Сабақтың тақырыбы: егеменді ел қОРҒаны қарулы күштер



Дата23.08.2017
өлшемі90,39 Kb.
#25663
түріСабақ
Н. МОЛДАБЕКОВА,

63 негізгі орта мектебінің мұғалімі.



Шымкент қаласы,ОҚО

Сабақтың тақырыбы: ЕГЕМЕНДІ ЕЛ ҚОРҒАНЫ – ҚАРУЛЫ КҮШТЕР


Мақсаты: Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Пәнге деген қызығушылығын арттыру, тілге құрметпен қарау сезімдерін ояту, ұтқыр да шешен сөйлеуге баулу. Отанға деген сүйіспеншілік, бірлік, ұлтжандылық сезімдері мен Қазақстанда тұратын барлық халықтарды құрмет сезіміне тәрбиелеу.

Тәрбиелік мәні: Өскелең ұрпақты демократиялы қоғамда өмір сүруге үйрету, елжанды, тәуелсіз азамат – патриот тұлғаны тәрбиелеу. Халықтық мәдени мұраны, тарихты білуге, сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Сюжетті суреттер, президент, батырлар суреттері.

Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің суреттері, қанатты сөздері.



Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ өтілу барысы:

Ұйымдастыру

а) сәлемдесу

ә) сынып тазалығына көңіл аудару

б) оқушылар қатысымын қадағалау

в) құрал-жабдықтарын түгелдеу

г) оқушылар зейінін сабаққа аудару

2. Үй тапсырмасын еске түсіру, сұрау

А) мәтін мағынасын сұрау

Ә) жазба жұмыстарын тексеру

3. Үй тапсырмасын пысықтау:

1. Тіл туралы мақал-мәтелдер айту

2. Тіл туралы өлеңдерді жатқа айту

3-сұрақ


Ауызекі тіл дегеніміз не?

4-сұрақ


Жазбаша тіл дегеніміз не?

А) «Орамал тастау» ойыны

Орамал алған оқушылар тіл туралы мақал-мәтел айтып, теңге алады.

Мақал-мәтелдер:

1. Тіл қаруы – сөз

Сөз қаруы – ой

2. Қызыл тілден ашынғанда у тамар

3. Тіл ақылдың өлшемі

4. Жылататын да, жұбататын да – тіл

5. Тіл буынсыз, ой түпсіз

6. Тілде сүйек жоқ, таста тамыр жоқ

7. Тіл көңілдің кілті

8. Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір

9. Басқа бәле тілден

10. Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ

11. Жаманның тілі ащы, көк мияның гүлі ащы.

12. Ашынғанның тілі ащы.

13. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.

14. Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді

б) Оқушыларға тіл туралы өлеңдерін жатқа айтқызу

Гүлнәз: Тамаша таңдайға татып балдай,

Өз тіліңде жыр оқу бақыт қандай.

Жан-дүниең жарқырап сала берер,

Ағарып келе жатқан атып таңдай.


Диас:
Жырлатқан қазақтардың қазақтығын,

Жырлатқан елдік, ерлік азаттығын.

Жұлдызды құдіреттің туы болған,

Жауынгер ана тілім – қазақ тілім.
Айдар:
Құдірет берген ана тілі талай ұлға,

Қасиетті тілімнің арқасында.

Ерікті ел боп алысқа қарайында,

Ана тілім, күмбірле сарайымда.


Олжас:
Қазақ тілі – халық тілі,

Тіл аманда – халық тірі.

Тіл ұстарту, тіл сындыру,

Сөз сиқырын, кілтін білу.


Ұлдана:
Қаның жаның тілінде,

Арың жаның тіліңде.

Ұмтыл оны білуге,

Тілден алып ғибрат,

Құлшынасын білімге.
Аяулым:
Ана тілің – ертегің,

Ана тілің – өркенің.

Ана тілің – ертеңің.

Қадірле ана тіліңді,

Жүрегіңнің бөлшегін!
Назерке:
Ана тілді білмесем,

Шат-шадыман күлмес ем.

Жер бетінде сайраңда,

Қазақ болып жүрмес ем.


Алишер:
Ана тілің – арын бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.


Аяулым:
Любой язык по – своему велик,

Бесценное наследство вековое.

Так берегите свой родной язык,

Как самое на свете дорогое.


Айдар: – Ауызекі тіл – бір-бірін көріп және естіп тұрған адамдардың өзара қарым-қатынасы, әңгімелесуі.

Алишер: – Жазбаша тіл – адамдардың хабарды жазып беруі.

Олжас:

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Бұл тіл өмірге келген күнімізден таныс. Анам маған арнап осы тілде бесік жырын айтты. Біз өз тілімізді құрметтеуге міндеттіміз. Ана тіліне ұқыпсыз қарау мәдениетсіздіктің белгісі.



Көрініс: «Тілім менің – досым менің»

Түсіндіру: Бұрынғы заманда ежелгі Грекияда әйгілі жазушы Ксанф пен оның қызметшісі Эзоп өмір сүріпті. Бір күні Ксанф Эзопты шақырып алып: Эзоп бүгін маған қонақтар келеді, сен соларға дүниедегі ең жақсысынан тағам жасап берші, дейді. Біраз уақыт өткен соң, міне қожайын айтқаныңызды орындадым деп, Эзоп жасаған тамағын ұсынады. Ксанф таң қалып, тілден тамақ жасағансың ба? – дейді. Ия, осы тіл арқылы біз білім аламыз, ғылымды игереміз, тіл арқылы татуласамыз, қуанамыз, қуантамыз, махаббатымызды білдіреміз. Сондықтан да, дүниеде тілден артық ештеңе жоқ, – дейді. Ксанф Эзоптың ақылдылығына таң қалып, келесі күні және тапсырма береді. Ксанф кеше сен менің қонақтарыма дүниедегі ең жақсыдан тағам әзірледің, ал, бүгін маған дүниедегі ең жаманынан тағам жасашы дейді. Біраз уақыт өткен соң: мінекей тапсырмаңызды орындадым деп тағамын ұсынды. Ксанф: Эзоп, мынау қайтадан тілден жасалған тағам ба? Сен ең жақсысы тіл деп едің ғой? Неге қайтадан тілден тағам жасағансың?

Эзоп: Бұл өмірде тілден жаман не бар? Тіл арқылы адамдар бір-бірін ренжітеді, өтірік айтады, қулық жасайды. Тіл адамдарды бір-бірімен жауластырады, соғыстырады. Сондықтан дүниедегі ең жаман да тіл. Ксанф: Келісемін, дүниедегі ең жақсы да – тіл, жаман да – тіл деген екен.

Мұғалім: Сонымен, Оқушылар барлығы:

Ең тәтті де – тіл!

Ең ащы да – тіл!

Ең жұмсақ та – тіл!

Ең қатты да – тіл!

4. Жаңа сабақ

Еліміздің Конституциясының 36-бабында «Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті борышы және парызы» деп атап көрсетілген. Отанды қорғау үшін қарулы күштер ұйымдастырылады. Республика Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы – Президент.

Президент Қарулы Күштердің жоғарғы қолбасшылығын қызметке тағайындайды.

Он сегіз жасқа толған әрбір азаматөзінің Отан алдындағы борышын өтеу үшін әскер қатарына шақырылады.

Қазақстанның Қарулы Күштері құрлықтағы әскер тобынан, әскери әуе күштерінен және әкери теңіз флотынан тұрады. Бұлардан басқа Президенттің тікелей өз қарамағындағы әскер тобы – ұланы бар.

Біздің халқымыз қашаннан көрші елдермен жауласпай, бейбіт қатар өмір сүруді жақтаған. Бұл туралы қазақтың атақты биі Қаз дауысты Қазыбек би былай деген:

«Біз қазақ – мал баққан елміз,

Ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз.

Басымыздан құт береке қашпасын деп,

Жеріміздің шетін жау баспасын деп,

Найзамызға үкі таққан елміз.

Ешбір дұшпан басынбаған елміз,

Басымыздан сөз асырмаған елміз.

Достықты сақтай білген елміз,

Дәм тұзды ақтай білген елміз».

Қазақ хандары 15-18-ғасырларда жасақтардан тұрақты әскер ұстаған. Бірақ шеттен қауіп төнгенде үш жүзге жар салып, хан туының астына көп жасақ жинайтын болған. Ер азаматтар әскери айла-тәсілдерді үйреніп, туған жерін қорғауға әрқашан дайын тұрған. Еліміздің тәуелсіздігі үшін жанын аямаған Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Тайлақ, Малайсары, Баян, Райымбек т.б. батырлардың ерлігі халық арасында аңыз, әңгімеге айналған.

Ұлы Отан соғысы кезінде көп ұлтты Қазақстанның ұл-қыздары Кеңес әскері қатарында жаумен шайқасты. Олардың 10 мыңнан астамы ордендермен және медальдармен марапатталды. 500-ге тарта жауынгер Батыр атағын алды. Олардың ішінде Төлеген Тоқтаров, Сұлтан Баймағамбетов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Талғат Бегелдинов және басқалардың есімдері бар.

Ұлы Отан соғысы кезінде көп ұлтты Қазақстанның ұл-қыздары Кеңес әскері қатарында жаумен шайқасты. Олардың 10 мыңнан астамы ордендермен және медальдармен марапатталды. 500-ге тарта жауынгер Батыр атағын алды. Олардың ішінде Төлеген Тоқтаров, Сұлтан Баймағамбетов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Талғат Бегелдинов және басқалардың есімдері бар.

Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерен ерліктері үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен даңқты аталарымыз Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсеновтерге Халық қаһарманы жоғары атағы берілді.

Батыр бабаларымыздың ерлік дәстүрін біздің жауынгерлеріміз үлгі тұтады.



Сергіту сәті:

Ақбоз атқа мінемін,

Қолға қылыш аламын.

Ұрандап дабыл қағамын,

Мен Бауыржан боламын.

Олай болса, жауға соққы беріп, жалпы жұртты аман алып қалу үшін батырларды батылдыққа, елді бірлікке шақырған пайғамбар билерімізді еске түсірейікші:

Нұрмахан:

Даудан қашып жүріңдер, дүрлікпе тек!

Жаудан қашып, қор болып үрікпе, – деп,

Біріктірді қазақты Төле биі:

«Бақыт, Жеңіс азат күн-бірлікте!» – деп.

Көрініс: Төле би: «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді». Туған жері тұрақтаған тұғыры берік ел едік. Іргемізді ірітпей, бір жеңнен қол шығарып, бір жағадан бас шығарып, атам қазақтың абыройын сақтайық!

Қазыбек би: Үш жүздің басын біріктіріп, кең пейілді, бауырмал халқымызды бір тудың астына жинайық.

Әйтеке би: Қадірменді ағалар, айтқандарына менде келісемін. Бірақ сол халқыңды айраңдай бір құтыға жинап ұстайтын ел басшысын сайлайық.

Сабалақ батыр:

Армысыздар, ардақты аға билер!



Төле би:

Бар бол балам, өзің қай балсың?



Сабалақ батыр:

Мен бе? Мен...

Датты төрем, қойыңды бағып, қамқорыңда болған

Сабалақ балаң алдында тұр.

Батаңды бер!

Ел-жұртымнан ер жинап.

Ата-жауға найзағайша атылам!

Төле би:

Болайын деп тұрған бала екенсің

Бердім батамлы, балам:

Өзіңе-өзің кәміл бол!

Халқыңа әділ бол!

Жауыңа қатал бол!

Досыңа адал бол!

Нурмахан:

«Абылайлап» Сабалақ қол бастады,

Абылай хан атанып ел басқарды.

Ерлігінен хандардың басталады,

Егемендік, елдіктің сел бастауы.

Мұғалім:

– Жарайсыңдар, балалар, олай болса Ұлы Отан соғысының ардагер батырларын еске түсіріп көрейікші. Олар кімдер? Ә. Молдағұлова, М. Мәметова, Б. Момышұлы.

Батырлар атында көшелер, жоғарғы оқу орындары, кітапханалар, музейлер, т.б мәдени ошақтар бар.

– Қазіргі кезде біздің білім алып отырған мектебіміздің өзі де осы Халық қаһарманы Б. Момышұлы атында екенін мақтанышпен айта аламыз. Олай болса Б. Момышұлы туралы бейнекөрініске назар аударайықшы. Балалар, сонымен қатар биыл Б. Момышұлының 100 жылдық мерейтойын атап өттік.

Интерактивті тақтаға жазылған Б. Момышұлының қанатты сөздерінің ішінен батырлық, ерлік, отан, достық туралы айтылған нақыл сөздерін ажыратып оқыту, мағынасын түсіндіру.



  • Балалар, батырларға арнап жазылған қандай өлең шумақтарын білесіңдер? Өлең шумақтарын жатқа айту.

  • Балалар, біз өз еліміздің тыныштығын сақтауға, қорғауға дайынбыз ба?

  • Әрқашанда дайынбыз!

  • Жарайсыңдар, балалар.

Дәптермен жұмыс

Сәуірдің жиырма екісі

Сынып жұмысы

Егеменді ел қорғаны – Қарулы күштер.

Қарулы күштер. Ұлан. Жоғарғы Бас қолбасшы

Жаңа сабақты пысықтау.

А) – Балалар, сендер мына гүлге қонған көбелектерді жануарлардың қай тобына жатқызасыңдар?

– Көбелек ұстағыларың келе ме?



  • Батырлық туралы мақал-мәтел айтқан оқушы өзіне ұнаған көбелегін ұстай алады.

  1. Батыр адам қол бастайды, шешен тар жерде сөз бастайды

  2. Айлалы батыр алдырмас

  3. Батыр жарасыз болмас

  4. Шын батыр сын үстінде танылар

  5. Шын батыр құрал таңдамайды

В) «Мәреге жету» ойыны

Сұрақтарға жылдам әрі дұрыс жауап берген оқушы мәреге бірінші болып жетіп, ондағы туды өз қолына алып, мемлекетіміздің туын биік ұстауға уәде береді.



Бағалау: Теңге алған оқушылар өздеріне айтылған сиқырлы сөздерді оқиды. Теңге, көбелек, ту алған оқушылар өте жақсы деп бағаланады.

Үйге жауынгерлік тапсырма: мәтінде келтірілген Қазыбек бидің



Сөзін жаттау, мәтінді әңгімелеу.

Қорытынды: ән «Атамекен»

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет