Мәдениеттің адам өміріндегі маңызы мен рөлі



Дата05.10.2023
өлшемі16,02 Mb.
#183888
Байланысты:
Мәдениеттану 1.СӨЖ Жұлдыз


МӘДЕНИЕТТІҢ АДАМ ӨМІРІНДЕГІ маңызы мен рөлі
Мәдениет
Дайындаған:Серікбаева Жұлдыз
ЖОСПАР
1
2
3
    • МӘДЕНИЕТ ТҮСІГІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ
    • МӘДЕНИЕТТІҢ АДАМ ӨМІРІНДЕГІ маңызы мен рөлі

МӘДЕНИЕТ
Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең.Мәдениет – тарихи құбылыс.
мәдениеттану пәні және оның атқаратын қызметі
Мәдени құндылығы арқылы адамның өмір салтын, жан-дүниесін, рухани қазыналарын байқауға болады. Біздің тіл мәдениетіміз, дін мәдениетіміз, салт-дәстүріміз-сонау ғасырлар үнінің жаңғырығы. Кез келген халықтың мәдениеті бос нәрсеге емес, адамдар мен оны қоршаған ортада әрекет етеді. Ол – заман ағымның өрісі. Мәдени нысанның ең басты артықшылығы оның тылсымдық қасиетінде. Мәдениеттің негізгі қайнар көзі, өзегі салт-дәстүр, әдеп-ғұрып болып табылады.Мәдениеттің адам өміріне тікелей қатынасы бар деп нақты айта аламын.
«Мәдениет дегеніміз не?» деген сұраққа жауап беру үшін бұл сөздің этимологиясына, яғни осы бір күрделі ұғымды білдіретін сөздің шығу тегіне тоқталуды жөн кәрдік. Қазақ тіліне бұл термин арабтың мадавият қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл ортағасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға болады. Бұл жерде алдымен көзге түсетіні мәдениет пен табиғатты «культура» мен «натураны» қарсы қоюшылық. Көне заманда «культура» деген ұғым «жерді өңдеу» деген мағынаны берген. Кейінірек, дәлірек айтқанда, Цицеронның еңбектерінде (б.э.д. 45 ж.) бұл сөздің мағынасы тереңдеп, «жанды жетілдіру» деген ұғымды білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдениет сөзі «білім беру», «даму», «қабілеттілік», «құрметтеу» сияқты мағыналарға ие бола бастады. Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген:
"Мәдениет түсігінің қалыптасу тарихы
Мәдениет туралы түсініктер
Егер Кантта, мәдениеттің мағынасы — адам бойындағы хайуандық сезімді ақыл-ойдың немесе адамгершіліктің (моральдың) көмегімен жеңуге әкеліп тіресе, ұлы ойшылдардың бірі Фридрих Вильгельм Шеллинг (1775—1854) мәдениетті эстетикалық тұрғыдан ұғынып-меңгеруді басты орынға қойып, мәдениеттің басты мазмұны: адамдардың көркемдік қызметі деп жариялады
Вильгелм Шеллинг
Кантта
XIX ғасырда мәдениет мәселелерімен тығыз айналысқан ғалымдардың бірі — ағылшын ойшылы Эдуард Бернетт Тайлор (1832—1917) болды. Ол «мәдениет жөніндегі ғылым — реформалар жөніндегі ғылым» деп тұжырымдай отырып, мәдениетті үздіксіз даму үстіндегі процесс деп қарастырды. Тайлор мәдениетке мынандай жалпылама анықтама береді. «Мәдениет пен өркениет кең, әрі этнографиялық мағынада — білімнен, наным-сенімдерден, өнерден, адамгершіліктен, заңдардан, салт-дәстүрлерден және қоғамның мүшесі ретінде адамның игерген дағдылары мен түрлі қабілеттерінен құралады».
Эдуард Бернетт Тайлор
Thanks!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет