Моль деп 0,012 кг көміртек изотобында ( ) болатын атом санындай құрылыс бірлігі бар зат мөлшері.
Молярлық масса деп зат массасының зат мөлшеріне қатынасымен анықталатын шаманы айтады.
(1.2)
Заттың молярлық массасы сан жағынан оның салыстырмалы молекулалық массасына тең болады.
Химияда атом мен молекуланың абсолюттік массалары өте аз шама болуына байланысты салыстырмалы шамаларды қолданады.
1961 жылы атом, молекула массасының бірлігі ретінде көміртек изотобының ( ) массасының бөлігі қабылданған, ол - атомдық масса бірлігі (ат.м.б.).
1 ат.м.б. = (1.3)
ma ( ) = , ат.м.б =
Салыстырмалы атомдық масса деп элементтің табиғи изотоптарының орташа массасының атомдық масса бірлігіне неше еселі екендігін көрсететін шама:
Ar (эл-т) = (1.4)
Ал, салыстырмалы молекулалық масса зат молекуласының орташа массасының атомдық масса бірлігіне неше еселі екендігін көрсететін шама:
Mr(зат) = |М| = Mr (1.5)
Заттың салыстырмалы молекулалық массасы оның құрамына кіретін атомдардың салыстырмалы атомдық массаларының қосындысына тең болады:
Mr(CхВу) = хAr(C) + уAr (В)
Мольдік көлем– газ көлемінің зат мөлшеріне қатынасымен анықталады.
= (1.6)
Қалыпты жағдайда (t =О 0С, Т = 273 К, р = 1 атм = 101,3 кПа) кез келген газдың 1 молі 22,4 л көлем алады, оны мольдік көлем деп атайды.
2.3 Ерітінді концентрациясы Ерітінді концентрациясы деп ерітіндінің масса не көлем бірлігінде, не еріткіштің масса бірлігінде еріген зат массасымен не зат мөлшерімен анықталатын шаманы айтады.
Ерітіндінің көптеген қасиеттері (Рауль заңдарымен анықталатын ерітінді үстіндегі еріткіш буының парциалды қысымының төмендеуі, ерітіндінің қайнау температурасының жоғарылап, қату температурасының төмендеуі) оның концентрациясына байланысты.
Ерітінді концентрациясын белгілеудің екі тәсілі бар: біріншісі – массалық (ω,χ,Сm(x)), екіншісі – көлемдік (С(х), С(fэ(х)), Т(х)) ал екеуін біріктіретін шама ерітінді тығыздығы (ρ).
а) Еріген заттың массалық үлесі (ω) – еріген заттың массасын ерітінді массасына қатынасымен анықталатын өлшемсіз физикалық шама.
(7.3)
Массалық үлесті 0 мен 1 аралығындағы сандармен белгілейді, оны пайызбен де беруге болады, ол үшін массалық үлесті 100%-ға көбейтеді:
(7.4)
Мысалы, судағы күкірт қышқылының массалық үлесі 0,2 не 20% дегеніміз – ерітіндінің 100 грамына 20 г H2SO4 және 80 г су болғаны.
ә) Заттың ерітіндідегі молярлық үлесі (χ) – компонент мөлшерінің жалпы ерітіндідегі зат мөлшеріне қатынасымен анықталады:
(7.5)
б) Моляльдылық (Сm(х)) – еріткіштің 1 кг-да еріген зат мөлшерімен анықталады:
(7.6)
а) Молярлы концентрация – еріген зат мөлшерінің ерітінді көлеміне қатынасы арқылы беріледі:
(7.7)
ә) Еріген зат эквивалентінің молярлы концентрациясы – заттың эквивалент мөлшерінің ерітінді көлеміне қатынасы арқылы өрнектеледі:
(7.8)
б) Ерітінді титрі деп ерітіндінің бір миллилитріндегі еріген зат массасын көрсететін шаманы айтады:
(7.9)
в) Ерітінді тығыздығы деп ерітіндінің көлем бірлігінің массасын айтады:
(7.10)
Абсолютті қатенің өлшенетін ақиқат мәнге қатынасын анализдің салыстырмалы қатесі дейді. Әдетте салыстырмалы қатені пайызбен, кейде бірлік үлесімен де көрсетеді:
Анализденетін компоненттің сынамадағы ақиқат мәні анализ нәтижесінде қатенің болуына байланысты белгісіз болып қалады. Тәжірибеде есептеу барысында ақиқат мэннің орнына шын мәнінде болатын мәнді қолданады, ол бірнеше параллельді анықтаулардың орташа арифметикалық мәніне тең болады.
Өлшеу қатесі көптеген факторларга байланысты болады: қолданылатын құрылғьшардың қандай дәлдік класына жататындыгына, өлшеу әдіетемесіне, байқаушының индивидуальды (жеке) қабілеті мен ерекшеліктеріне және т.б.