Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары


«Клиникалық зертханалық диагностика» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары



бет18/50
Дата05.02.2022
өлшемі1,2 Mb.
#130804
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50
Байланысты:
±9@K››0 › AK H0

23. «Клиникалық зертханалық диагностика» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары
80. Қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғалар үшін қажетті алдыңғы білім деңгейі – «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары, интернатура, медициналық-биологиялық іс (дәрігер – санаты) бойынша жоғары медициналық білім, интернатура.
81. Оқыту ұзақтығы:
1) қайта даярлау циклдерінде - 864 сағат/16 апта;
2) біліктілікті арттыру циклдерінде – 54/1-ден 216/4 сағат/аптаға дейін, оның ішінде сертификаттау циклдерінде – 108 сағат/2 апта;
3) оқу аптасының ұзақтығы 54 сағатты құрайды, оның ішінде 36 – аудиториялық (академиялық) сағат, 18 сағат – тыңдаушының өзіндік оқуы (өздік жұмысы). 1 академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутты құрайды.
82. «Клиникалық зертханалық диагностика» мамандығы бойынша біліктілік арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылып отырған тақырыптары (бағыттары) мыналар:
«Клиникалық зертханалық диагностикадағы инновациялық технологиялар»;
«Зертханалық зерттеу әдістерін талдау»;
«Клиникалық зертханалық диагностикадағы дәлелді медицина мәселелері»;
«Жұқпалы аурулардың зертханалық диагностикасы»;
«Гемостаз жүйесінің зертханалық диагностикасы»;
«Жұқпалы аурулардың диагностикасындағы серологиялық әдістер»;
«Паразитологиялық зертханалық диагностика»;
«Иммунологиялық статусты кешенді зерттеу»;
«Молекулярлық-биологиялық және генетикалық зертханалық диагностика»;
«Аурулар диагностикасындағы зерттеудің иммуноферментті әдістері»;
«Диагностикадағы зертханалық және аспаптық зерттеу әдістері»;
«Ағзаның биологиялық сұйықтықтарын микроскопиялық зерттеу»;
«Цитологиялық зертханалық диагностика»;
«Заманауи токсикологиялық зерттеу әдістері»;
«Зертханалық зерттеулернің сапасын сырттай бағалау»;
«Анемиялардың дифференциалды зертханалық диагностикасы».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет