ЕСЕП 4. Науқас С., 26 жаста, ауыр халде жедел жәрдеммен клиникаға жеткізілді.
Шағымдары:бас айналу, құлағы шулау, көз алды қарауытады, шөлдеу, кенеттен жалпы әлсіздік, оқтын-оқтын естен танып қалады.
Анамнезінде: Он екі елі ішектің жара ауруымен ауырады. Соңғы екі күнде үлкен дәреті қара май түсті болған.
Қарағанда: Жалпы жағдайы ауыр, терісі бозарған, ылғалды, дене қызуы төмендеген. Өкпесінде везикулалық тыныс, ТАЖ минутына 24 рет. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. Пульс минутына 96 рет. АҚҚ 80/50 мм.сын.бағ. Іші жұмсақ, ауырмайды.
1. Науқастың шағымдарының даму механизмін түсіндіріңіз.
2. Объективті тексергенде анықталған белгілердің механизмін түсіндіріңіз.
3. Қай жүйенің ауруы деп ойлайсыз?
4. Науқастың ауыр халін немен түсіндіруге болады?