Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары


«Жақ-бет хирургиясы (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары



бет26/50
Дата05.02.2022
өлшемі1,2 Mb.
#130804
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   50
Байланысты:
±9@K››0 › AK H0

35. «Жақ-бет хирургиясы (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары
116. Қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғалар үшін қажетті алдығңы білім деңгейі – «Стоматология», «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім, хирургиялық бейін бойынша интернатура.
117. Оқыту ұзақтығы:
1) «Стоматология», «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша (хирургиялық бейінді интернатура) жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде - 864 сағат/16 апта; ересектердің бет-жақ хирургиясы бойынша 432 сағат/ 8 апта балалар бейінімен; балалар бет-жақ хирургиясы бойынша 432 сағат/ 8 апта ересектер бейінімен;
2) біліктілікті арттыру циклдерінде – 54/1-ден 216/4 сағат/аптаға дейін, оның ішінде сертификаттау циклдерінде – 108 сағат/2 апта;
3) Оқу аптасының ұзақтығы 54 сағатты құрайды, оның ішінде 36 – аудиториялық (академиялық) сағат, 18 сағат – тыңдаушының өзіндік оқуы (өздік жұмысы). 1 академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутты құрайды.
118. «Жақ-бет хирургиясы (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілік арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылып отырған тақырыптары (бағыттары) мыналар:
«Жақ-бет хирургиясындағы инновациялық технологиялар», сонымен қатар балалар жасындағы;
«Пародонт ауруларын хирургиялық емдеу әдістері»;
«Тістердің, альвеолярлы өсіндінің және төменгі жақтың зақымданулары», сонымен қатар балалар жасындағы;
«Жақ сүйектерінің туа біткен және жүре пайда болған ақаулары мен деформациялары. Жақ сүйектерінің ақаулары мен деформацияларын дистракционды және компрессионды емдеу әдістері»;
«Бас және мойын аймағындағы туа біткен және жүре пайда болған ақаулар мен деформациялар кезіндегі реконструктивті-қалыптастырушы операциялар»;
«Тіндерді еркін көшіру. Терілі пластика, тері трансплантаттарының түрлері, қолдануға көрсеткіш. Бет аймағында сүйекті-пластикалық операциялар»;
«Беттегі қалыптастырушы пластикалық операциялар»;
«Тіс имплантациясы. Имплант конструкциясын таңдау. Имплантация әдістемесі»;
«Эстетикалық хирургия».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет