Медицина факультеті



бет6/18
Дата13.10.2023
өлшемі327,67 Kb.
#185191
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Ìåäèöèíà ôàêóëüòåò³

Анамнезінен: Науқас 2 жыл бұрын болған ауыр жол апатынан көп мөлшерде қан жоғалтуына байланысты қан құйылу манипуляциясын алған соң бірнеше айдан кейін вирусты С,D гепатитпен ауырған. Стационардан ем қабылдап, жағдайы жақсарумен шыққан. Алайда сол уақыттан бері қызыл иегінің қанағыштығы, жалпы әлсіздік, жұмысқа қабілетінің нашарлауы мазалап келеді. Науқас 5-6 айдан бері салмағы азайғанын байқаған. Жоғарыда аталған шағымдар бір аптадан бері мазалайды.
Объективті қарағанда: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Терісі сарғыш бозғылт, тілі мен ерні ашық қызыл түсті, теріде петехиялық бөртпелер, алақандарында эритемалар. Іші ұлғайған, тері астылық веналары білеуленген.
Өкпесінде везикулалық тыныс, ТАЖ минутына 20 рет. Жүрек тондары анық, ырғақты. Пульс минутына 64 рет. АҚҚ 90/60 мм.сын.бағ. Қағу белгісі екі жағында теріс мәнді.
1. Науқастың шағымдарының даму механизмін түсіндіріңіз.
2. Объективті тексергенде анықталған белгілердің механизмін түсіндіріңіз.
3. Қай жүйенің ауруы деп ойлайсыз?
ЕСЕП 4.
Науқас С., 26 жаста, ауыр халде жедел жәрдеммен клиникаға жеткізілді.
Шағымдары: бас айналу, құлағы шулау, көз алды қарауытады, шөлдеу, кенеттен жалпы әлсіздік, оқтын-оқтын естен танып қалады.
Анамнезінде: Он екі елі ішектің жара ауруымен ауырады. Соңғы екі күнде үлкен дәреті қара май түсті болған.
Қарағанда: Жалпы жағдайы ауыр, терісі бозарған, ылғалды, дене қызуы төмендеген. Өкпесінде везикулалық тыныс, ТАЖ минутына 24 рет. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. Пульс минутына 96 рет. АҚҚ 80/50 мм.сын.бағ. Іші жұмсақ, ауырмайды.
1. Науқастың шағымдарының даму механизмін түсіндіріңіз.
2. Объективті тексергенде анықталған белгілердің механизмін түсіндіріңіз.
3. Қай жүйенің ауруы деп ойлайсыз?
4. Науқастың ауыр халін немен түсіндіруге болады?
ЕСЕП 5.
Науқас М., 63 жаста, 15 жыл бойы қышқылдығы төмен созылмалы гастритпен ауырады, көп жыл бойы тәбеті төмен болған соңғы кезде тағамға қарай алмайды, әсіресе етті тағамға, шіріген иіспен кекіру, үнемі лоқсу мазалайды.
1. Науқастың шағымдарының даму механизмін түсіндіріңіз.
2. Объективті тексергенде не анықталуы мүмкін?
3. Қай жүйенің ауруы деп ойлайсыз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет