Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары


«Стоматология (тіс дәрігері, дантист, стоматолог ассистенті)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары



бет48/50
Дата05.02.2022
өлшемі1,2 Mb.
#130804
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Байланысты:
±9@K››0 › AK H0

63. «Стоматология (тіс дәрігері, дантист, стоматолог ассистенті)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары
200. «Стоматология» мамандығы бойынша қосымша медициналық білім беру бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғалар үшін қажетті білім деңгейі – «Стоматология» мамандығы бойынша техникалық және кәсіби медициналық білім (арнайы орта, кәсіби орта) «Стоматология» мамандығы бойынша («дантист», «тіс дәрігері», «стоматолог-дәрігердің көмекшісі» біліктілігі) немесе «Стоматология» мамандығы бойынша жоғары медициналық білім (еңбек өтілінде 5 жыл және одан да көп үзіліс болған қажеттілігі бойынша).
201. Оқытудың ұзақтығы:
1) қайта даярлау циклінде – 432/8 сағат/апта;
2) біліктілік арттыру циклінде – 54\1\сағат/аптадан 108/2 сағат/аптаға дейін;

      1. сертификаттау циклда 108 сағат/2аптадан 54\1\сағат/аптаға дейін;

Оқу аптасының ұзақтығы 54-тен 60 сағатқа дейін, оның ішінде 36-дан 40-қа дейін аудиториялық (академиялық) сағат, 18-20 – тыңдаушының өзіндік жұмысы. 1 академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутты құрайды.
202. Біліктілікті арттыру және қайта даярлау циклдерінде оқудың (таңдау компоненті) тақырыбы мен ұзақтығын ұйым өз бетінше немесе төменде ұсынылған негізгі тақырыптардан (бағыт) таңдайды.
«Стоматология (тіс дәрігері, дантист, стоматолог ассистенті)» мамандығы бойынша біліктілік арттыру мен қайта даярлау циклдерінде (таңдау компоненті) даярлаудың негізгі тақырыптары (бағыттары) мыналар:
«Стоматологиядағы менеджмент»;
«Пародонт ауруларының алдын алу және емдеудің заманауи әдістері»;
«Тісжегі мен оның асқынуларының диагностикасы, профилактикасы және емдеу»;
«Ауыз қуысы жеке және кәсіптік гигиенасының әдістері»;
«Стоматолог ассисентінің АИТВ/ЖИТС профилактикасындағы рөлі»;
«Стоматологиядағы онкологиялық аспектілер»;
«Қазіргі заманғы эндодонтия;
«Стоматологиядағы инфекциялық бақылау»;
«Алынатын пластиналық протездерді жасаудың заманауи құрылғыларының ерекшеліктері мен технологиясы (алынатын протездерді термопластиналық материалдан жасаудың инжекциялық жүйесі)»;
«Алынбайтын протездерді жасаудың заманауи конструктивтік ерекшеліктері және технологиясы»;
«Металдық-керамикалық (металсыз) тіс протездерін жасау технологиясы»;
«Тұтастай құйылған бюгельдік (құлыппен бекіту жүйесі бар) протездерді дайындаудың заманауи технологиялары»;
«Тісті-техникалық құю өндірісі» және т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет