Мәди Хасенов атындағы Қошқарбай негізгі мектебі бойынша оқу-тәрбие жұмысының есебі І жарты жылдық 2016-2017 оқу жылы


ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ  БАСЫМ  БАҒЫТТАРЫ



бет5/11
Дата26.08.2017
өлшемі2,25 Mb.
#28357
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ  БАСЫМ  БАҒЫТТАРЫ

Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы өтеді.

1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

2. Рухани-адамгершілік тәрбие

3. Ұлттық тәрбие

4.Отбасы тәрбиесі

5.Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

6.Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

7.Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

8.Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

Сонымен қатар мектепшілік мерекелік іс шараларға жоспар құрылды.Жоспар бойынша жұмыстар атқарылып келеді.Аудандық білім бөлімінен келген іс шараларға жоспарлар құрылып бекітілді

1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық, құқықтық  тәрбиені қалыптастыру.

01.09.16 ж1,9 сыныптар арасында  Білім күніне арналған салтанатты шеру өтті. Бір тақырыптағы сынып сағаттар: «Мен елімнің патриотымын» тақырыбында сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен сынып сағаттары өтізілді. «Бақытты балалық шаққа құқық» атты окүндік өтті көрме ұйымдастырылды. РФ 316 атқыштар дивизиясының 75 жылыдғына орай Тарих пәні мұғалімі Әңгіме сабақ өткізді. Адам саудасына қарсы күрес және алдын алу іс шаралары жоспарланды.7 сынып жетекшісі Нұрмағанбет С.Б. «Құлдыққа жол жоқ!» атты дөңгелек үстел өткізді.Аудандық білім бөлімінен сетевой график түскен болатын сол бойынша жұмыстар атқарылып келеді. Бастауыш сыныптар «Қазақстан бала көзімен» атты суреттер көрмесін ұйымдастыруда.Мектептегі антикоррупция мәдениетін қалыптастыру мақсатында мектебімізде «Адал ұрпақ» тобы ұйымдастырылды. Бірнеше жұмыстар тапсырылды.Аудандық «Адал еңбек» атты сайысына 6 сынып оқушысы Досымбеков Мирас қатысты. Мектебімізде жас өрт сөндірушілер тобы құрылған. Бастауыш сыныптарда өртке қарсы жұмыстар атқарылады «Өрт досымыз,өрт жауымыз»атты сынып сағаттар өтті,8 сынып өрттің физикалылық,химиялық пайда болу себептерімен танысты. ЖЖИ тобы аға тәлімгер көмегімен бастауыш сыныптарға жолда жүру ережелерімен таныстырып ертеңгілік қойылымдарын ұсынды. Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің 2016 жылғы 11 қарашадағы № 1584, облыстық білім басқармасының 2016 жылғы 14 қарашадағы № 1185 хаттарының негізінде қыс мезгілінде қайғылы оқиғаларды болдырмау мақсатында 2016 жылғы 25 қараша күні мектебімізде «Қыс мезгілінде оқыс жағдай болған кездегі әрекет» тақырыбында сабақтар ұйымдастырылды. Сабаққа мектептің балық 36 оқушысы қатысты. Оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. «Оқыс жағдайға қалай тап болмау керек?», «Мұз үстінде қалай өзін ұстау керек?», «Үсік алған кездегі әрекет» атты жаднамалар таратылды.




25.11.16 – 10.12.16 уақыт аралығында "Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн" атты онкүндік өтті.Кітапханашы көмегімен «Зорлық зомбылықсыз әлем» атты көрме ұйымдастырылды. "Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн" атты флеш моб өтті жауапты болған мұғалім Нұрмағанбет С.Б. «Мен зорлық- зомбылыққа қарсымын» атты сынып сағаттар, тренингтер өтті. Мектеп психологы «Зорлыққа жол жоқ» атты тренинг өткізді.Бұл онкүндік ішінде мектеп оқушылары және мұғалімдер белсенді қатысты.





25.11.16 күні ҚР Туелсіздігінің 25 жылдығына байланысты бірқатар іс шаралар атқарылды. Сынып сағаты «Қызыл кітап» мақсаты: Оқушыларға «Қызыл кітап» және оның рөлі жайында мағлұмат беру, оқушыларға тапсырмалар бере отырып, қызығушылықтарын, ой — өрістерін, ойлау қабілеттерін арттыру, оқушыларды өз беттерінше жұмыс жасауға, бірін — бірі тыңдап, өз ойларын білдіре алуға, алған білімдерін іс — жүзінде қолдана білуге тәрбиелеу, суреттер сайысы «Парақорлық дегеніміз не?» 5- 6 сыныптар арасында оқушылар өз ойларын парақ бетіне түсірді, үздігі Кекин Сергейдікі болып шықты ,«Мен Тәуелсіздікті жырлаймын» атты сайыста балалар өз елінің нағыз патриоттары екенін дәлелдеді . Жоғары сыныптарда дөңгелек үстел «Елбасының ауқымды жоспарлары». Оқушылар берілген тақырыпты қызығушылықпен талқылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет