Тек Диуанындағы там-тұмдап жеткен мәліметтерге сүйене отырып, Қашқаридің текті бір әулеттен шыққан ханзада, қызыл тілге шешен ділмар, найза лақтырғанда дөп тигізер асқан мерген, сондай-ақ заманының ең озық білімімен сусындаған білімпаз болып тәрбиеленгенін көреміз. Өзі жайында: «Түркілер арасында қызыл тілге ең шешені, ең әсерлі әңгімешісі, ең жақсы білім алған білгірі, ең текті әулеттен шыққаны және мықты найза лақтырушысы болғандықтан олар мекен еткен барлық шаһарлар мен аймақтарды аралап шықтым», - деген Қашқари әрі қарай «Диуанының» сөздік қоры жөнінде: «Түрік, түркмен, оғыз, шығыл, яғма және қырғыз тайпаларының сөздерін және олардың қыр-сырын анықтап шығып, қажетіме жараттым. Олардың әрбірінің тілі менің көкейіме ұялап, берік сақталып қалды. Мен оларды мұқият зерделеп, әбден тәртіпке келтіріп, жүйелеп шықтым», - дейді. Бұдан Қашқарлы Махмұдтың жалпы түркі тілдерінің сөздік қоры жайында асқан білгір болғандығын аңғарамыз. Өз дәуірінің жазба әдеби тілдерімен қатар, түркі тайпаларын аралап, жинақтаған сөздердің мағыналары мен формаларын, түрлі ерекшеліктерін еркін меңгеріп қана қоймай, көне түркі тілінің тарихи лексикасынан да хабардар болуы оның тілбілімін жетік меңгерген, аса білімпаз ғұлама-ғалым болып жетілгендігін көреміз.

«Диуани Лұғат -Ат Түрік »неүшін жазылды? Қашқари сүбелі еңбегінің жазылу мақсаты жөнінде «Диуанының» басында-ақ: «Мен Тәңірдің бақ-дәулетті түріктердің жұлдызында жаратқанын, ғарышты солардың хандығының үстіне айналдырып қойғандығын көрдім. Тәңір оларды «түрік» деп атап, елдік пен билік берді. Заманымыздың билеушілерін түріктерден шығарып, өзге халықтардың ерік тізгінін солардың қолына ұстатты. Оларды адамдарға бас қылды, хақ істерде оларды қолдады және олармен бірге болғандарды ғазиз, абыройлы қылды», - деп түрік халқының қадір-қасиетінің ұлылығын әспеттеп, дәріптеген соң ұлық Тәңірдің оларға деген ерекше ықыласын әрмен қарай былайша жеткізеді: «Сондықтан да оларға Тәңірдің өзі ат беріп, жер бетінің ең биік те, шұрайлы, ауасы таза жеріне орналастырған, оларды әскерім деп санаған. Себебі түркілер сүйкімділік, әдептілік, жарқынжүзділік, жүректілік, әділдік, кішіпейілділік, қария­ларды құрметтеу, сөзінде тұру секілді ізгі қасиеттерге ие». Осылайша түркілердің Тәңір сүйер көп қасиеттерін санамалап шыққан соң: «Түркілердің оқтарынан сақтану үшін ақыл иесі әрбір жан олардың жолын ұстануы тиіс. Олардың көңілін тауып, өзінің мұң-мұқтажын жеткізе білу үшін олардың тілін үйренуден басқа жол жоқ», - деп түпкі мақсатын жайып салады. Яғни, араб тілінің мәдениет пен өркениеттің, білім мен ғылымның, ең маңыздысы дүйім мұсылман шығыс халықтары ардақтаған Қасиетті Құран тілі ретінде дәуренінің жүріп тұрған шағында түркі лексикасының мағыналық әрі тұлғалық қасиет-сырларын аша отырып, оның шексіз байлығын көрсету арқылы түрік тілінің араб тілінен бірде-бір кем еместігін дәлелдейді. Түркілердің ізгі қасиеттерін дәріптеп, күшейіп келе жатқан түркі ұлысының болашағының зор екендігін ескертеді. Болашақ түркі тілінде екендігін насихаттап, өзге ұлттарды түркі тілін үйренуге шақырады. Жай ғана шақырып қоймай түркі халқының мақал-мәтелдері мен фразеологизмдерін, жыр-шумақтары мен нақыл сөздерінің, этнонимдері мен топонимдерін жан-жақты талдап, ұлттың әдебиеті мен мәдениетін, ізгілікке құрылған салт дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын, руханияты мен дүниетанымын таныту арқылы түркілерді, түркі тілін сүйгізуге ұмтылады. Шын мәнінде «Диуанды» мың жасатқан да осы қасиеті болса керек.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет